Тәрбиелік шараның тақырыбы: «Жұлдызды сәт»
Тәрбиелік шараның тақырыбы: «Жұлдызды сәт»
Шараның мақсаты: Оқушылардың ой-өрісін, есте сақтау қабілетін, логикасын дамыту. Ауызша, жазбаша сөйлеу тілін қалыптастыру, сөздік қорын молайту. Өз-өзіне қызмет көрсету қабілетін арттыру. Туған жері, Отаны туралы түсінігін молайту.
Тәрбиелік мақсаты: Өз біліміне сенуге, сайыста жеңе білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Жұлдызшалар, жапырақтар, плакат, ұсақ моторикаға арналған баулар, сөйлемдер, тапсырмалар.
Шараның жүру барысы:
Жүргізуші: Құрметті сайыскерлер, ұстаздар, жанкүйлер, бүгінгі «Жұлдызды сәт» атты сайысымызға қош келдіңіздер! Әр сайыстың өзінің қатысушылары мен ойын шарттары болады. Ендеше сайысқа қатысушыларды қошеметтеп ортаға шақырамыз.
- Жақсылықов Арманбек
- Байболатов Әділхан
- Масалова Алтынай
- Қойшыбаев Ғалымжан
- Сағидоллаұлы Асылжан
- Құрмангазиева Дана
Сайыстың турлары:
- Өзін өзі таныстыру
- Математикалық есептер
- Өз Отаныңды қаншалықты білесің?
- Пазлдар құру
- Өз-өзіне қызмет көрсету
- Сөздерден сөйлем құрау
Сайыстың шарттары:
Әр дұрыс орындаған тапсырмалар үшін сайыскерлер жұлдызшалар алып, бір қадам алға жылжып отырады, егер тапсырма дұрыс орындалмаса, жұлдызша берілмейді. 2,3,4,5 турларды аз жұлдызша жинаған сайыскерлер ойыннан шығып тұрады. Соңында 6 турда жалғыз 2 сайыскерлер қалып, тапсырмалар орындайды. Тапсырманы дұрыс және тез орындаған сайыскер жеңеді. Әр тапсырманы орындауға 30 секунд беріледі.
Сайыстың әділ қазылар алқасы:
- ППТК меңгерушісі Б.М. Хасангалиева
- ППТК түзеу мұғалімі А.А. Джакубалиева
- ППТК тәрбиешісі Д.Т. Умаргалиева
Психогимнастика «Жылу беру»
Қатысушыларды шеңберге тұрғызып, бір-біріне жылуларын беріп, сәттілік пен жеңіс тілеу.
Мақсаты: Оқушылардың зейінін сайысқа аудару, жақсы көңіл күй сыйлау.
І тур. Өзін-өзі таныстыру
Жүргізуші: Бұл турда әр сайыскер өзі туралы мәлемет береді (туған жылы, мектебі, сыныбы, бос уақытында қандай жұмыспен айналысады, сүйікті тағамы).
(Әділ қазылар алқасына сөз беріледі )
1.Жақсылықов Арманбек — 1 жұлдыз
2.Байболатов Әділхан — 1 жұлдыз
3.Масалова Алтынай — 1 жұлдыз
4.Қойшыбаев Ғалымжан – 1 жұлдыз
5.Сағидоллаұлы Асылжан — 1 жұлдыз
6.Құрмангазиева Дана — 1 жұлдыз
ІІ тур. Математикалық есептер
Жүргізуші: Тақтада 6 қалташалар бар, әр қалташада математикалық есептер, соның біреуінде 1 жұлдызша бар, жұлдызша алған сайыскерге қосымша 1 ұпай қосылады. Сайыскерлер қалташаларды ұнаған нөміріне қарай таңдайды.
(Әділ қазылар алқасына сөз беріледі)
1.Жақсылықов Арманбек- 2 жұлдыз
2.Байболатов Әділхан- 2 жұлдыз
3.Масалова Алтынай- 2 жұлдыз
4.Қойшыбаев Ғалымжан –2 жұлдыз
5.Сағидоллаұлы Асылжан — 1 жұлдыз (сайыста жұлдыз алған жоқ, сайыстан шықты)
6.Құрмангазиева Дана — 1 жұлдыз (сайыста жұлдыз алған жоқ, сайыстан шықты)
ІІІ тур. Өз Отаныңды қаншалықты білесің?
Жүргізуші: Тақтада 6 қалташалар бар, әр қалташада Қазақстан республикасы, өз туған Отанымызға байланысты сұрақтар, соның біреуінде 1 жұлдызша бар, жұлдызша алған сайыскерге қосымша 1 ұпай қосылады. Сайыскерлер қалташаларды ұнаған нөміріне қарай таңдайды.
(Әділ қазылар алқасына сөз беріледі.)
1.Жақсылықов Арманбек — 3 жұлдыз
2.Байболатов Әділхан — 3 жұлдыз
3.Масалова Алтынай — 2 жұлдыз (сайыста жұлдыз алған жоқ, сайыстан шықты)
4.Қойшыбаев Ғалымжан – 3 жұлдыз
Ойын «Таңғажайып қорап»
Ойынның шарты: Әр бала қорапты лақтырып, өзіне сыйлық таңдайды.
1.Жақсылықов Арманбек — чупа-чупс
2.Байболатов Әділхан — шар
3.Масалова Алтынай — қарындаш
4.Қойшыбаев Ғалымжан – қалам
5.Сағидоллаұлы Асылжан — сағыз
6.Құрмангазиева Дана — шоколад
- Алпыспай Ерсултан — чупа-чупс
ІV тур. Пазлдар құру
Жүргізуші: Тақтада 6 қалташалар бар, әр қалташада құрақталған суреттер бар, соның біреуінде 1 жұлдызша бар, жұлдызша алған сайыскерге қосымша 1 ұпай қосылады. Сайыскерлер қалташаларды ұнаған нөміріне қарай таңдайды. Оқушылар құрақталған бөлшектерден толық суретті дұрыс құраулары қажет.
(Әділ қазылар алқасына сөз беріледі)
1.Жақсылықов Арманбек — 4 жұлдыз
2.Байболатов Әділхан — 5 жұлдыз
3.Қойшыбаев Ғалымжан – 4 жұлдыз
V тур. Өз-өзіне қызмет көрсету
Аяқ киімнің үлсі мен бау берілген. Сайыскерлер берілген үлгісі бойынша аяқ киімнің бауын байлау.
(Әділ қазылар алқасына сөз беріледі )
1.Жақсылықов Арманбек — 5 жұлдыз
2.Байболатов Әділхан — 6 жұлдыз
3.Қойшыбаев Ғалымжан – 4 жұлдыз (сайыста жұлдыз алған жоқ, сайыстан шықты)
VІ тур. Сөздерден сөйлем құрау
Сөйлемдегі сөздердің орындары ауысып кеткен, сайыскерлер мазмұнды дұрыс сөйлемдер құрауы қажет.
(Әділ қазылар алқасына сөз беріледі)
1.Жақсылықов Арманбек — 6 жұлдыз
2.Байболатов Әділхан — 7 жұлдыз
Қорытынды
Ойынды қорытындылап, сайыстың жеңіпазын атау.
Байболатов Әділхан — 1 орын
Жақсылықов Арманбек — 2 орын
Қойшыбаев Ғалымжан – 3 орын
Сайысқа қатысушыларды марапаттау.
Жүргізуші: Өз уақыттарыңызды бөліп, сайысты тамашалағандарыңыз үшін көп рахмет!