Жол-көлік оқиғаларына әкеліп соғатын жол жағдайларын зерделеу.
Тақырыбы: Жол-көлік оқиғаларына әкеліп соғатын жол жағдайларын зерделеу.
Мақсаты:
а)оқушыларға жол-көлік оқиғаларына әкеліп соғатын жол жағдайларын зерделеу туралы түсінік беру;
ә) оқушылардың танымдық көзқарасын, зейінінің тұрақтылығын дамыту;
б) өмірге деген құштарлықтарын арттыру.
Түрі: аралас сабақ
Әдісі: көрсету, түсіндіру, әңгімелеу
Көрнекілігі: суреттер, газет қиындылары, нақыл сөздер
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі
а) амандасу, түгендеу
ә) сабаққа даярлық
ІІ. Үй тапсырмасы:
- Қанша жастан бастап велосипедпен жүруге болады?
- Жолда жүргенде ереженің қандай талаптарын орындау керек?
- Қараңғы мезгілде жүретін велосипедтерге қандай құралдар керек?
- Бұрылатын кезде қолмен қандай белгілер беру керек?
- Велосипедпен жүруде қауіпті болатын жайларды қалай түсіндіре аласыңдар?
- Топ болып жүретін велосипедшілерге қандай талаптар қойылады?
ІІІ. Жаңа сабақ
а) Жаңа сабақ тақырыбы мен мақсатын таныстыру
ә) Жаңа сабақ материалын меңгерту
Мұғалім: — Енді, балалар, қаламдарыңды орнына қойып, кеуделеріңді, бастарыңды көтеріп түзу отырыңдар. Мен сендерге жол-көлік оқиғаларына әкеліп соғатын жол жағдайларын зерделеу
туралы түсінік беремін. Зейін қоя қарап, тыңдай отырып, жаңа мағлұматтарды естеріңе сақтай отырыңдар.
Мектепте оқып үйренген сабақтарыңның мәні мен мақсатын ұғыну, есте сақтап қалу үшін әр уақытта өздерің тұратын қаланың көшелерін аралап, жүріп жатқан жүргіншілерге, автокөліктерге зер салып қарау арқылы ереже талаптарын есте сақтауға болады.
Мүмкіндігінше қала көшелерін өздерің де ережедегідей жүріп араласаңдар, оны тез үйренуге болады.
Реттелетін көшелерге келіп, жүргіншілер мен жүргізушілердің тәртібіне зер салып қарау да ережені үйренудің тағы бір жолы болып табылады.
Реттелмейтін көшеде жол полциясы қызметкерінің қиылыста жүріс-тұрысты қалай реттеп тұрғанына зер салу да пайдалы болмақ.
ІҮ.Сабақты бекіту
- Интербелсенді тақтада жаяу жолда жүру тәртібін зерделеу
Жеке жүрсең:
- Жаяу жолдың оң жағымен жүр;
- Жүгірме, асықпай адымда;
- Жол жиегінен (бордюрден) аттама, оның үстімен жүрме;
- Жаяу жол үстіндегі кедергілерді көлікжолға шықпай айналып өт;
- Жаяу жолдың ортасына тұрма, үйлерге жақын барып тұр;
- Жаяужол үстінде ойнап, алыспа;
- Әлдеқандай затыңды көлікжолға түсіріп алсаң, ересектердің бірінен
жәрдем сұра;
8.Жолаушылар үшін жасаған қоршаудан қарғыма. Оның астынан өтпе
және үстіне асылып отырма.
Топпен бірге жүрсең:
- Қатардан шықпа;
- Алысып ойнама;
- Жүгірме, секірме, итеріспе;
- Шуылдама;
- Мұғалімнің жөн сілтеуіне ғана құлақ ас, басқаларға алаңдама;
- Әлдеқандай затыңды көлік жолға түсіріп алсаң, жаяу жол үстінде тұрып
ересектерден жәрдем сұра.
Ү. Сабақты қорытындылау
- Қала (кент) бойынша экскурсия.
- Көлік пен жүргіншінің қозғалысын, жол полициясының жұмысын бақылау.
ҮІ.Бағалау
ҮІІ.Үй тапсырмасы: Әрқайсысың қалада немесе кентте көрген жағдайларыңды, кімнің қандай қате жібергенін жазып келу.