өмір, айырым белгілерінің және көлік құралдарындағы жазбалардың мақсаты.
Тақырыбы: Нөмір, айырым белгілерінің және көлік құралдарындағы жазбалардың мақсаты.
Мақсаты: а) нөмір, айырым белгілерінің және көлік құралдарындағы жазбалардың мақсаты туралы түсінік беру; ә) оқушылардың танымдық көзқарасын, зейінінің тұрақтылығын дамыту;
б) өмірге деген құштарлықтарын арттыру.
Түрі: аралас сабақ
Әдісі: көрсету, түсіндіру, әңгімелеу
Көрнекілігі: суреттер, газет қиындылары, нақыл сөздер
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі
а) амандасу, түгендеу
ә) сабаққа даярлық
ІІ. Үй тапсырмасы
ІІІ. Жаңа сабақ
а) Жаңа сабақ тақырыбы мен мақсатын таныстыру
ә) Жаңа сабақ материалын меңгерту
Мұғалім: — Енді, балалар, қаламдарыңды орнына қойып, кеуделеріңді, бастарыңды көтеріп түзу отырыңдар. Мен сендерді нөмір, айырым белгілерінің және көлік құралдарындағы жазбалардың мақсатымен таныстырамын. Өздерің жол-көлік оқиғаларыңа тап болмас үшін зейін қоя қарап, тыңдай отырып, жаңа мағлұматтарды естеріңе сақтай отырыңдар.
- Интербелсенді тақтада нөмір, айырым белгілерінің және көлік құралдарындағы жазбалардың мақсаты.
- Нөмір белгілерінің орнатылатын жерлері.
- Автопоезға, қолмен басқарылатын автомобильге, оқу-жатығу автомобиліндегі айырым белгілері.
- Көлік құралын иілмелі сүйретпемен тартып жүргізген кезде тарту тросының таңбалануы.
- Айырым белгілерінің жүргіншілер үшін мәні. Сүйретіп келе жатқан көлік құралының қозғалысы кезіндегі жүргіншілердің сақтық шаралары.
Ү. Сабақты қорытындылау . Өмірде ережеде көрсетілгендей, жазып, сызылғандай мүмкіндіктер бола бермейді. Балалардың арасында ойын ойнап жүріп ойламаған жерден кездейсоқтыққа ұшырап қалатын жайлардың болатынын да ұмытпаңдар.
ҮІ. Үйге тапсырма
- Нөмір белгілері неге қажет ?
- Нөмір машиналардың қай жеріне ілінеді?
- Машиналарға жазылатын, ілінетін тағы қандай белгілерді айтып бере аласыңдар?
- Көліктерді сүйреп жүру тәртібі қандай?
- Көшеден өтудің қауіптілігін қалай түсіндіре аласыңдар?