Әкем мен шешемнен,үлгі алып өсем мен.
Тақырыбы: Әкем мен шешемнен,үлгі алып өсем мен.
Мақсаты:
1.Оқушыларға тәрбие сағатының мақсатын таныстыра отырып,отбасындағы сыйластық туралы ұғымды түсіндіру.
2.баланы жан-жақты,өз елінің, халқының қамын ойлайтын, ата-анасын, жора-жолдасын сыйлай білетін, азамат тәрбиелеумен қатар, ата-ана мен баланың арасындағы сыйластықты күшейту;
3.Отанына,еліне жеріне ұлтына, ата-ананы құрметтей білуге баулу.,ата-бабамыздың әдет-ғұрпын қастерлеуге тәрбиелеу.
Түрі:тәрбие сағаты.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың партада дұрыс отыруын қадағалау,зейіндерін сабаққа аудару.
Ата-асқар тау,
Ана-бауырындағы бұлақ.
Бала-жағасындағы құрақ.
1-стратегия:
Сыныпты топқа бөлу.
1-топ: «Ұландар»
2-топ: «Ардақтылар»
1.Ұландар тобына:
Балам менің бал бөбегім,
Өмірімнің жалғасы.
Ол үшін мен ой толғанам,
Шегініп сен қалмашы.
2.Ардақтылар тобына:
Ей, ардақты ата-аналар
Келші бүгін жарысайық.
Біздерменен бақ сынасып,
Әперші ұпай өз балаңа.
3.Әділқазылар алқасы:
Әділқазы болды менің,
Достарым мен ата-анасы,
Сендік саған жан –жолдасым,
Әділдікпен бағалашы.
2-стратегия:
Тірек сызбамен жұмыс.
Аяулы менің анашым… (осы сызбаны толтырады).
3-стратегия:
Топтастыру.дана халқымызда «Қызды қырық үйден тыю». «Ұл-он үш жасында отау иесі»бала тәрбиесі туралы ата-аналармен ой бөлісу.
Тәрбие… (сызбаны ата-аналар толтырады)
4-стратегия:
1.Мақал-мәтел орталығы.
2.Жұмбақ орталығы.
3.Ой толғау орталығы.
4.Өнер орталығы.
Сабақты қорытындылау.
Бала тәрбиесіне өте жақсы көңіл бөліп ұстаз жұмысын бағалай білетін ата-анаға алғыс хат жарияланады.
Алғыс хаттар номинациясы:
- «Рахмет сізге, мың алғыс»
- «Ризамыз біз сізге»
- «Қызметіңізге рахмет»
- «Ой бөліскеніңіз үшін рахмет»
Қалған ата-аналарға уақыттырын бөліп келгені үшін ,сабаққа қатысқаны үшін ауызша алғыс айтылады.