Ауылым – алтын бесігім.

Сабақтың тақырыбы :      Ауылым – алтын бесігім.

 

Сабақтың мақсаты: А)Оқушыларды Ақдала ауылының

тарихымен таныстыру.

Ә)Туған жеріне,   еліне деген сүйіспеншілік сезімін

қалыптастыру.

Б) Туған жердің қадір-  қасиетін ұғынуға, өз ойларын

жүйелі   түрде жеткізе білуге, сөйлеу

мәдениетіне үйрету.

Сабақтың әдісі:    Жаңа технология элементтерін қолдану

Көрнекілігі:          Интерактивті тақта, бүктеме қағаз.

 Сабақтың барысы:

І Шығармашылық жұмыстар

(Оқушылардың ауыл, туған жер туралы жұмыстары)

ІІ. Ой қозғау («Ауыл», «Алтын бесік», «Туған жер», «Ауыл кімдердің мекені?» деген тақырыптар аясын түсіндіру

ІІІ. Тарихыңды танып біл

(Ауылымыздың тарихын баяндау)

Аружан: «Қазақ деген мал баққан елміз,

Ешкімге соқтықпай жәй жатқан елміз,

Жерімізді жау баспасын деп,

Елімізден құт-береке қашпасын деп,

Найзаға үкі таққан елміз» — деген  екен рухы мәңгі өлмейтін «Қазыбек би.»

Әлия:  Біздің Отанымыз – Тәуелсіз Қазақстан! Қазақстан дегенде көз алдымызға кең байтақ дала, шексіз жазира дала елестейді. Яғни дала бейнесі көз алдыңа келеді. Бұл кең дала – қазаққа қымбат дала.

Жүрегім, жырым сенікі,

Кеңісті далам, кең далам.

Тудым, өстім есейдім …

Ен далам – анам, мен балаң!

 

Ән:

І. Шығармашылық жұмыстар:

 

1). Айдана:  Ауылым Ақдалам құт дарыған

Өзіңе жете ме бар ғалам.

Өзімдей жас өрендер туып өскен,

Айналдым киелі қара топырағыңнан.

Халқыңның ырысына айналған

Егініді аймағы желеген жайған.

Дән егіп терлеген шаруалары

Күз келгенде астығын жиғаг.

Көгінде күні жарқыраған.

Ақ жүрек адамдары аңқылдаған.

Томатты зауыты ашылып

Шаруа адамдардың жүздері жарқыраған.

Жақсылықты тере берсем көп екен-ау

Жаңа  мектеп жас өренге білім берген

Білімді жастарымен көркейетін

Мақтанамын киелі Ауылымнан.

 

2) Әлия:     Ақдала туған елім, туған жерім,

Ешқандай ел жетпейтін менің жерім.

Жазық дала, кең дала жайылымды.

Адамдары сыпайы, қаайырымды.

Суы қандай тәтті су бал татыған,

Буы қандай ыстық су шай қайнардай.

Зауыыты бар қызанақ  өңдейтін

Мектебім бар зәулім сарай мақтанардай.

Көлім бар, сазан, табан балығы бар.

Төлім бар қаракөл қой мақтанарлақ

Егінім бар алуан түрлі ақ мақталық

Міне осындай ауылым менің мақтанарлық.

 

3) Аяулым: Туған жерде асыр салған

Біз ұланбыз өрімдейміз.

Біз ұланбыз еңбек құмар

Өнер десе ерінбейміз.

4) Роман:  Жайқалған шалғын

Қазына толы.

Толассыз қарқын

Маңыраған малы

Байлығы тасқын

Арманы асқан

Бақытты ауыл  Ақдалам…

 

ІІ. Ой қозғау:

Бақдаулет:

Менің ойымша ауыл әр адамның ата-тегінің бесігі, арқа сүйері, балалық шақтың мекені. Атамекенге деген махаббат, атамекенге деген сағыныш ауылдан басталса керек.

 

 

Құндыз:

Қазақтың хандары мен батырлары, ғалымдары, ғылымдары мен қаламгерлері осы ауыл даласынан қанат қағып қияға ұшқан.

Асылбек: Қазақтың ұлы ақыны Абай, ұлы жазушы Мұхтар ауылдан шықса, батыр Бауыржан Момышұлы ауыл баласы

 

Ердос:

    Осы кең даладан тұңғыш ғарышкер ұшырылды, Қаһарман батыр Қасым Қайсенов, тіпті елбасымыз Нұраға да осы ауыл баласы.

Жұлдыз: Ауыл десем, мал елестер көзіме

Ауыл десем, дән елестер көзіме

Ауыл десем ер саламын құр атқа

Ауыл десем, ән елестер құлаққа

 

 Би:

ІІІ. Тарихыңды танып біл

Мөлдір.

Ақдала кеңшары 1964 жылы  «Қаракөл қой» совхозы болып құрылды. Жаң қызметке орналасқан Сейітбеков Жәутік ағамыз. Ол кісінің атында көше бар.

Бақберген.

1968 жылы Алиев Қалтай  директор болды. Совхоздың аты өзгертіліп «Асыл тұқымды қаракөл қой совхозы»  деп аталынды.

Бекзат.

1972 жылдан 1974 жылға дейін Табиров Мүсіратіллә деген азамат басқарды.

Хализа.

1974жылдан 1984 жылға дейін  Әлібеков Серік.

1984-1985 ж.ж. Жепаев  Мырзахан.

1985 – 1991 ж.ж. Дүйсебаев Дәрбіш.

1991-1992 ж.ж. Сарықұлов Исатай

1995 – 1997 ж.ж.  Әділбеков Бәкір

1997 – 2000 ж.ж. Назаров Тасболат

Аружын.

2000 жылдан бері қарай Хасенов Даулет «Ақдала» қазыналық кооперативтік шаруашылығын басқарды. Шаруашылықтың негізгі бағыты мал және егін шаруашылығы. Мал шаруашылығы: қаракөл қойы, жылқы, түйе  өсірілді. Егін шаруашылығы: бидай, мақта, жүгері, бау-бақша дақылдары, жоңышқа.

Бердіхан.

1997 жылы 27 шілдеде Республикалық, мемлекеттік, қазыналық Ақдала бірлестігі болып аты өзгертілді. Ақдаланың жалпы жер көлемі 107.888 га. Шаруашылықтың негізгі бағыты мал және егін шаруашылығы.

 

 

Динара.

«Бірінші байлық денсаулық» ауылдық дәрігерлік амбулуаториямыз  жұмыс жасайды. Онда  Сәрсенбай Мелдешов атамыз бас  дәрігер болып қызметті бастаған болатын. 1998 жылы С.Мелдешов зейнеткерлікке шығуына байланысты, қазіргі кезде Алма Есіркепова апай  бас дәрігер қызметін атқарады. Ауылымызда байланыс бөлімшесі мен почта жұмыс істейді.

 

 

Мадина.

Ақдала ауылдық окргу әкімшілігі 1964 жылы «Ақдала» ауылдық округ  Кеңесі Атқару Комитеті болып құрылды. Ақдала ауылдық округ әкімшілігінің председателі болып Тұралхан Төрегелдиев атамыз қызмет атқарды. 1983 жылы Мұпратбеков Үсей атамыз ауыл әкімі болып қызмет етті.

Аяулым.

1991 ж. – 1993 ж. Бостандық жакеев ауыл әкімі болды. 1994 ж. қаңтар айынан бастап «Ақдала» ауылдық округ әкімшілігі болып  қайта құрылды.

Венера.

2003ж. желтоқсан айынан бастап «Ақдала» ауылдық округ әкімі болып Әділбеков Бәкір ағамыз қызмет атқарды. Бәкір ағамыздан кейінгі жылдары Әділбеков Нұралы қызмет атқарды, қазіргі кезде ауыл әкімі Сапар Дәрібаев ағамыз. (бейне көрініс )

 

Жанболат.

     «Жаңа Ақдала» ЖШС 2008 жылы іске қосылды. Сол кезде қызанақ 141 гектар жерге егілді. Көкөніс тамшылатып суару әдісімен өсірілді. 800 тоннадан астам өнім жиналды.

2009 жылы 22 – қыркүйекте Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаев ауылымыздағы «Жаңа Ақдала» ЖШС жұмысымен келіп танысты.

Әлішер.

       Биылғы жылы «Жаңа Ақдаланың» егістік алқаптары 1000 гектарға дейін ұлғайды. Оның 700 гектарына қызанақ, 150 гектарына  бақша дақылдары және тағы  150 гектарына әртүрлі көкөніс егілді.

Ауылымыздан  200 жергілікті тұрғындар жұмысқа тартылды. «Жаңа Ақдала» ЖШС директоры Қайрат Тәжітаев. 2009 жылы мұнда қызанақты өңдейтін зауыт салынып, пайдалануға берілді.

Қазіргі таңда  Жаңа Ақдала ЖШС директоры Смайлов Асқар

Диана.

Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев Арыс ауданы Ақдала елді мекеніндегі «Жаңа Ақдала  агрофирмасы» ЖШС-нің жылына бес мың тоннаға дейін томат  сықпасын шығаратын зауыттың ашылу салтанатына қатысып, кәсіпорын өнімдерімен  танысты.

Ән:

Қорытынды: