Жараланған, жарақаттанған және жазатайым жағдайлар кезіндегі алғашқы медициналық көмек көрсету. Зардап шегіп, ес-түссіз жатқандарға алғашқы медициналық көмек көрсету ерекшеліктері.
Тақырыбы: Жараланған, жарақаттанған және жазатайым жағдайлар кезіндегі алғашқы медициналық көмек көрсету. Зардап шегіп, ес-түссіз жатқандарға алғашқы медициналық көмек көрсету ерекшеліктері.
Мақсаты:
а)оқушыларға жараланған, жарақаттанған және жазатайым жағдайлар кезіндегі алғашқы медициналық көмек көрсету, зардап шегіп, ес-түссіз жатқандарға алғашқы медициналық көмек көрсету ерекшеліктері туралы түсінік беру;
ә) оқушылардың танымдық көзқарасын, зейінінің тұрақтылығын дамыту;
б) өмірге деген құштарлықтарын арттыру.
Түрі: аралас сабақ
Әдісі: көрсету, түсіндіру, әңгімелеу
Көрнекілігі: суреттер, газет қиындылары, нақыл сөздер
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі
а) амандасу, түгендеу
ә) сабаққа даярлық
ІІ. Үй тапсырмасы: Жарақаттанғандарға көрсетілетін алғашқы дәрігерлік жәрдемнің түрлері қандай?
ІІІ. Жаңа сабақ
а) Жаңа сабақ тақырыбы мен мақсатын таныстыру
ә) Жаңа сабақ материалын меңгерту
Мұғалім: — Енді, балалар, қаламдарыңды орнына қойып, кеуделеріңді, бастарыңды көтеріп түзу отырыңдар. Мен сендерді жараланған, жарақаттанған және жазатайым жағдайлар кезіндегі алғашқы медициналық көмек көрсету, зардап шегіп, ес-түссіз жатқандарға алғашқы медициналық көмек көрсету ерекшеліктерімен таныстырамын. Зейін қоя қарап, тыңдай отырып, жаңа мағлұматтарды естеріңе сақтай отырыңдар.
- Интербелсенді тақтада жараланған, жарақаттанған және жазатайым жағдайлар кезіндегі алғашқы медициналық көмек көрсету шаралары.
- Жарақаттанғандарға алғашқы дәрігерлік жәрдем көрсету жарақаттанған жерді тазалап, оны ластамаудан басталады.
- Мүмкіндігінше жарақаттанған жердегі киімдерді шешіп немесе жыртып тастап тазартуға болады.
- Жарақатты асқындырып алмау үшін оның айналасын жуып, қолда бар дәрі-дәрмекті пайдалану керек.
- Сүйек сынған болса, оны қозғалтпай қатты заттарды пайдалана отырып, таңып тастауды ұмытпағаны жөн. Таңып байлау жарақаттың түріне, оның орналасқан жеріне байланысты.
ІҮ.Сабақты бекіту
- Интербелсенді тақтада клиникалық өлім дегенді қалай түсінеміз? Мұндай өлімнің биологиялық өлімнен айырмашылығы қандай?
- Адам ес-түсінен ажырағанмен, оның жүрегі әлсіз соғып тұрғанын, өкпенің тыныс алуын байқауға болады. Мұның бәрінде тыныс алу жиілейді немесе баяулайды, кейде тіпті тоқтап қалуы да мүмкін.
- Мұндайда қан қысымы төмендеп, жоғары көрсеткіші 80-90, төменгісі 0-ге түсіп кетеді. Тері бозарып, денеден мұздай тер шығады. Көздің қарашығы үлкейіп, қараңғы мен жарыққа ешқандай жауап әрекеті байқалмайды. Денесі біртіндеп мұздап, жүрек соғуы мен тыныс алуының тоқтауына әкеліп соқтырады.
- Клиникалық өлім кезінде тез арада жедел медициналық жәрдем көрсетілмесе, ол биологиялық өлімге ұласып кетуі мүмкін.
- Мұндайда жүрекке сырттай массаж жасау және қолдан тыныс алдыру жүйесіне көшкен жөн. Ол үшін «ауыздан ауызға» ауа үрлеу, алақанды жүрек тұсына қойып, 5-6 рет кеудені қатты қысу керек.
- Жүрекке сырттай 5-6 массаж жасаудан кейін 1 рет өкпеге ауызбен үрлеген дұрыс.Осылайша алғашқы тыныс алғанша және жүрек соққанша медициналық жәрдем жалғасқаны жөн.
Ү. Сабақты қорытындылау
- Жараланған кездегі алғашқы медициналық көмек.
- Жаралардың асқынып кетпеуінің алдын алу.
- Таңу және орап байлау түсініктері.
- Бас пен кеудеге, іш пен аяқ-қолға және бұт аралығына зарарсыздандырылған таңғыш салу ережелері.
- Клиникалық өлім туралы түсінік.
- Өкпенің тыныс алуының бұзылуы. Белгілері. Алғашқы көмек.
- Жүректің тоқтауы. Белгілері. Алғашқы көмек.
- Жүрекке сыртқы массаж жасау техникасы.
- Қолдан демалдыру. «Ауыздан ауызға» қолдан демалдыра және жүрекке жабық (тікелей емес) массаж жасай білу дағдылары.
ҮІ.Бағалау
ҮІІ.Үй тапсырмасы
- Клиникалық өлімнің белгілерін білесіңдер ме?
- Ауыздан ауызға» ауа үрлеудің мәнін білесіңдер ме?