Көз — көру мүшесі
Сабақтың тақырыбы: Көз — көру мүшесі
Сабақтың мақсаты: А) Оқушыларға біз көзбен заттарды көріп, түсін, пішінін, көлемін ажыратуға, көзбен заттың қозғалысын, бір орында тұрғанын анықтауды түсіндіру.
Ә) Оқушылардың ойлау қабілеттерін, сабаққа деген қызығушылығын арттыру, сөздік қорларын байыту.
Б) Адамзат үшін көздің маңызды екеніне, оны күтуге, қорғауға үйрету.
Сабақ түрі. Жаңа сабақ
Сабақ әдісі. Сұрақ – жауап
Сабақ көрнекілігі. Тақырыпқа сәйкес слайдтар
Сабақ барысы.
І. Ұйымдастыру бөлімі
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
«Кім жылдам» ойыны сұрақтары:
- Суретке қарап жағымды иісі бар заттарды ата.
- Тағы қандай жағымды иістерді білесіңдер?
- Иісті қалай ажыратасың?
- Иіс сезу мүшесінің адам үшін маңызын әңгімеле
- Аңшы аң аулауға шыққанда неге ит ертеді?
ІІІ. Жаңа сабақ.
Біз көздің көмегімен қоршаған дүниені танып білеміз.
Мыс:
1.Айналадағы заттарды ата?
2.Көзді қалай сақтау керек?
3.Көздің пішіні көруге әсер ете ме?
Жұмбақ шешу.
Қос әйнек шыны да емес,
Темір де емес.
Бұзылса оны адам түзер емес,
Кезінде өзі ашылып, жабылады.
Мағынасы қымбат нәрсе, арзан емес. (көз)
- IV. Бекіту
көру
түрін
түсін
заттар көлемін
қадірін
ажырату үшін қажет
Қазақ халқында көзге байланысты тиым сөздерді дәптерге жазу.
- Көзіңді сақта!
- Кітапты жатып оқыма!
- Көзге үшкір заттарды жақындатпа!
- Көзіңді қатты желден сақта!
- Көзіңді шаңнан сақта!
- Көзіңді шақырайған жарықтан қорға!
- Көзіңді оттан қорға!
- V. Қорытынды:
1.Бір қария жерде де емес,
Көкте де емес,
Болғанда түбі терең
Аузы кемес.
Ішіне ит түссе де арам емес.
(көз)
2.Жар қабақты екі бастау
Жапсар тастың астында
Жасыл ала құс жатыр! (көз)
3.Кішкене ғана тостаған
Жер дүниені бастаған. (көз)
4.Ала арқаным, жетпес жер жоқ (көз)
5.Екі бала қатар тұрса да
Бірін – бірі көрмейді. (көз)
Жаттығу:
Сағаттың тіліндей
жоғары қарайық.
Сағаттың тіліндей
төмен бір қарайық
Сағатқа қарап ақ
жаттығу оңай-ақ!
VІ. Бағалау.
VІІ. Үйге тапсырма: Көздің маңызы туралы түсінік айту,
Көздің құрлысы біліп келу.