Желтоқсан -тәуелсіздік бастауы

Тақырыбы: Желтоқсан -тәуелсіздік бастауы

Мақсаты: Оқушыларға 1986 жылғы желтоқсанда алғаш рет бас

көтеріп, демократия жолында құрбан болған

ұл-қыздарымыздың ерліктері жайлы түсінік беру. Тәуелсіздік алғаш

жылдары ішіндегі жетістіктеріміз жайлы мағлұмат беру.

Туған жер, атамекен, Отанға деген сүйіспеншілік пен құрметті     сезінуге

тәрбиелеу

Желтоқсан айы.Желтоқсан мен қараша сол бір он екі  ай.

Кешегі дүркіреп өткен 1986 барыс жылына дейін дүйім қазақ үшін

Желтоқсан атауы жай бір қыс мезгілінің атауы ғана бар еді.

Кейін бұл сөздің мәні, мазмұны да,құлаққа жетер әуені де

мүлде өзгерді

                 

 

 Жас  арудың жанарында – Желтоқсан

Қанды ғасыр табанында – Желтоқсан

Қаралы өмір қайыстырған халқымның

Қара тұман қабағында – Желтоқсан

 

               

Жауыздықты жастаған да – Желтоқсан

Жаңа ғұмыр бастаған да – Желтоқсан

Жазықсыздың көз жасына жуылып

Абақтыға тастаған да – Желтоқсан

 

Нашақор деп,ұлтшыл деп

Қазаққа күйе жаққан күн

Базары кетіп бұл күнде

Қайғыға халық батқан күн.

 

Желтоқсан айы естесің

Дауыл боп бұрқап ескенсің

Азаттық күні қашаннан

Көкейін елдің тескенсің

 

Тарылып жатса даламыз

Қайтіп біз тыныс аламыз

Қақымыз да жоқ айтуға

Әділет қайдан табамыз.

 

Жібердік еркін ат басын

Қиянат жанға батпасын.

Тоқырау таңын күйреттік

Деп “Теңдік күні батпасын”

 

Мен қазақпын,биікпін байтақ елмін

Қайта тудым,өмірге қайта келдім

Мен мың да бір тірілдім мәңгі өлмеске

Айта бергім келеді,айта бергім.

 

Әділдік пен шындықты

Өтірік жала өктем күн

Надан жасаған сұмдықтан

Адамдар азап шеккен күн.

 

Шектеліп ана тіліміз

Оқылмай өлең-жырымыз

Жабылып жатса мектептер

Жадырар қалай күніміз.

 

Бұрқ етті қазақ баласы

Кеудеде өшіп наласы

Алаңға қарай ағылды

Таусылып барлық шарасы.

 

1986 жыл 17 желтоқсанда астанамыз Алматы қаласында

мыңдаған қазақ жастары наразылық білдіріп шеруге

шықты.Олар  “Тәуелсіздік керек Қазақ елінің көсемі        сайлансын”деген тілек білдірді.Көптеген жастар түрмеге     қамалды.Оларға желтоқсанның ызғарлы күнінде зәбір көрсетілді.

Ән: “Желтоқсан желі”.

Түн.Кәдімгі миллиондаған түндердің бірі,бірақ бұл түн өзгеше түн еді.

Себебі,бұл түнде қаланың кез-келген тұсынан ұсталған қазақ           жастарын ұрып, соғып өлмеші халге жеткізді.

Осындай қатыгездікті көрген,оларға араша түсем деп               жүргендердің арасында Қайрат та бар еді.

Көрініс: “Қайсар-Қайрат”.

 

 

  1. Қайрат туралы.
  2. Ләззат Асанова.
  3. Ербол Сыпатаев.

Қақап күннің ызғары

Сүйектен өтіп кеткен күн

Қаракөз қазақ қыздарын

ОМОН-дар бастан тепкен күн

 

Қаншалар итке таланып

Елбасын күрек шапқан күн

Аппақ қар қанға боялып

Қып-қызыл мұз боп жатқан күн.

Ән: “Қара бауыр қасқалдақ”

Бір минут үнсіздік.

 

Әр қазақтың есінде сақталады

Желтоқсандық өрендер ақталады

Ел намысын қорғаған сарбаздарым

Ерліктерің мәңгілік ақталады.

 

Еліңнің осы намысы үшін

Құрбан еттің жаныңды

Мазақ етіп қорлай алмас

Ешкім алмай жаныңды.

 

Тәуелсіздік жемісті ала келді

Көрінер көкжиектен далам енді.

Кім танымас айтсаңшы,айтыңдаршы

Қазақстандай егемен байтақ елді.

 

Тәуелсіздік

Айналайын құныңнан

Түсе көрме тұғырдан

Отаныма мәңгілігің үшін де

Садағаң болсын шыбын жан.

 

Туған жер егеменді тәуелсіз ел

Болашаққа нық басып буынған ел

Көкке өрлеген байрақты желбіретіп

Қуаныш пен шаттыққа қадам басты ел.

 

Он алтыншы желтоқсан

Тәуелсіздік алған күн

Ерекше боп мәңгілік

Ел жадында қалған күн

Жасай берші ұлы күн

Үміті боп елімнің.

Ақ күні боп баланың

Шаттығы боп баланың

Ақ күні боп ананың

 

Он алтыншы желтоқсан

Елдің ұлы мейрамы

Жаңа шыққан көктемдей

Жаз күніндей жайдары

Арымыздай таза күн

Жанымыздай шуақты

Көтерілді биікке

Қазақстан байрағы.

 

Желтоқсан оқиғасы қанша ызғарлы естілсе де ,жанымызға нұр септі.

Мәңгілік егемендікті алып келгеннің арқасында дүние жүзіне танымал ел болдық.

 

Тәуелсіздік бізге оңай келмеді

Жұртым менің не қиындық көрмеді

Жылап тұрып аналарым бұл жолда

Сан перзентін қара жерге жерледі.

 

О,тәңірім бақыт құсы қонып бір

Деп тіледік бізді баққа жолықтыр

Бүгін міне тәуелсіздік алғасын

Әр қазақтың жүрегі боп соғып тұр.

 

Ән: “Елім менің”.