Сүт және сүт тағамдары

       Сабақтың  өтілетін  мерзімі :

Пән атауы :Еңбекке баулу   сынып: 6 «г»  мерзімі: 12.03.13

 Сабақтын тақырыбы : Сүт және сүт тағамдары

Сабақтың мақсаты:Сүт және сут тағамдары туралы мағлұмат беру

а)Білімділік:Қазақтың ұлттық сүт және сүт тағамдарының түрлері бойынша

түсінік беру,білімдерін тереңдету ;

б)Дамытушылық:Оқушылардың сын тұрғысынан ойлауын,теориялық  алған білімдерін күнделікті тұрмыста пайдалануға бағыт-бағдар бере отырып,өздіктерінен жұмыс істеуге,салыстыруға,бірінің пікірін бірі дамыта отырып,өзара сыйласуға ,қорытынды шығаруға машықтану; в)Тәрбиелілігі:Оқушыларды ұқыптылыққа,үнемділікке,әдептілікке,

салт-дәстүрді сақтап,өз орнын таза ұстауға,қауіпсіздік ережесін сақтауға тәрбиелеу
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдісі:Сын тұрғысынан ойлауды дамыту
Сабақтың көрнекілігі:интрактивті тақта
Пәнаралық байланыс:әдебиет,биология,тарих

Сабақтың формасы :топпен жұмыс  жүргізу

Сабақтың типтері : ұйымдастыру  кезеңі,өткен сабақтарды

қайталау,қорытындылау, бағалау.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру  кезеңі:

1.Сәлемдесу

2.Кезекші мәлімдемесі

3.Журнал бойынша  түгендеу

2.Оқушылардың берген  жауаптарына қарай  білімдерін бағалау.

Үй тапсырмасы төмендегідей  сұрақтарға жауап алу арқылы сұралады.

1.Ыдыстар түріне қарай  бөлінеді?

  1. Алюминий ыдыс ол қандай ыдыс?

3.Қыш ыдыс ол қандай ыдыс ?

  1. Болат ыдыс ол қандай ыдыс ?

ІІІ. Жаңа сабақ :

1.Қызығушылығын ояту .Ой қозғау.

 Балалар, мен сендерге бір  жұмбақ қоямын, сендер оны шешулерін керек.

 

Жаңа сабақты түсіндіру. Сәлеметсіздер ме , балалар ! Отырамыз !Балалар  бүгін сыныпта кім кезекші?Бүгін кім жоқ?

ІІ.Үй тапсырмасы.

 

Сүт.Сауын малдан ,яғни биеден,сауын сиырдан ,қой,ешкіден алынады.

Сүт ақуыздары, ет және балық ақуыздарына қарағанда, әлде қайда толыққанды және тезірек қорытылады. Ақуыз адам ағзасында жаңа жасушаларды түзу үшін қажет. Сүттің ақуыздары үш құрамдастан тұрады: шикі сүтте еріген күйінде болатын казеин, альбумин және глобулин.
Сүттің барлық ақуыздары толыққанды топқа жатады, яғни олардың құрамында барлық 20 аминқышқылдары бар.
Қазақтың сүт және сүт тағамдарына тоқталу.

 

 

 

Қазақтың ұлттық сусындарына жатады  шұбат және қымыз. Қазақтың ұлттық тағамдары туралы не білсе,оны топтастыру арқылы қағаз бетіне түсіру.Оқушы ойындағыны тоқтаусыз ,шектемей,жаза береді,ол үшін уақыт беріледі(7 минут).Оқушылар жазғандарын оқиды,жинақтайды.
 1.Ой қозғау.Сөздік жұмыс.
Сүт -малдан алынатын өнім.
Уыз – жаңа төлдеген малдың алғашқы қою сүті.
Ашқылтым – сүт тағамдарының дәмі
Малта – езілген құрттың жұқанасы
Меңіреу – қой сүтінен ұйытылған қатық түрі.
Ұйытқы – сүтті ұйыту үшін мәйек, айран, сүзбе сияқты ащылар «ұйытқы» деп аталады.
Торта – май қайнатқанда шығатын тұнба
Қату (май қату, сүт қату) – тағамға май, қаймақ қосуды айтады. Мысалы, шайға сүт, сорпаға қатық қатады.
Айну (айныған) – сұйық тамақтың (қымыз, шұбат, айран т.б) дәмінің бұзылуы.
Адал – таза, жейтін тамақ
Мал және одан алынатын өнімдер қазақтың басты тамақтарының бірі.
Қазақ халқының ішіп-жемінде сүт тағамдары ерекше орын алады. Төрт түлік малдың сүтін және одан жасалған айран, қымыз, шұбат сияқты сусындарды халқымыз «ағарған» немесе «ақ» деп атаған.

Осы ақтан көптеген жылдар бойы әжелеріміз, аналарымыз тәжірибе жинақтай келе одан көп еген қызыты атаулары, ерекше жасау, пісіру жолдары тағы бар. Сөйтіп теген тамақ түрлері мен дайындау әдістерін білген және олардың көпт бір сүттен, өқою, қоймалжың, ащы, тұщы, жұмсақ, қатты, ұнтақ тағамдар жасап шығаорған. Сүт тағамдары денсаулыққа пайдалы және қоректі қасиеті де мол. Кезінде академик И. П. Павлов сүтті «табиғаттың өзі дайындаған тамаша тағамы» деп бағалаған. Біз тамақ ішу үшін өмір сүрмейміз, өмір сүру үшін тамақтанамыз.

      БілемінБілгім  келедіБілдім

«Кубизм» стратегиясы бұл тақырыпты жан-жақты қамтуға мүмкіндік туғызатын оқыту стратегиясы

Кубиктің алты жағындағы тапсырмаларды орындау
1. Баяндаңыз. Сүтті және сүт тағамдарын үйде пайдаланудың, дайындау мен сақтаудың негізгі ережелері
Сүттен ұйытылады,тағам,сусын,түсі ақ,нәрі мен құнарлығы жоғаы
2.Салыстырыңыз
Сүт және сүт тағамдарына ырымдар мен тиымдар.

  1. Жерге төгілген ақты(сүт,айран,т.б)басуға болмайды.Сүт төгілген жерге тұз себеді.

2.Сауылған сүттің бетін ашық қоймайды.

3.Сүтті үрлеп ішпейді,майлылығы азаяды.

4.Сүттен жасалған тағамдарды жерге төгіп тастауға болмайды.

5.Сүт сауатын шелекті су басына апаруға болмайды,құты кетіп қалады. 6.Түнде тамақтың бетін жауып кояды.

7.Қол жумай ақты ішпейді.

 5.Кестемен жұмыс Әр топ кесте алып ,бөліктің оң жағына тапсырма жазылады да бөліктердің сол жағына топтағы оқушылармен ақылдасып,жинақтап,пікірлерін жазады.
1-кесте Ақ алып шығу салты
Оқушының пікірі.Ақ алып шығу(салт -ырым)қазақ халқы сүтті,қымызды,шұбатты,айранды т.б сүт тағ,амдарын «ақ»деп атайды да оны қасиетті киелі,зат санатына жатқызады.Сол сияқты ақ түсі де киелі,адалдық ұғымдарды блдіреді.Халық дстүрінде ауылға келген көш алдынан шығу-адамгершілік ,мұсылмандық,көршілік парыз.Ақ алып шығу «осы ақтай таза болайық»деген тілекті білдіреді.Мұндай жағдайда жаңа көшіп келгендер ризалық білдіріп алғыс айтады.
2-кесте Ақ құйып шығару салты
Ақ құйып шығару(салт-ырым).»Үйге кірген жыланға да ақ құйып шығарады»(мәтел).Халқымыз ақты жерге төкпейді,аяққа баспайды.Ал кейде сол ақты жерге төгетін де ырымдар бар,мысалы:қалың өрт келгенде алдын ақ шашады,сол сияқты үйге кжылан кіріп кеткенде де оның басына ақ сүт немесе айран құйып,үйден шығарады.Мұндай әдет халықтың өз аулына немесе үйіне дос,дұшпанына да алдымен құрметпен қараудан шыққан болуы керек.
3-кесте. Қазақ өлшемдері(сұйық өлшемдері)
1 тамшы-1гр.Бір ұрттам-50-60гр.Бір жұтым-250-300гр.Бір қасық-20-30гр.Бір аяқ-700-750гр.Бір шелек-10-12л.Бір шара-8-10л.Бір ожау-300-400гр
6.Қорытынды . Сүт және сүт тағамдарының өзге тағамдардан өзгешелігі жайлы әңгімеле. Сабақты қорытындылау,пысықтау.

1.Сабақ ұнады ма?

2.Сабаққа қатысты пікірлеріңіз?

3.Қандай сұрақтарыңыз бар?

4.Нені білгіңіз келеді? Келесі сабаққа дайындықпен келу