Біз – Тәуелсіз Қазақстан балаларымыз
Тақырыбы : Біз – Тәуелсіз Қазақстан балаларымыз .
Мақсаты : Оқушыларды туған жерін , елін , Отанын
сүюге , қазақ елінің ұлттық нышандарын
қастерлеуге,жерін , оның табиғаты мен
байлық қазынасын қорғауға тәрбиелеу;
Оқушыларды өз елін , жерін қорғап оны
ойлай білетін ұлтжанды , патриот сезімі ұя-
лаған , өз ойын айқын, көркем жеткізе ала-
тын толыққанды жеке тұлға етіп тәрбиелеу.
Көрнекілігі :Қазақстан рәміздері .Қазақстан картасы .
Қанатты сөздер .Мақал – мәтелдер.
Сабақ барысы :
- Ұйымдастыру кезеңі .
- Мұғалім: Отан дегеніміз — әр адамның туып өскен жері , туған- туыстарымен , жақындарымен бірге тұратын атамекені .
«Отансыз адам – қанатсыз құспен тең» демекші ,әр адамның Отаны өзі үшін ыстық.Қазақ елінде тұратын адамдардың Отаны – Қазақстан тәуелсіз Республикасы.1992 жылы Қазақстан Республикасының нышандары бекітілді .Қазақстан тәуелсіздік алған күннен бастап өркениет өріне қарай қарышты қадам басып келеді . Елбасы Н. Назарбаевтың сыңдарлы саясатымен әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіру жолында игілікті істер , ауқымды шаралар жүзеге асып жатыр . Біздің елдігіміздің белгісі болып саналатын – ұлттық нышандарымызды тұмардай танып, қадірлеп, қастерлеуіміз керек . Еліміздің ертеңі, болшағы — сендердің қолдарыңызда. сондықтан білімді , тәрбиелі , іскер , талапты бола отырып, еліміздің өркендеуіне өз үлесімізді қосайық :
1- оқушы : Ендеше қазақстан Республикасы :
Туымен тұғырлы ,
Елтаңбасымен елеулі ,
Әнұранымен айбатты .
2- оқушы : Құлақ түрем елімнің тынысына ,
Мақтанам, қуанамын табысына ,
Елбасы мен халқымыз аман болса ,
Айналар Орта Азия « Барысына»
Мұғалім : Барыс – биік тауларды мекендейтін , өзінің балалығымен , тектілігімен , мәрттілігімен бағаланған аң .
Елбасымыз барыс атауын текке қолданбаса керек .
Қазақстанды орта Азия барысына айналдыру үшін жасалған Елбасымыздың « Қазақстан – 2030 » стратегиялық бағдарламасы бұл күнде құс қанаты талатын кең байтақ өлкемізді шарлап кетті .
Елбасының жолдауы – егемендіктің кілтін ұстап жастардың жарқын болашағына апарар алтын сүрлеу.
3- оқушы : Біз намыскер- қазақ елі ұланымыз ,
Қорғайтын жерді оттан қыранымыз .
«Талап , Еңбек Терең ой , Қанағат , Рақым» деп Абай атамыз айтқан ұланымыз.
4- оқушы : Өзіңдікі елің де ,
Өзіңдікі жеріңде.
Өзіңді өзің еткен бақ-
Тәуелсіздік төрінде .
5- оқушы :Өзіңдікі туың да ,
От пен ауа суың да .
Жаса , Қазақстаным.
Белді бекем буын да .
6- оқушы :Асқар тау да сенікі ,
Бақша бау да сенікі .
Қалтқысыз дос пенен
Қатал жау да сенікі .
7- оқушы: Елімнің аты , жерімнің аты –
Өзіңмен биік, Республикам !
Жақсының аты , ғалымның хаты
Өзіңмен биік Республикам!
8- оқушы: Білімді ұрпақ , білікті маман ,
Беделің сенің Республикам !
Болатын балаң , ары сау адам –
Мерейің сенің , Республикам!
9- оқушы :Бәсеке деген оңай сын емес,
Ұшпасын бағың , Республикам!
Қазақтың атын , қазақтың затын –
Тұмар ғып тағын , Республикам!
10- оқушы : Қазақстан ! Туды алтын дәуірің ,
Алғандайсың жұлдыздардың жарығын.
Ұзақ болсын гүлденген бұл ғұмырың,
Тәуелсіздік құтты болсын айбыным !
11- оқушы: Әуелі Отан – Ана алды , оттың басы ,
Ауыл алды аунаған шөптің қасы,
Сағынғанда тым ыстық көрінеді
Жаста ойнаған үйшік қып сайдың тасы
Ән: «Елім менің».
12- оқушы: Мен өзімнің Қазақстандай елде туылып , осындай елде өсіп келе жатқанымды мақтан етемін . Жарқын болашақ күтіп тұрған менің елімде терең білім алып, Отаныма адал қызмет етіп, елімнің дамуы мен өркендеуіне өз үлесімді қоссам деймін.
13- оқушы:Отан дейміз от жаққан жерімізді ,
Отан дейміз өсірген елімізді .
Отан дейміз туған жер , атамекен,
Биік тау , орман , тоғай ,көлімізді .
14- оқушы:Отан , Отан !
Бәрінен биік екен.
Мен оны мәңгілікке сүйіп өтем.
15- оқушы: Тауды көрсең күн көзімен таласқан
Аспан көрсең ай мен күнге жол ашқан .
Менің байтақ Республикам таулары ,
Менің көгім мөлдіреген сол аспан.
16- оқушы : Дала көрсең көк желекпен ұштасқан .
Көлді көрсең секілді бір түнгі аспан .
Менің байтақ Республикам даласы ,
Менің көлім теңізбен қол ұштасқан .
17-оқушы : Республика ! Ерікті ел – Қазақстан !
Келді ақыры көп күткен жаз алыстан
Келді алыстан аңсатып , армандатып,
Торды бұзған мен де бір арыстан . деп жырлаған -дай тәуелсіздігіміз бізге оңайлықпен келген жоқ .Сондықтан осы тәуелсіздігімізді қадірлей білейік.
Ән: Туған жер .