Мың бір мақал» сайысы.
Тақырыбы: «Мың бір мақал» сайысы.
Білімділік: Оқушыларды халқымыздың асыл сөздері мақал-мәтелдерді жаттай білуге, оны күнделікті ауызекі сөйлеу тілдеріне қолдана білуге баулу.
Дамытушылық: Оқушыларды шапшаңдыққа, ептілікке төселдіру, тіл байлық-тарын арттыру.
Тәрбиелік: Оқушыларды туған елін, жерін сүйуге, құрметтей білуге тәрбиелеу.
Түрі: Жарыс сабақ.
Көрнекілігі: Шешендік сөздер, мақал-мәтелдер жазалған слайдтар, 10 балдық житондар.
Жоспары:
1-тур Кім жылдам
2-тур Жалғасын тап
3-тур Мағынасын түсіндір
4-тур Үй тапсырмасы
5-тур Аударып көр
6-тур Қорытындылау.
- Кіріспе.
Құрметті қушылар,ұстаздар, қонақтар, ойынға қатысушылар! Бүгінгі біздің ойынымыз «Мың бірмақал» -деп аталады. Ойынымыз 6 турдан тұрады. Ойынға қатысушыларды ойынның мақсатымен, жоспарымен таныстырып өтемін.
Мақал-мәтелдер халық ауыз әдебиетінің бір саласы. Мақалдар ой дәлдігімен, тереңдігімен, ықшамдылығымен ерекшеленеді. Онда халық тарихы, оның әлеуметтік тіршілігі, ақыл-өнегесі мол көрініс тапқан.
- Негізгі бөлім.
Оқушылар екі топқа бөлінеді. Әр топ өз аттарын, ұрандарын таныстырып өтеді.
- тур. «Кім жылдам» -деп аталады. Бұл турда әр топтан бір оқушыдан шығып, таңдаған тақырыптары бойынша мақал айтады. Әр мақалға 10 ұпайдан беріледі.
- Тур «Жалғасын тап». Мақалдың жалғасын табу, әр дұрыс жауапқа 10 ұпайдан беріледі.
1.Көзі соқырдан қорықпа,
…(Көңілі соқырдан қорық).
- Әдепті бала — арлы бала
…(Әдепсіз бала –сорлы бала).
- Еңбек етпесең, елге өкпелеме,
…(Егін екпесең ,жерге өкпелеме).
- Ат жаманы жолда қалдырар,
…(Жолдасы жаманды қолда қалдырар).
- Атадан жақсы ұл туса,
Елінің қамын жейді:
…(Атадан жаман ұл туса,
Елінің малын жейді).
- Әдептілік, ар-ұят,-
Адамдықтың белгісі.
…(Тұрпайы мінез, тағы ,жат-
Надандықтың белгісі).
3 тур. Мағынасын түсіндір. Бұл турда әр команда өзіне берілген мақалдардың мағынасын ашып, түсіндіріп берулері керек.
- Жаста оқыған оқуың, тасқа жазған сөзбен тең
Қартайғанда оқыған оқуың мұзға жазған сөзбен тең.
- Жұмыла көтерген жүк жеңіл.
- Еңбекке бейім болсаң,
Қатарыңнан кейін болмассың.
- Балапан ұяда нені көрсе, ұшқанда соны алады.
4 тур. Үй тапсырмасы.
Суреттерде бейнеленген заттарға байланысты мақал айту.
Әр команда қарсы команданың салған суретімен жұмыс жасайды.
5 тур. Аударып көр. Бұл турда орыс тілінде оқылған мақалдың қазақша баламасын табу. Әрбір дұрыс жауапқа 10 балдан беріледі.
- Кто молоко украл – тот спасся,
Кто чашку облизал – попался.
- Две головы бараных целиком,
Не умещаются в котле одном.
- В родной долине лучше прахом быть,
Чем на чужбине падисшахом быть.
- Даже мышка, что жива,
Лучше мёртвого льва.
6 тур. Қорытынды. Сабақ соңында әр команданың жинаған жетондары саналып, қорытындыланады. Ұпайды көп жинаған команда марапатталады.