Отбасындағы ерлі-зайыптылардың, ата-аналардың, балалардың құқықтары мен міндеттері

Пәні: Құқық негіздері.

Сыныбы: 10                        

Сабақтың тақырыбы:  Отбасындағы ерлі-зайыптылардың, ата-аналардың, балалардың құқықтары мен міндеттері.

 

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік: оқушылар білімін тиянақтау, өмірмен, ата-анамен байланыс орнату.
  2. Тәрбиелік: заңды құрметтеуге, адамгершілікке тәрбиелеу.
  3. Дамытушылық: оқушылардың өзіндік ой-өрісін, іскерлік дағдысын, қабілетін дамыту.

 

Сабақтың нәтижесі:

  1. Отбасы мүшелерінің құқықтары туралы мәліметтер алу.
  2. Отбасы мүшелерінің міндеттері туралы мәліметтер алу.
  3. Алған мәліметтерін шынайы өмірмен байланыстыра білу.

 

Түйінді идея:

  1. Отбасы мүшелерінің құқықтарын анықтайды.
  2. Отбасы мүшелерінің міндеттерін анықтайды.
  3. Неке шартына түсініктеме береді.
  4. «Неке және отбасы туралы» ҚР заңының кейбір баптарын талқылайды.

 

Көрнекілігі: Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының «Неке және отбасы туралы» заңы, тірек сызбалары, слайд.

 

Әдісі: оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.

 

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

а) сәлемдесу, түгендеу.

ә) сабаққа дайындығын тексеру.

б) Психологиялық тренинг. Тақырыбы «Отбасы тәрбиесі…» /3 мин/

в) АКТ-ны қолдану. /3 мин/

г) Топқа бөлу. Рөлдерді бөлу. /2мин/

ІІ. Тапсырма беру: /12мин/

  1. 1 топ:

Отбасындағы ерлі-зайыптылардың құқығы. Мүліктік құқықтары.

  1. 2 топ:

Неке шарты. Қорғаншылық және қамқоршылық белгілеу.

  1. 3 топ:

Отбасындағы балалар құқығы. Ата-ана құқықтарынан айыру.

ІІІ. Постерлерін қорғау: /15 мин/.

ІV. Жаңа білімді бекіту: /5 мин/

  1. Отбасында ерлі-зайыптылардың қандай құқықтары мен міндеттері болады?
  2. Ерлі-зайыптылар арасындағы жеке қатынастар қандай ұстанымдарға сай жүзеге асады?
  3. Ерлі -зайыптылардың ататегін біріктіріп жазуға заң рұқсат ете ме?
  4. Неке шартын жасау не үшін қажет?
  5. Жұбайлар арасындағы ортақ мүліктік құқықтар қай кезден пайда болады?
  6. Жұбайлардың қандай мүлкі жекеменшік деп танылады?

 

  1. Жаттығулар:

а) Топтар бір-бірін бағалайды.

ә) Оқушылар өздерін бағалайды.

б) Кері байланыс. /2мин/

 

VІ. Қорытынды:

Ыстық орындыққа шақырылған оқушыға сабақта не өтілгені, не үйренгені туралы сұрақтар қойып, сабақты қорытындылаймыз./3 мин/

 

VІІ. Бағалау:

Бағалау парағы бойынша қорытынды баға қою.

 

VІІІ. Үйге тапсырма: §30. Отбасындағы алименттік қатынастар.