Мәліметтерді реттеу және сүзу

Сабақтың тақырыбы:    Мәліметтерді  реттеу және сүзу

Сабақтың мақсаты:   EXCEL   кестелік процессорында мәліметтер базасымен жұмыс істеу, EXCEL-дегі мәліметтер  базасы. EXCEL-дегі мәліметтерді реттеу туралы түсінік қалыптастыру;

Білімділік:    EXCELкестелік процессорында дерек базасымен жұмысістеу, EXCELдегі дерек базасы EXCELдің мәліметтер базасын өңдеу мүмкіндіктері, мәліметтерді реттеу туралы  білімдерін қалыптастыру;

Тәрбиелік:Жан-жақты болуға, өз бетімен жұмыс істеуге тәрбиелеу;

Дамытушылық:Оқушылардың есте сақтау және зейіндік қабілеттерін дамыту  пәнге деген қызығушылығын арттыру.

Сабақтың түрі:Практикум элементтерінің көмегімен демонстрациялау  баяндау арқылы түсіндіру.

Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар:  компьютер, оқулық,  тақта.

 

Сабақтың өту барысы:

І.   Ұйымдастыру кезеңі.

  1. Үйге берілген тапсырманы тексеру.

ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

Мәліметтерді реттеу

            Мәліметтерді реттеу кез келген  кестенің негізгі амалы болып табылады. EXCEL-де кез келген өзгерту және толықтырудан кейін қажет болған жағдайда мәліметтерді реттеу әрекеті қарастырылған. EXCEL-де бір немесе бірнеше өрістерді реттеуге болады. Мәліметтер базасындағы жазуларды EXCEL –дің дұрыс реттестіруі үшін қай өрісте жаңа жазу болатынын көрсету қажет.   (Мұндай өрістерді ретеу кілті деп атайды).

Мәліметтерді реттеу үшін:

  • кестенің бір ұяшығын белгілеу;
  • Мәліметтер – Реттеу (Данные-Сортировка) командасын орындау;
  • Пайда болған диалогтік терезеде реттеудің шамаларын таңдау керек.

Реттеуі бойынша (Сортировать по) өрісінің тізімінен,  мәліметтері реттелінетін өріс және реттеудің типі таңдалынады:

По возрастанию – сандар өсуі бойынша, ал мәтін алфавит бойынша реттеледі;

По убыванию – кері реттеледі;

Затем по  өрісінің тізімінде мәліметтері реттелетін және бірдей мәндері бар өріс таңдалынады;

Қосымша реттеу Реттеу параметрі (Параметры сортировки) батырмасында  тышқанды шерту арқылы қойылады;

Регистрді ескеру (Учитывать регистр) жалаушасы бас әріп және кіші әріптерді реттеу кезінде қолданылады.

Мәліметтерді сүзу

            Кез келген мәліметтер базасымен негізгі жұмыс істеу дегеніміз – белгілі бір ақпараттарды іздеу болып табылады. Мәліметтер базасы ұлғайған сайын іздеу қиындайды. Excel осындай қиындықты мәліметтерді сүзу арқылы қарапайым түрге келтіреді.

Сүзу (Фильтрация) – мәліметтерді тез тауып, олармен және тізім бойынша жұмыс істеу әдісі.

Тізімді сүзе отырып, таңдау шарттарын қанағаттандыратын жолдарды ғана белгілеуге болады.

Microsoft Excel-де сүзудің екі түрі бар:  автосүзгі және кеңейтілген сүзгі.  Сүзудің  қарапайым шарттары үшін көп жағдайда автосүзгі жабдықтары жеткілікті болады.

Тізімді автосүзгі көмегімен сүзу.  Тізімді  автосүзгі көмегімен сүзу үшін:

  • сүзу тізіміндегі ұяшықты белгілеңіз;
  • мәліметтер менюіндегі Сүзгі (Фильтр) бөлімін таңдап, Автосүзгі (автофильтр) бұйрығын орындаңыз.
  • сүзуді қажет ететін мәліметтері бар қатардың батырмасын басыңыз;
  • қажет мәнді таңдаңыз:  (Барлығы. Алғашқы 10…)

Тізімді екі немесе одан да көп мазмұн  бойынша сүзу үшін Шарт (Условие…)  жолын таңдаңыз.

Автосүзгіні баптау. Төменде келтірілген әдісте тізімнің бір немесе екі шартқа байланысты сүзуі орындалады. Автосүзгіні қолдану  үшін тізім  қатарының тақырыбы болу шарт.

Бірінші шартты орындау үшін салыстыру операторын немесе салыстыру мазмұнын таңдау қажет.

Екінші  шартты орындау үшін ауыстырғышты «ЖӘНЕ» немесе «НЕМЕСЕ» қалпына қойып, салыстыру операторы және салыстыру мазмұны таңдалады.

Автоөшіру үшін Мәліметтер (Данные) менюінен Сүзгі–Автосүзгі (Фильтр-Автофильтр)  командасын таңдау керек. Сол кезде сүзу тоқтатылып, тізім суретке дейінгі қалпына келеді.

 

Үйге тапсырма беру:     Мәліметтерді реттеу және сүзу

Оқушыларды бағалау.