Ұнатам күзді мен

Бекітемін:

Күні,айы,жылы:

Класы: 2 «А»

Сабақтың тақырыбы: Ұнатам күзді мен

1.Оқушыларға берекелі күз туралы,күз байлығын таныту;

2.Оқушылардың ой-өрісін,есте сақтау қабілетін дамыту;

3.Еңбек адамдарын құрметтей білуге,еңбекпен келген асты қадірлей білуге ,еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі:интерактивті тақтамен презентация көрсету,жеміс-жидектер мен көкөністер,бидай мен қаңбақ макеті.

Сабақтың түрі:тәрбие сағаты.

Сабақтың барысы

Ұйымдастыру сәті.

Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: «Ұнатам күзді мен».

Оқушылар қонақтарды «сары алтындай сары күз»әнімен,тақпақтарымен қарсы алады.Бүгінгі тәрбие сағатымыз  ерекше өткелі тұр.Біз бүгін екі топқа бөлініп

жарысып білімізбен өнерімізді байқатамыз.

1-топ.Жемістер.

2-топ.Көкөністер.

«Алтын күздің» төмендегідей тапсырмаларын орындап көрейік.

  1. «Жемістер» тобынамына өлең шумағы кімнің өлеңінен алынған?

Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан

Күз болып дымқыл тұман жерді басқан

Білмеймін тойғаны ма тонғаны ма

Жылқы ойнап ,бие қашқан,тай жарысқан…(Күз.Абай.)

  1. «Көкөністер» тобына:

 

Дала жатыр демалып,

Үлестіріп жемісін.

Дүниедегі ең алып

Осы дала мен үшін. ( Күзгі дала.Тұманбай Молдағалиев)

 

2.Ойнайық та, ойлайық… «Жеміс теру» ойыны.

 

1.Жерде жатып желіндейді,

Күз түскенше желінбейді.

Үндеместен төлдеп жатыр,

Су беріңдер шөлдеп жатыр. (Асқабақ)

 

2.Жаздай інге тығылып,

Жатқан қызыл түлкіні.

Құйрығынан суырып,

Әкелді әжембір күні.  (сәбіз)

 

3.Жайлы ,жұмсақ төсегім,

Домаланып өсемін.

Қабат-қабат тоным бар,

Қалай оны шешемін. (Орамжапырақ )

 

4.Аспай піскен,

Қайнамай түскен.(Жеміс)

 

5.Көк лағым көгенде жатып семіреді.(қарбыз)

 

6.Бақтарда балбырап,

Тұрады албырап.

Уылжыған уыздай,

Алма емес ол бірақ. (шабдалы)

 

7.Ұзын мұртты сарылар,

Қойынында дәні бар.(бидай)

 

8.Алыстан көрсем ақ тас,

Жақыннан көрсем-дәмді ас. (Күріш)

 

3.«Сиқырлы сөз».

Асықпаймыз,саспаймыз,

Ұшқыр ойға бастаймыз.

Тақтадағы сөзден

Бірнеше сөз құраймыз.(ҚОЛШАТЫР)

ҚОЛШАТЫР:қол,от,,шар,шатыр,шақ,қар,лақ,ол,тор, тал,ал, тар, торла.

 

4.Ойлан да, аяқта…

Ойланбастан басқасын,

Жазып қойма  бұл жерге

Керек сөзді тауып жаз

Уақыт берем сіздерге.

 

Мақал-сөздің мәйегі.

Отан —  оттан да  …………………

 

Денсаулық –зор………………….

 

 

Күш білімде, білім………………….

 

Еңбектің наны тәтті,жалқаудың…………………..

 

Еңбек –бақытқа ……………………..

 

Ас атасы-…………………….

 

Еңбек түбі-………………………..

 

Нан болса, …………………болады.

 

5.Өнер сайысы.

Шыңдап тұрған шынардай арманы бар,

Өнерлерін көрсетсін ұл мен қыздар.

  1. «Бидай мен қаңбақ» мысал сахналау.
  2. «Алмалар» биі.

 

Сабақты қорытындылау.Жеңімпаз топты марапаттау.

Ойын толқын жатқандай асып-тасып,

Біреу мығым,біреулер шалыс басып.

Бұл ойыннан өтеді ғұлама ойлар,

Жеңсең де , жеңілсең де қалма жасып.