Туысым- түптамырым
Тақырыбы: Туысым- түптамырым
Мақсаты: Оқушыларды бауырмалдыққа, сыйластыққа, үлкенді
құрметтеуге, кішіге қамқорлық жасауға тәрбиелеу
Көрнекілігі : нақыл сөздер , оқушылар шығармашылығы, тақырыптық
суреттер мен туыстық ағашы
Мұғалім : Қазақтар жүзге, тайпаларға, руларға бөлінгенімен бірін-бірі бөтен санамаған. «Сұраса келе қарын бөле шығамыз» деп аты- жөнін сұрастырып, біліп отыру дәстүрге айналған. Мыңнын түсін білгенше, бірдің атын біл деген сөз осы салтымызға байланысты айтылған. Бұл қазақ үшін бұлжымас қағида . Халқымызда туыстық қатынастардың көптеген атаулары және оның соған лайық жол — жоралғылары да бар. Халықтың сол атауларын, оның сырларын білгеннің зияны жоқ. Ескерте кететін бір жай туыстық қатынас пен атаулар жігіт жағынан көрсетіледі.
Осы орайда бүгін 2 «Ә» сыныбында «Туысым – түптамырым» деген тақырыпта тәрбие сағаты өткелі отыр.Бұл тәрбие сағатын – Туыстар басқосуы деп атасақ та болады. Бүгінгі басқосуда біз ата- аналарымыз, бауырларымыз жайлы айтамыз.Ешкім де туысқан – ағайынсыз емес.Кім болса да адамнан тараған. Сонысымен ол көп жапырақты , тамырлы ағашқа ұқсайды.Туыстар сол бір түбірден өскен, бір ағаштың бұтақтары тәрізді. Сол себептен біздің ата- бабаларымыз « Туысым—түптамырым» деп бекер айтпаған.
Мұғалім:
Отбасының басшысы, сендердің қорғаныңыз,жанұядағы тәртіпті сақтап барлығына басшылық жүргізетін кім?
-Ол Әке
Бауыржан:
Жан әке , сенсің асқар тауым,
Етегінде жайқалған мен бір бауың.
Өр асқақты сезіммен нөсерлетіп,
Құйдырайын толассыз жырмен жауын.
Шығармашылық жұмыс: «Әке туралы ой»
Ән: Әкетайым- әкешім
Мұғалім:Сендерді өмірге әкеліп, түн ұйқысын төрт бөліп, « құлыншағым, ботам, қошақаным» деп еркелететін.Жіберген қателіктеріңді кешіріп, дұрыс жолмен жүруді тілейтін жанұядағы жақын адамыңыз кім?
— Ол Ана.
Жанель
Ана деген алатаудай асқар шың,
Махаббаты қол жетпейтін аспан, күн.
Ананың да аңсайтыны – баласы,
Баланың да аңсайтыны- анасы..
Алмаз:
Дүниеге әкелген ,ол да сенің анашың,
Ақ сүт беріп өсірген , ол да сенің анашың.
Тіл алмасаң кешірген , ол да сенің анашың,
Мәпелеген баласын,аман болсын анашым
Шығармашылық жұмыс. «Менің анам»
Ән: Мама
Мұғалім: Біздің халқымыздың дәстүрі бойынша , бір отбасынан тараған туғандар арасында қарым қатынаста әрқашан бауырмалдық , кішіпейілдік, мейірбандылық сыйластық, туысқандық сезім сақталған.
Ең жақын және жасы үлкен туыс – ағалар, апаларымызға әрқашан да құрмет көрсетілуі тиіс. Себебі бұл үрдіс біздің ата- бабамыздан бері осы күнге дейін сақталған.Үлкен әжелерімізге дейін «менің қайны ағам», «менің қайны апам»
деп отыратыны осы үрдіс екен.
Диас: «Әкемнің ағасы»
Үлкен ұлы атамның-
Қайнағасы апамның.
Ағасын да әкемнің
«Ата « деп мен атадым.
Жұлдыз «Әкемнің інісі»
Ал әкемнің інісін
«Ағатайым» деймін мен.
Ағатайым бұл үшін
Айналады пейілмен.
Мұғалім: Жанұя татулығы мен бірлігін сақтайтын әке мен ана. Көп балалы отбасыларындағы бір шаңырақ астында өсіп — өніп өскен балалар –өз алдына жанұя болып, өніп -өскен ұясынан ұша бастайды. Шаңыраққа ие болып ең кіші ұл қалады. Әке шаңырағын ұстап қалған кіші ұлдың үйі «Қарашаңырақ» деп аталады екен.
Қойылым : «Ақыл мен Байлық»
Нұрқасым:
Біздің қара шаңырақ-
Туысқандардың штабы,
Бас қосады жамырап,
Олай- бұлай ұшқаны.
Дәріс оқып бір ағам
Жүріп жатыр батыста.
Қызметте Құрағам-
Елшілікте АҚШ- та
Нағашы жұрт Оралда,
Оның өзі – бір әулет
Келгендерден оларға,
Сәлем жолдап тұрам көп.
Өскеменде бір туыс,
Екі туыс Тәшкенде
Қаскелеңде бір туыс,
Үш- төрт туыс Мәскеуде.
Абылай: Жиен
Жан апамның атасы
Көкесі мен апасы,
Сіңлісі мен әпкесі,
Інісі мен ағасы-
Ұл- қызына апамның
Түгел бәрі нағашы
Қолды етсек те жылқысын,
Жазықсызбыз, еренбіз.
Бұл нағашы жұрт үшін
Өйткені біз жиенбіз.
Нағыз қазақ
Жиені
Не істесін төтеннен,
Қың демеген біреуі,
Еркелетіп көтерген.
Шыңғыс:
Әсте баласынбаған,
Әзілмен жер соқтырған.
Сөйтіп, сізді шыңдаған,
Артық қызық жоқ бұдан.
Шексіз сүйіп тыңдар ең,
Әзіл – менің азығым.
Аңсап келем мұнда мен
Нағашылар әзілін.
Ықылас: Нағашы жұрт.
Үйдің жақсы болмағы-
Ағашынан.
Жігіттің жақсы болмағы-
Нағашыдан.
Еске алмай мұны жүруге
Бар ма шыдам?
Нағашымды ойлап күніге
Аласұрам.
Глдана.Төркін.
Туған жерін – төркінін
Сағынады жиі апам.
-Бізге жиі кел , күнім,-
Дейді барсам Нұратам.
Онда апамның тұрады
Туған әже, атасы.
Өмірінің шуағы
Туған әке , апасы.
Туысының барлығы
Тұрып жатыр сол жерде.
Қуанады әрбірі
Жан анамды көргенде.
Туған ауыл, даласын
Сағынса апам, таң қалма.
Туған ата- анасын
Сағынбайтын жан бар ма?
Қанат .Бөлелер.
Нағашы әпкем-
Шегенннің
Анасы ғой білемін.
Келген сайын өнерім,
Күшім тасып жүремін.
Бірімізді біріміз
Шексіз жақсы көреміз.
Бірімізге біріміз
Өйткені біз бөлеміз.
Диас. Қарындасым:
Қарындасым төртте әлі
Өзі тіпті сүйкімді –ақ
Қызық оның қорыққаны,
Күлгені де шиқылдап.
Жүрмейді ыбылжып,
Ширақ тіпті қыз бала.
Қадірлесін мұны жұрт.
Қадірлемей біз ғана.
Жантілек. Іні
Іні- маған –
Дүниеге
Менен кейін келген ұл.
Өссе екен бұл неме
Ер боп
Шашып елге нұр.
Бекетай .Жеңге.
Ағатайдың зайыбын,
«Жеңеше» деп сыйлаймын.
Ал мен оған қайынмын,
Жақын болар мұндай кім?
Еркелеймін мен оған
Езуімді жия алмай .
Емес менің ол анам
Сырласамын ұялмай.
Мүмкін емес жоламау,
Жеңгем менің ақылды.
Сыйлағаны болар- ау,
Атамайды атымды.
Ал мен үшін жақсы ырым-
Жеңгем қойған есімім.
Ата – баба дәстүрін
Сақтап жүрсе , несі мін?
Балалардың жеңгелері қойған аттарынан мысал келтіру.
Алмаз :Құда бала.
Құмармын мен ән- жырға,
Той – думанға көп барам.
Жеңешемнің аулында
Құда бала боп қалам.
Қуанамын,
Нұр төгіп,
Құда деген ат маған.
Құда болып үлкейіп
Қалғаныма мақтанам.
Назерке. Құдаша
Келіп еді апамның
Әпкесі мен сіңлісі.
Құрақ ұшты атамның
Туысының күллісі.
Әжем және ұл-қызы
Құдашалай береді.
Былай қалып жұлдызы-
Ай мен күнге теңеді.
БИ: Кішкентай
Ислам: Жамағайын
Зерек жаттап қуанар
Жамағайын мыналар:
Сұқ саусағым- жүрежат
Ортаң қолың – жекжат,
Аты жоғың – жұрағат,
Шынашағың- жамағат
Индира Немере ағайын.
Ал немере ағайын
Кімдер екен санайын
Сен де ұғып ал тыңда да:
Бас бармағың – бұл бала
Балаң үйрек- немере
Ортан терек- шөбере
Шылдыр шүмек- шөпшек те,
Кішкене бөбек – немене.
Ағлен: Текті бала
Баласың ба сен текті-
Жеті атаны білесің.
Ұрмай –соқпай тентекті
Сеспен тиып жүресің
Не айтсаң да көнеді,
Сенде ердің сұсы бар.
Сенде көкем себебі,
Жеті атаның күші бар.
Жансая:
Емессің сен кембағал
Сөзінің жоқ татуы,
Текті сің ба сенде бар
Жеті атаның ақылы.
Сен айтпайсың өтірік,
Ешкімнен де қыңбайсың.
Қалмайсың сен опынып
Ата- анаңды тыңдайсың.
Мұғалім: Қазақта мынадай нақыл сөз бар: «Жеті атасын білмеген- жетесіз» деген. Араларыңда жеті атасын білетін балалар бар ма?
(Балалардың жеті атасы туралы тыңдау)
Тренинг:ӨРМЕК
Әр адам туыс, бауыр.Бұл тренинг барысында бастаушы бала бір туыстық атауды атайды да ,сұқ саусағына өрмек жібін орап, келесі балаға жалғастырады.Осылай барлық бала бір туыстық атаудан айтып, өрмек жібін жалғастыра береді. Соңында бастаушы балаға береді.Соңында сынып оқушылары қолдарын жоғары көтергенде бір- бірімен байланысқан әдемі өрмек пайда болады.Бұл өрмекті адамдар арасындағы туыстық байланысқа балауға болады.
.
Асхат: Он бес ұрпақ есебі
Бай болмасам ақылға,
Айтуымен атамның ,
Жаттар ма едім жақында
Он бес ұрпақ атауын.
Дұрыс па әлде қате ме,
Мен айтайын санашы.
Болады екен әкеге
Бірінші ұрпақ- баласы
Екіншісі- немере,
Үшіншісі- шөбере,
Төртіншісі- шөпшегі,
Бесіншісі- немене
Алтыншысы- туажат,
Жетіншісі- жүрежат
Сегізіншісі –жекжаты,
Тоғызыншысы- жұрағаты,
Оныншысы- жамағат,
Он бірінші — өркені,
Он екінші- әулеті
Он үшінші- зәузаты,
Он төртінші- жанары,
Менің әкем болады,
Он бесінші- ғұмыр нәрі.
Жырлаушымын ,қалыспан,
Жаттаппын мен мұның бәрін
Арқасында намыстың.
Мұғалім:
Ата (ер) — әкенің әкесі. Жеті атадан санағанда үшінші ұрпақ. Ел – жұрт «ақсақал» деп құрмет тұтатын қадірлі ел тұтқасы. Мұндай кісілер төрде орын алады, оларға әрқашан құрмет көрсетеді.
Жастар атадан бата алуы тиіс. Атаның айтқаны кейінгіге заң, ісі-үлгі. Ол ел бірлігін, тірлігін, тұрмысын, болашағын бағдарлап, байкап отыратын дана, көреген қария.
Ата балаға сыншы.
. Атадан ұл туса игі.
. Ата жолын қуса игі
. Аталы ел – баталы ел.
Әже (әйел) — әкенің шешесі. Ел іші, от басының бүтіндігін ойлайтын көптің сыйлы анасы. Ол салт — дәстүрді сақтап, кейінгі жастарға от басының, дастархан берекесін сақтайтын тәрбиеші әрі ақылгөйі деп есептелген
ӘН:Сағындым әже , сағындым.
Туыстық ағашын көркемдеу.
Әр бала өзінің туыстық ағашын жасайды.
(Жапырақсыз ағаштың бейнесін алдын- ала бейнелеу сабағында салып, дайындап қоямыз)
Мұғалім: Барлық туыстық атауларға негіз болатын, ұрпағының жақсы азамат болып өсуін тілейтін кімдер?Бұл -әр адамның ата- анасы.Олай болатын болса тәрбие сағатымыздың соңында осындай ағайын- туысты тануға , сыйлауға үйрететін, тәрбиелейтін ата- аналарымызға тағы да ән- жырымызды арнайық.
Алмас:
Біздің жамандығымызды жасырып, жақсылығымызды асырып жүрген біздің ата- анамыз. Қатарымыздың теңі болып , тамағымыз тоқ, көйлегіміздің көк болып жүруі де сол кісілердің арқасы.
Жанель:
Ыстық- ау кім- кімге де әке деген,
Суыққа шалындырмай, мәпелеген.
Өмірдің соқпағымен өрге тартып,
Алдымен адам бол деп жетелеген- дегендей әкенің орны бөлек ау.
Гүлдана:
Әкешім тілеуімді тілеп жүрген,
Аумайсың жарығы мол ашық күннен.
Шаршайсың жұмыс істеп біздер үшін.
Ақылды балаларың оны білген.
Алмаз:
Әр ана өз баласын мейірімді болса екен, жақсы оқып,елге қалаулы азамат болса екен дейді. Халқымызда мынадай бір нақыл сөз бар: «Анаңды Меккеге үш рет арқалап барсаң да борышыңды өтей алмайсың» деген .Алайда ардақты анамыздың ақ сүтін ақтай білгенге не жетсін!
Жанел:
Иә, дұрыс айтасың Алмаз. Біз болашақта саналы да, ақылды бала болып өссек ананың арманы орындалды деген осы емес пе?
Кеудемнен сезім селі ақтарылсын,
Болармын күні ертең- ақ мақтанышың.
Білім алып, тер төгем , еңбек етем,
Өзіңнің сеніміңді ақтау үшін!
Қорытынды
ӘН:Ай дидарлы анашым.