Фонограф программасы
Сабақтың тақырыбы: Фонограф программасы
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларды мультемедиа бағдарламаларының жұмысымен таныстыру,
дыбыс жазу мен ойнатуға үйрету;
Тәрбиелілік: Оқушыларды тәрбиелікке,ұқыптылыққа, тиянақтылыққа үйрету;
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, логикалық – абстракциясын дамыту.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: компьютер, инт.тақта. презентация слайд
Сабақтың өту барысы:
- Оқушыларды ұйымдастыру.
- Үйге берілген тапсырманы тексеру.
- Жаңа тақырыпты түсіндіру.
- Тапсырмаларды орындау.
- Сабақты бекіту.
- Үйге тапсырма беру.
Жаңа түсініктер:
Фонограф программасы
Фонограф – бұл дыбысты жазуға және ойнатуға арналған бағдарлама. Ол компьютерге сөздер мен музыканы енгізетін құрылғысы оның көзі болып табыатын дыбыс сигналдарын өңдейді. Дыбыс енгізу құрылғысы – микрофон.
Іске қосу. – пуск – программы-стандартные-мультимедиа-фонограф.
Оның терезесінде төмендегідей батырмалар бар:
1.Бас жағына өту
2.аяқ жағына өту
3.ойнату
4.тоқтату
5.жазу
Ақпарат WAV кеңейтілуі бар файлға жазылады.
Компакт – дискідегі бағдарламаларды орнату мен іске қосу
Кейінгі кезде компьютерлік бағдарламалар компакт-дискілерде таратылады. Бұл қолданбалы бағдарламалар, операциялық жүйелер, ойындар және т.б. болуы мүмкін. Кейінгі дискілердің көбі автоматты түрде іске қосылады, яғни дискіні СД-РОМ-ға қойсақ болды әрі қарай іске қосу автоматты түрде жүреді.
Үйге тапсырма: Фонограф программасы.