Тізімдерді жасау. Кесте түріндегі мәтінді безендіру
Сабақтың тақырыбы: Тізімдерді жасау. Кесте түріндегі мәтінді безендіру
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:
Оқушыларды кесте жасауға, ұяшықтарды қосуға,
алып тастауға, біріктіруге және бөліктерге бөлуге
және тізім жасауға үйрету. Дамытушылық:
Оқушылардың есте сақтау және зейіндік қабілеттерін
дамыту пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелік:
Уақытты тиімді пайдалануға, жүйелі ойлауға,
ұқыптылыққа, шапшаңдыққа , компьютерлік
сауаттылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа білімді меңгерту,сұрақ-жауап
Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, көрсете – түсіндіру, оқушылар өзін-өзі бағалауы
Сабақтың көрнекілігі: Дербес компьютер, слайдтар, электронды оқулық.
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру (2 мин)
- Оқушылармен амандасу
- Оқушылардың сабаққа қатысуын түгендеу
- Оқушылардың назарын сабаққа аудару
- Психологиялық тренинг
ІІ Үй тапсырмасын тексеру (7 мин)
Таңдайық, таңданбайық-жауабын бірден табайық!
(сұрақ-жауап)
Құжаттарды қараудың қандай режімдері бар?
Экран масштабын қалай баптауға болады?
Құжаттарды қалай басып шығаруға болады?
Құжатты автоматты сақтауды қалай сақтайды?
Құжатты сақтаудың неше әдісі бар?
Ашық тест
Мәтіндік редактор бұл-…. Мәтіндерді теру, редакторлеу және форматтауға негізделген программа (иә)
Мәтіндік редакторда құралдар тақтасы 3 немесе 4.(жоқ)
Мәтіндік редакторды іске қосу әрекеттері 4 (иә)
Мәтіндерді форматтау Формат менюі арқылы жүзеге асырылады. (Иә)
Қаріптің өлшемін таңдау Стандартты құралдар тақтасында орналасқан. (жоқ)
Құралдар тақтасы мен сызғыш Вид менюінде орналасқан. (иә)
ІІІ Жаңа сабаққа кіріспе (3 мин)
Ребус шешу
IV Жаңа сабақ (11мин)
Кесте дегеніміз-жолдар мен бағандарда реттеліп берілген ақпарат. Кесте жолдар мен бағандардың қандайда бір санынан тұруы мүмкін. Жолдар мен бағандар қиылысып ұяшық құрайды. Word мәтіндік редакторында кестелерді 3 түрлі әдіспен құруға болады. 1-әдісі: Бос кестені орналастыру үшін меңзерді қажет жерге апарып, Қою – Кесте – Кесте қосу (Вставка – Таблица – Вставить таблицу) командасын орындау арқылы кесте құра аламыз. Экранда Кестені қою (Вставка таблицы) диалогтік терезесі пайда болады. Онда өзімізге қажет бағандар мен жолдар санын қоя аламыз. Мысалы: 5 баған, 2 жолдан тұратын кестені салайық.
2-әдісі: Қою – Кесте – Кесте қосу (Вставка – Таблица – Вставить таблицу) батырмасын шерту арқылы кесте құра аламыз. Мұнда ашылған терезеде керекті ұяшық сандарын тышқанның сол жақ батырмасын басулы күйінде жылжыта отырып таңдаймыз. Мысалы: 6 баған, 3 жолдан тұратын кестені салайық.
3-әдісі: Қою – Кесте – Кесте салу (Вставка – Таблица – Нарисовать таблицу) командасын орындау арқылы кестені қарындашты пайдаланып, қолдан сыза аламыз. Мысалы: 5 баған, 4 жолдан тұратын кестені сызайық.
Міне, біздер кесте салуды үйрендік.
Енді, кестеміздің бірнеше ұяшығын бір ұяшыққа біріктіруді және бір ұяшықты бірнеше ұяшыққа бөлуді үйренейік. Бірінші жағдайда ұяшықтарды белгілеп алып, Кесте – Ұяшықтарды біріктіру (Таблица –Объединить ячейки) командасын орындаймыз немесе Кесте және шекара ( Таблицы и границы ) тақтасындағы батырманы шертеміз. Ал, екінші жағдайда Кесте – Ұяшықтарды бөлу (Таблица –Разбить ячейки) командасын орындаймыз немесе батырмасын шертеміз. Осы кезде Ұяшықтарды бөлу диалогтік терезесі ашылады. Онда бағандар мен жолдар саны мәндерін енгіземіз де Ok батырмасын шертеміз.
Мысалы: 1.Соңғы кестеміздің бірінші жолындағы ұяшықтарды біріктірейік.
- Осы жолды 4 баған, 2 жолға бөлейік.
Кестеге элементтер ( жол, баған, ұяшық ) қосу үшін кез-келген ұяшыққа тышқан нұсқағышын апарып, оң жақ батырмасын шертіп, динамикалық мәзірді шақырамыз. Онда бағанның сол жағы, бағанның оң жағы, бір жол жоғары, бір жол төмен, ұяшықтар пункттерінен керегін таңдаймыз.
Кесте элементтерін өшіру үшін оларды белгілеп, Макет — Өшіру командасын орындап, кесте, баған, жол, ұяшық пункттерінен керегін таңдаймыз. Кесте ішіндегі қозғалыс тышқан нұсқағышының көмегімен немесе пернелер көмегімен: , , , , Tab, Shift+Tab орындалады.
V Жаңа сабақты бекіту.
Деңгейлік тапсырмаларды орындау.
І. Міндетті деңгей.
1) Қою → Кесте → Кесте қосу (Вставка → Таблица →Вставить таблицу) командасын орындау арқылы кесте құрыңыз.
2) Тапсырма: 6 бағаннан 4 жолдан тұратын кесте құрыңыз.
ІІ. Лайықты деңгей.
1) Қою → Кесте →Кесте қосу батырмасын шерту арқылы кесте құрыңыз.
2) Тапсырма: Қазақстанның 4 қаласының халқы туралы мәліметпен кестені толықтыру.
Р/с | Облыс | Қала атауы | Халық саны |
1 | Оңтүстік Қазақстан | Шымкент | |
2 | |||
3 | |||
4 |
ІІІ. Жоғары деңгей.
1) Кестені қолдан сызып шығу.
Қою → Кесте → Кесте салу (Вставка →Таблица → Нарисовать таблицу) командасын орындау арқылы кесте құрыңыз.
2) Тапсырма: 1-нші жолдың 2,3,4,5-нші бағандарын біріктіріп, 2,3-жолдың 2-нші бағанның 2,3-нші жолдарын біріктір
VI Сергіту жаттығулары (2 мин)
Қол саусақтарына арналған жаттығулар
Алақанды уқалау.
Қолды қысу
Білезіктен айналдыру
Көзге арналған жаттығулар.
Көзді бірнеше рет жыпылықтату.
Көзіңмен ақырын оң жаққа, жоғары, солға, төмен қарай 3-4 рет айналым жаса.
VII Жұмбақ шешу
Жұмбақтың шешімін 3тілде жазу.
1.Тұрады ол жолдармен бағандардан,
Және тұрар ұяшықтар ағымынан.
Кәне ойланып көрейік ол не екен,
Баған менен жолдарды қиылыстырған.
(Кесте, Таблица, Table)
- Кестенің бір негізгі элементі,
Көлденең ұяшық құру қызметі.
Ұяшық емес, баған емес ол не екен?
Кестенің негізгі болған қызметі.
(Жол, Строка, Line)
- Тіктөртбұрышқа ұқсайды,
Елемей кетуге болмайды.
Бағанменен жолдардың қиылысы,
Кестеде қай элементті құрайды.
(Ұяшық, Ячейка, Stage)
VIII Үйге тапсырма. (2 мин)
- Тізімдерді жасау. Кесте түріндегі мәтінді безендіру
- Шығармашылық тапсырма: Сабақ кестесін құрып келу
IX Бағалау. (2 мин)