Жаңа жылды қашан тойлаған жөн?
Жаңа жылды қашан тойлаған жөн?
Мақсаты: Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесінің мән-маңызы жайлы әңгіме жүргізу.
Мұғалім сөзі: Қайырлы күн құрметті ұстаздар, сарапшылар, оқушылар, пікірсайысшылар! Ашық пікірталас сайысына қош келдіңіздер! Озық ойлыға пәрменді пікірлі жастардың ашық пікір сайыс алаңы. Бүгінгі біздің талқылайтын тақырыбымыз: «Жаңа жылды қашан тойлаған жөн?», яғни қазіргі кезде қазақ халқы үшін үлкен мәселенің бірі Жаңа жылды тойлауы. Оқушылардың нәтижелі және оңтайлы осы тақырып төңірегінде бүгін пікірталастыратын боламыз. Ал алдымен осы пікірталасқа кіріспес бұрын осы тақырып бойынша алдыңғы күні 2 оқушы аралығында жеребе тасталған болатын. Сол жеребе бойынша оқушылармен және сарапшылармен таныс болайық.
Жеребе алып, екі оқушы “Жаңа жылды қашан тойлаған жөн?” деген тақырыпта сайысады.
Асанбаева Нұргүл: “Жаңа жылды 31желтоқсанда тойлаған жөн”.
Жанғожина Альбина: “Жаңа жылды 22-наурызда тойлаған жөн.”
Сарапшылар:
- Мектебіміздің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Сұлтанова Зада.
- Қазақ тілі әдебиеті пәнінің мұғалімі
- Қазақ тілі әдебиеті пәнінің мұғалімі Жолдасқали Мөлдір.
Пікірталас шарттары:
1/ екі оқушы өз пікірлерін ортаға салып, дәлелдеп шығады, әр топқа
2/ сұрақ-жауап кезеңі
3/ парламентари
4/ спикерлердің қорытындысы
5/ сарапшылар сөзі
“Сыпайы сызып айтады,
Шешен қызып айтады,
Шорқақ үзіп айтады,
Шалағай бұзып айтады”,- дегендей, оқушыларымыз сайысты бастайды. Кімнің сызып, кімнің бұзып, кімнің қызып айтатынын байқалық..
І. Өз ойларын айту.
Наурыз
…Көк Наурыз, көктем Наурыз, есіл Наурыз,
Мейрам боп келдің екен, көсіл Наурыз!
Ақ үйді қуанышқа толтырып бір,
Ән айтқан бозбалаға қосылды-ау қыз…
…Әр үйге кіріп-шығып жүрсің, Наурыз,
Солмайтын жұрт қолында гүлсің, Наурыз!
Мен қалай мәзболайын, кең өлкеме,
Көктемді ертіп келіп жүрсің, Наурыз!
Сәкен Сейфуллин.
Жаңа жыл
Малдар төлдеп, қой қоздап,
Сүттен бұлақ ағызған.
Жаңа жылдың сипаты,
Молшылыққа аңыз боп,
Басталыпты Наурыздан.
С.Оңғарбаев.
«Сұрақ – жауап» бөлімі.
Олай болатын болса біз осымен ойынымыздың «сұрақ – жауап» бөліміне келіп көштік. Енді сіздердің тараптарыңыздан қарама – қарсы отырған бір – бірлеріңізге бір – бірден сұрақ қоюға мүмкіндіктеріңіз бар. Сұрақ-жауаптармен алмасады.
Олай болатын болса келесі сөз кезегін біздің үшінші тарап парламентари.
(Сөз сөйлеу)
- Сіздер де өздеріңіздің ойларыңызды жеткіздіңіздер рахмет!
«Спикерлердің қорытынды» бөлімі.
Келесі сөз кезегі ойынымыздың сараптама бөліміне өтеміз.
Наурыз
Бұта біткен бүрленіп,
Дала әсем түрленіп.
Масайрады бар әлем,
Құтты Жаңа жыл келіп.
Басы барлық ырыстың,
Басы барлық ұлы істің.
Құтты болсын Наурыз –
Ұлы күні Ұлыстың.
Қорытынды сөз.
Мақал-мәтелдер:
Мың шыбық шаншып өсірсең,
Халқыңа орман салғаның.
Халқыңа орман салғаның,
Өзіңе қорған салғаның.
Көктемеде жерге түскен бір дән,
Күздемеде мың дән болады.
Көктемнің бір күні
Қыстың мың күнін асырар.
Жаңбыр жауса, жер тоқ,
Егін ексе, ел тоқ.
Бұлақ ақса, көл тоқ,
Еңбек етсе, ер тоқ.
Жүлдегерлерді марапаттау:
Оқушылардың арасынан жүлдегерлерді қазылар алқасы анықтайды. Сонымен біздің ойыншыларымыз өздерінің тақырыпқа қатысты пікірлерін, ұстанымдарын айқын, анық білдірді. Ендігі олардың ойын салмақтау сарапшыларға беріледі. Құрметті сарапшылар сөз кезегі өздеріңізде.
“Сый — жеңгендікі,
Сөз тергендікі”,- демекші, сөздің ең асылын теріп, өз пікірлерін дәлелдей білген оқушыға сыйлықтар мен мадақтама тапсырылады.
Қорытындылау:
Құрметті пікірсайысқа қатысушылар, сарапшылар, парламентари осымен біздің талқылаған тақырыбымыз тамандалды. Пікірсайысымыз осымен аяқталды. Біздер бүгін ортаға салған тақырып бұл «Жаңа жылды қашан тойлаған жөн?». Спикерлеріміз өз ойларын айтты. Олардың ойын өз таразысына салу сіздердің еншілеріңізде әлбетте. Сонымен құрметті пікірсайысшылар, пікірсайыс дәстүрі бойынша бір – біріңізге сый – құрмет таныту мақсатында қол алысулыраңызды сұраймыз.
- Рахмет! Орындарыңызға отыра қойыңыздар.
Пікірсайысымызды 8 «А» сынып оқушысы Шамшадин Инабаттың «Жаңа жыл» өлеңімен аяқтаймыз.
Барлықтарыңызға да жаңа жыл құтты болсын! Әрине бұл негізінен біздің мейрамымыз емес, сондықтан қанымызға сіңген ең үлкен мейрамдардың бірі болғандықтан баршаңызды осы мейраммен құттықтаймын. Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, тек баршаңызға бақыт тілеймін.