Арнайы жүгіру жаттығулары
САБАҚ ЖОСПАРЫ
1 | Пәні | Дене шынықтыру | |||||||
2 | Пән мұғалімі | Есетай Арай Уалханқызы | |||||||
3 | Өтілетін сыныбы | 5 – сынып. | |||||||
4 | Өтілетін мерзімі | Қыркүйек | |||||||
5 | Өтілетін орны | Мектептің спорт алаңыы. | |||||||
6 | Сабақтың мақсаты | 1) Ұйымдастыру командасы және қабылдануы, алдыңғы сыныптағы саптық жаттығулар, оңға-солға бұрылу. 2) Арнайы жүгіру жаттығулары 3) ЖДЖ орында ж\е қозғалыста 4) 30 метрге жүгіру (жаңа тақырып) | |||||||
7 | Сабақтың міндеті | а) теориялық | Тұрыс түрлерін, мазмұнын, ережелерін, ерекшелігін меңгерту. | ||||||
ә) жетілдіру | Өз алдына шұғылдануға қажеттілігі мен қабілеттігін арттыру. | ||||||||
б) тәрбиелік | Жаттығулардың тәрбиелік және қауіпсіздік мәніне назар аудару. | ||||||||
8 | Сабақтың типі | Жаңа білімді меңгегу. | |||||||
9 | Сабақтың әдісі | Жеке және жалпы жұмыс жасау, жан — жақты түсіндіру. | |||||||
10 | Құрал-жабдықтар | Секундомер, ысқыруық, итерілу тастары, сантиметрлік лента. | |||||||
11 | Сабақ саны | 3 — сабақ | |||||||
Кезең № | Сабақтың мазмұны | Уақыт, мөлшері | Әдістемелік ескерту | ||||||
Д А Й Ы Н Д Ы Қ
К Е З Е Ң і | 1 | Оқушыларды сапқа тұрғызу. | 10’ | Спорттық киімдеріне назар аудару. | |||||
2 | Сынып санын түгелдеу. | Себепсіз оқушыларды анықтау. | |||||||
3 | Рапорт қабылдау. | Рапортты дұрыс тапсыруын қадағалау | |||||||
4 | Оңға, солға, кері бұрылу жаттығуларын орындау. | Бұрылыстарды дұрыс орындауын қадағалау | |||||||
5 | Қозғалмалы бой жазу жаттығулары:
1. Бір қалыпты жеңіл жүгіру. 2. Жалпы дене жаттығулары:
| абвгд а) алға қарай созылған қол алақанына екі тізені тигізе жүгіру. б) арқаны алға бағыттап жүгіру. в) өкшені артқа көтеріп, екі алақанға тигізе жүгіру. г) аяқты қиылыстыра жүгіру. д) дем алу, дем шығару. Жаттығуларды сызық біткен жерге дейін жасау керек Жиірек жасауға тырысу керек. Өкшемен алақанға тиіп жүгіру керек. | |||||||
Н Е Г І З Г І К Е З Е Ң | 1. 30 м жүгіру
| 30’
3-4 рет | Сөрелік қалыптарды қайталау: 1. Жоғарғы сөрелік қалып. 2. Төмегі сөрелік қалып.
Арнайы дайындық жаттығулары: а) алдыға құлай жүгіру. Б.қ. – қолды артта ұстап, дене алдыға еңкіш жүру;
ә) Тізені бірге және кезектестіріп жоғары көтеріп секіру; б) б. қ. – төменгі , сөрелік қалып, итерілу аяғын таңдау; в) 15-20 м қашықтықты төменгі сөрелік қалыптан жүгіріп өту. 4-5 рет төменгі сөрелік қалыптан итеріліп, жүгіру. Ескерту: Сөреден шығудың дұрыс орындалуын қадағалау. Аяқтың орналасуы: итерілу аяғы алдыда, сермеу аяғы артта. Үш рет жүгірудің ең жақсы нәтижесі есептеледі.
а) Сөре сызығынан төменгі сөрелік қалыпты алып 30 м жүгіру. Мәре сызығын бар жылдамдықты ала кесіп өту керек. Уақыт есептеледі. | ||||||
қорытынды кезең | 1 | Тыныс жолдарын қалпына келтіру жаттығулары. | 5’
10-15 рет 10-12 рет 20-25 рет 25-30 рет
| Йога элементтерінен құрылған жаттығу кешені:
| |||||
2 | Оқушыларды бір сапқа тұрғызу | Толық сапқа тұруларын қадағалау | |||||||
3 | Сабақты қорытындылау. Үйге тапсырма беру. | Жаттығуларды орындағанда жасалынған қателерді талқылау. Үй тапсырмасы: 1. Тізені жоғары көтеріп секіру. 2. Ұлдар: кермеде тартылу; 3. Қолды бүгу арқылы денені көтеріп-түсіру; 4. Қыздар: қолды бүгу арқылы денені көтеріп-түсіру (тізеден). | |||||||
4 | Оқушыларды бағалау. | Сабақта орындалған жаттығулар нәтижесіне және оқушының белсенділігіне байланысты бағалау. | |||||||
6 | Бір саппен спорт алаңынан немесе залдан шығару. | Сапты бұзбай алаңнан шығу. | |||||||