Microsoft Excel дегі мәліметтер базасы
Сабақтың тақырыбы: Microsoft Excel дегі мәліметтер базасы
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Мәліметтер базасы, мәліметтер базасын басқару жүйесі, мәліметтер базасы түсінігі, мәліметтер базасын жіктеу, реляциялық деректер базасының құрылымы, өрістер типтері туралы білімдерін қалыптастыру;
Тәрбиелілік: Жан-жақты болуға, өз бетімен жұмыс істеуге тәрбиелеу.
Дамытушылық: Оқушылардың есте сақтау және зейіндік қабілеттерін дамыту, пәнге деген қызығушлығын арттыру.
Сабақтың түрі: практикум элементтерінің көмегімен демонстрациялау баяндау арқылы түсіндіру.
Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: компьютер, оқулық, интераткивті тақта.
Сабақтың өту барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Үйге берілген тапсырманы тексеру.
ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
Microsoft Excel дегі мәліметтер базасы
Мәліметтер базасы – қолданбалы программаға тәуелсіз, белгілі бір ережелер бойынша ұйымдастырылған мәліметтерді сақтау, сипаттау, олармен әр түрлі әрекеттер жасау принциптері қарастырылған мәліметтер жинағы.
Мысалы, мәліметтер базасына кітапхана каталогін немесе қызметкерлері жайында жинақталған кез келген мекеменің кадрлар бөлімінде жатқан бумаларды, оқушылардың журналын келтіруге болады.
Мәліметтер базасы, негізінен, үлкен ақпаратты сақтауға және оларды іздеп табуға қызмет етеді. Сол сияқты мәліметтер базасына қаладағы дәріханалардың дәрілері жайында, тұтынушының сұрауы бойынша сол дәрінің қай жерде және қандай бағаға сатылатыны жайындағы мәліметтер жатады. Мәліметтер базасының бірінші амалы толтыру, мәліметтер өзгерісінің барлық түрлерін енгізу (мысалы, жаңа дәрілердің түсуі немесе бағасының өзгеруі, т.с.с), қажет мәліметтерді іздеу және іздеуді жеңілдету үшін реттеу.
Мәліметтер базасы (МБ) — белгілі бір қасиеттерге ие мәліметтер жиыны жөнінде жүйелі түрде мәлімет сақтауға мүмкіндік беретін информациялық модель.
Microsoft Excel – дің көмегімен мәліметтер базасын жасауға және редакциялауға болады. Бұл жағдайда электронды кестеге Excel-дегі тізім немесе мәліметер базасы және мынадай термин сөздер қолданылады:
Тізімнің жолы- мәліметтер базасының жазылуы;
Тізімнің бағаны-мәліметтер базасының өрісі.
Бағанның аты бір ғана ұяшықта болуы мүмкін және кестемен жұмыс барысында өріс атымен аталады.
Кестенің А2: F1 аумағын мәліметтер базасы ретінде қарастыруға болады. A, B, C, D, E, F бағандары өріс, ал 3-12 жолдары жазулар деп аталады.
Мәліметтер базасының құрылымдарына шектеулер бар:
- мәліметтердің бірінші қатарында қайталанбайтын жазулар болу керек;
- мәліметтер базасының қалған қатарларында жазулар болу керек;
- өріс (баған) бойынша ақпараттар біртекті, яғни тек сандар немесе тек қана мәтін болу керек.
Кестедегі өлшем бірліктердің қолданылуы:
- орбита бойымен айналу периоды – Жер жылы; Орта сызықтық диаметр – мың километрмен берілген.
- Масса -1024 кг-ға көбейтіледі; Күннен орташа қашықтық –млн километрмен берілген;
Үйге тапсырма беру: Microsoft Excel дегі мәліметтер базасы
Оқушыларды бағалау.