VII Азия ойындары Қазақстанда
Сабақтың тақырыбы: VII Азия ойындары Қазақстанда
Сабақтың мақсаты:
- VII Азия ойындарының басталуы және тарихы жайлы айту.
- Азия ойындарының Қазақстанда өтуінің біздің қазақ елі үшін мақтаныш екендігі жайлы айта отырып, оқушылардың спортқа деген қызығушылықтарын арттыру.
- Оқушыларға патриоттық және рухани адамгершілікке тәрбилеу.
Сабақтың көрнекіліктері: Азия ойындарының слайдтары
Сабақ барысы:
Азия Олимпиадалық Кеңесінің штаб-пәтері орналасқан Эль-Кувейт қаласындағы «Кувейт-Тауерс» мұнарасының алдындағы алаңда Азияда алауы жағылды. Ол 12 қаңтар күні Алматы қаласына жеткізіледі. Алауды қарсы алу салтанатты рәсімінен соң Эстафета Оңтүстік астана көшелерімен жүріп өтіп, 20 күн ішінде Қазақстанның барлық аймақтарын аралап шығады. 30 қаңтар күні Астана көшелерімен өтіп, жаңа «Астана-арена» стадионында Азия ойындарының салтанатты ашылу рәсімінде мәресіне жетеді.
Алау дизайны Алматы маңында табылған, біздің жыл санауымызға дейінгі ІІІ-І ғ. жататын сақтардың қоладан құйылған жарықтандырғыш құралы негізінде дайындалып отыр. Еліміз бойынша 1020 Алаугер іріктеліп алынып отыр. Соның ішінде әрбір облыстан – 60 адамнан, Алматыдан – 80 және Астанадан 100 адам іріктеліп алынған. Әрбірі 200 метр қашықтықта жүгіріп өтуі тиіс. Эстафетаның жалпы қашықтығы – 15 мың шақырымнан асады. Әрбір алаугерді алты «алау сақшысы» күзетіп жүреді. Сіздерге сол 2011 жылғы 7- Қысқы Азия ойындары Алау эстафетасының жылжу картасын ұсынып отырмын (суретте). Таныс бола отырыңыздар:
Азияның Олимпиялық кеңесі 7-ші қысқы Азия ойындарының алауын тұтату рәсімін өткізетін орынды бекітті. Эстафета АОК-нің штаб-пәтері орналасқан Эль-Кувейт қаласынан бастау алады. Алдымен бұл рәсiм Азиада шеңберінде Ойындарды қабылдайтын елде өтті.
7-ші қысқы Азия ойындарының алауын тұтату рәсімін өткізетін орын ретінде «Кувейт Тауэрстің» жанындағы алаң таңдалып алынды – бұл мұнара Кувейттің бас символы ғана емес, Эль-Кувейт пен Астананы біріктіретін нысан болып табылады. Астана тұрғындары мұнараның сұлбасымен таныс болса керек: мұнараның көшірмесі Ауылшаруашылығы министрлігінің фасадына орнатылған.
Азия ойындарының тарихы
Азия ойындары (сондай-ақ азиада аталатын) — төрт жыл сайын 1951 жылдан бері Азия елдерінің барлығында атлеттер арасында өткізілетін спорт жарысы. Есептеу Нью Делиде өткен бірінші Ойыннан жүргізіліп келеді. Ойындардың жалпы ұзақтығы — Ашылу және Жабылу салтанатын қоса кем дегенде 7 және ең дегенде 16 күннен артық емес. Ойын Халықаралық Олимпиада комитетінің (ХОК) қадағалауымен Азиялық Олимпиада кеңесімен (АОК) реттеледі. Азия ойындарының эмблемасы, туы, ұраны мен әнұраны Кеңес меншігі болып табылады. Жарыстар өз елін білдіретін Ұлттық Олимпиада комитеті бастайды. Мемлекеттік ту мен әнұран марапаттау рәсімінде бірге жүреді. Он алтыншы ойын 2010 жылы 12-27 қарашада Қытайда Гуанчжоуда өтеді. Бұл жерде Азия ойындарында бірінші рет Крикет өтеді.
Азия ойындарының туындауы
Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Азияның бірнеше елі тәуелсіздік алды. Көптеген жаңа елдер өзара түсіністікті нығайтуға көмектесетіндей жарыстардың жаңа түрлерін жасағысы келді. 1948 жылғы тамыз айында Лондонда Он төртінші Олимпиада ойындарының барысында Үндістан Олимпиада комитеті Гуру Дутт Сонди тұлғасында Азия спорт командаларының басшыларына «Азия Атлеттік Федерациясын» құруға келіскен Азия ойындарын өткізу идеясын талқылауды ұсынды. 1949 жылы ақпанда «Азия ойындарының федерациясы» формалды құрылып аталды. Бірінші Азия ойындарын Нью-Делиде өткізуге шешім қабылданды.
Федерацияның түрленуі
1962 жылы Федерацияда Тайвань мен Израильді қабылдау мәселесі бойынша дау туындады. Ойынды қабылдаушы Индонезия осы елдерді Федерацияға қабылдауға қарсы болды. 1970 жылы Оңтүстік Корея Солтүстік Корея тарапынан болатын қауіпсіздікке қауіп туындауына байланысты ойындарды жүргізе алмады, ойындар Корея қаражатын пайдаланып Таиланд астанасы — Бангкокта өткізілді. 1973 жылы АҚШ пен Тайваньның бірнеше елдері мен Израильде Араб ұлттық оппозициясын танумен байланысты дау туындады. 1977 жылы Пәкістан Бангладеш пен Үндістанмен қақтығыс салдарынан ойындарды өткізе алмады. Ойындар тағы Бангкокқа ауыстырылды. Осы оқиғалардан кейін Азияның Ұлттық Олимпиада комитеттері Азия ойындары Федерациясының жарғысын өзгерту туралы шешім қабылдады. Азиялық Олимпиада кеңесі аталған жаңа бірлестік құрылды. Осы кеңес ойындарды 1986 жылдан бері қадағалайды.
Тайвань қабылданды, бірақ АОК ХОК стандарттарына сәйкес оны «Қытай (Тайбэй)» деп атайды. Израиль шығарылып тастап, еуропалық жарыстарға қосылды.
Астана қаласындағы нысандар
Жабық футбол стадионы
Жабық конькимен сырғанау стадионы
«Қазақстан» спорт сарайы
Республикалық велотрек
Жабық футбол стадионы
Құрылысқа берілген телім Есіл өзенінің сол жағалауында, Қабанбай батыр мен Сарыарқа көшелерінің арасында жатыр. Бүгінгі күні жылжымалы төбені құрастыру бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр, құрылыс жұмыстарының аяқталу мерзімі 2009 жылғы мамыр айына белгіленген.
Осы жерде 2011 жылғы 7-қысқы Азия ойындарының салтанатты ашылу рәсімі жоспарланған.
Қазақстанда бұндай көлемді нысан құрылысы бірінші рет жүргізіліп жатыр.
Ол төбе құрастырмасының жылжымалығымен бірегей, онда спорттың барлық ойын түрлерін өткізуге болады. Осы стадион сыйымдылығы 30 көрермен орнын құрайды.
Жабық конькимен сырғанау стадионы
Конькимен сырғанау стадионы Астана қаласының сол жақ жағалауында орналасқан. Конькимен сырғанау стадионының ғимараты 8773 орынға арналған трибуналары мен қосалқы жайлары бар жабық алаңнан тұрады.
Конькимен сырғанау стадионы ғимаратының сол жағында автотұрақ жайғасқан. Бірінші қабатта ұзындығы 400 метр болатын екі конькимен сырғанау жолдарына: негізгі және жаттығуға есептелген мұз алаңы орналасқан. Ортасында хоккейге, `Стадионда конькимен сырғанау спорты бойынша жарыстар өткізу жоспарлануда.
«Қазақстан» спорт сарайы
«Қазақстан» спорт сарайы қолданысқа 2001 жылы енгізілді және ол 4050 отыру орны мен шамамен 1000 тұру орындарына есептелген. Осы жерде шайбалы хоккей бойынша жарыстарды (ерлер) жүргізу жоспарланады. Қосымша «Қазақстан» спорт сарайы аумағында істегі спорттық базаны қайта құрумен бірге жайылма мұз айдынының құрылысы жоспарналып отып. Жалпы алғанда, жайылма мұз айдының жобаланатын ғимараты істегі Спорт сарайымен үйлесімде, бір уақытта астана сәулетін байыта келе, ыңғайлы, әрі қызметті спорт кешенін қалыптастрырады.
Республикалық велотрек
Азия ойындарын өткізу кезеңінде велотректе уақытша мұзды корты мен жайылмалы мұз айдыны орнатылатын болады. Осы кешен шорт-трек пен мәнерлеп сырғанау бойынша жарыстарын өткізу үшін іске қосылады. Спорттық жарыстарын өткізуден бөлек, кешенді концерттерді, конференцияларды және т.б. өткізу үшін де пайдалануға болады.
Мінбелер деңгейінде ең жақсы орындар телекамераларға, пресса үшін берілген, оның қарама-қарсы жағында VIP персоналарға арналған ложасы көмекші жайларымен орналасады. Техникалық қамтамасыз етілгендік бөлігінде – фотофиниш жүйесін орнатуға арналған жайлары делегаттарға арналған барлық алаңды шолуға болатын оған жалғасатын жайлары қарастырылған. Сондай-ақ, жарысудың болып жататын кезеңдерін көрсетуге қол жеткізетін екі үлкен экран қарастырылған.
Алматы қаласының нысандары
Б.Шолақ атындағы спорт сарайы
«Медеу» биік таулық спорт кешені
Трамплиндердің халықаралық кешені
«Шымбұлақ» тау шаңғы курорты
Шаңғы және биатлон кешенінің стадионы
«Табаған» спорттық-ойын сауық кешені
Б.Шолақ атындағы спорт сарайы
Осы нысан шайбалы хоккей бойынша жарыс (әйелдер) жүргізу үшін қызмет етеді. 2011 жылғы қысқы Азия ойындарының жарыстарын жүргізуге арналған спорт және мәдениет сарайының қайта жарақталуы ірі спорт және мәдени іс-шаралар өткізуге мүмкіндік беріп қана қоймай, қалалықтар мен қала қонақтары үшін спортпен, дене шынықтырумен және қызықты бос уақытты өткізуге арналған өз залдарын ашады. Қайта құрудан кейін Сарайдың жалпы сыйымдылығы 5000 адамды құрайтын болады. Тағы да 1000 отыру орындықтары қойылады.
«Медеу» биік таулық спорт кешені
Теңіз деңгейінен 1691,2 метрде орналасқан «Медеу» мұз айдыны барлық әлемге әйгілі. Ол 1972 жылы салынған. Шатқалдағы жұмсақ ауа-райы, күн радиациясының оңтайлы деңгейі, жоғары емес атмосфералық қысымы, әлсіз жел мен таза бұлақ суы – осының барлығы биік таулы мұз айдынына кең танымалдықты қамтамасыз етті. Азияда шеңберінде доппен хоккей бойынша (бенди) жарыстарын жүргізу жоспарланып отыр. Мұз айдыны конькимен сырғанау спорты, канада хоккейі, керлинг, мәнерлеп сырғанау және допты хоккей сияқты халықаралық және өңірлік деңгейдегі жаттықтырулар мен спорт іс-шараларын жүргізуге толығымен дайындалады. Бұдан басқа, алаң жаппай сырғанау режимінде және жылдың салқын кезінде мұз жабынын және жылы мезгілде қосымша жабындарды пайдаланып мәдени іс-шаралар жүргізу үшін пайдаланылатын болады
Трамплиндердің халықаралық кешені
Мінберлермен бірнеше атқарымдық ғимарат 5500 көрермендердің отыру орнына есептелген. Бұдан басқа таудың батыс шатқалына қарай 400 отыратын орындармен терраса жоспарланған.
Жоба 5 трамплинді қамтиды: К-125, К-95 халықаралық кластағы және К-60, К-40, К-20 балалар — жаттығуға арналған. Сондай-ақ стадион, медиа орталық, жас секірушілерді даярлау мектебі, спорт зал, 25 метрлік жабық алты жолды бассейн, аспалы жол, мінберлерге мінуге, бас алу орындарына және мәре сызығына апаратын жол айрығы, 200 орындық жер бетілік және жер астылық автотұрақ салынатын болады.
Кешен Алматы қаласының оңтүстік бөлігінде орналасқан. Келешекте қысқы Азия ойындарын жүргізгеннен кейін кешенді мәдени — көңіл көтеру кешені ретінде пайдалануға болады.
«Шымбұлақ» тау шаңғы курорты
«Шымбұлақ» тау шаңғы курорты Азиада -2011 кезінде тау шаңғы спорты бойынша жарыстарды өткізу үшін іске қосылады. «Шымбұлақ» Іле Алатауының көркем шатқалында, теңіз деңгейінен 2260 м биіктікте, Алматыдан 25 км қашықтықта орналасқан. «Шымбұлақтың» визиттік карточкасы – бағыттардың алуан түрлігі, олардың қатарында жаңадан бастағандарға арналған жатық және жұмсақ бөктері, дайындалған шаңғышылар үшін ұзын трассалары. «Шымбұлақтың» тау шаңғы трассалары Халықаралық Тау шаңғы спорты Федерациясымен аттестацияланған. Жылдам түсу және слалом-гигант трассалары құқықтары бойынша әлемдегі ең қиын трассалар ондығына кіреді.
Шаңғы және биатлон кешенінің стадионы
Кешен биатлон, шаңғы жарысы мен шаңғыда спорттық бейімделу бойынша жарыстарды жүргізуге арналған. Алматы облысы Талғар ауданы Солдат шатқалындағы шаңғы және биатлон стадиондарының кешені қысқы Азия ойындарын жүргізу үшін қажетті меншікті инфрақұрылымы бар автономды жүйесі болып табылады, ол кейіннен Әлем кубогы мен Қысқы Олимпиада ойындарын жүргізу үшін пайдаланыла алады. «Солдат шатқалы» сайы Алматы қорығының шектерінен төмен Талғар ауданында, Іле Алатауы жотасының тауалдындағы басуында орналасқан, теңіз деңгейіне қатысты биіктігі 1500 метрді құрайды.
Кешеннің бірегейлігі оның жылдың кез келген уақытында жұмыс істей алатындығында, халықаралық деңгейдегі жарыстарды өткізу үшін, сондай-ақ, кәсіби спортшылардың жаттығуы үшін жарамдылығы мен барлық қалағандардың келуі үшін ашық екенінде қорытындылады.
«Табаған» спорттық-ойын сауық кешені
Бұл бірегей орын, оған ұқсас жер Қазақстанда жоқ. Кешен фристайл бойынша жарыстарды өткізу үшін іске қосылатын болады. Кешен осындай сыныптағы таулы шаңғы курорттарына қойылатын заманауи әлемдік стандарттарына сәйкес соғылған. Кешен Австрияда, Голландияда және Ресейде дайындалған техникамен жабдықталған және ол 2005 жылы соғылған.
Кешен Алматы қаласына жанында орналасқан (19 км.). Теңіз деңгейінен 1530 м. биіктікте. Әртүрлі қиындықтағы трассалардың жалпы созылымдығы 37 км.
Сабақты қорытындылау:
7-қысқы Азия Ойындарын спорт түрлері бойынша өткізу үшін іске қосылған спорттық нысандар тізімі Астана, Алматы қалаларында және Алматы облысында
№ | Нысан | Мекенжайы | Спорт түрі | Сыйымдылығы |
1 | Конькимен сырғанау жабық стадионы | Астана қ., Қабанбай батыр даңғылы | Коньки тебу спорты | 8,773 отырғызу орындары |
2 | Жабық футбол стадионы | Астана қ., Қабанбай батыр даңғылы | Ойындардың салтанатты ашылу рәсімі | 30,000 отырғызу орындары |
3 | «Қазақстан» спорт сарайы | Астана қ., Мұңайтпасов пен Мирзоян көш. қиылысы | Шайбалы хоккей (ерлер) | 4,050 отырғызу орындары, шамамен 1,000 тұру орындары |
4 | К-95, К-125 шаңғы трамплиндерінің халықаралық кешені | Алматы қ. Ремизовка көш. мен Әл-Фараби даң. қиылысы | Трамплиннен шаңғымен секіру | 5,500 отыру, 4,000 тұру орындары |
5 | Шаңғы-биатлон стадионы | Алматы облысы Талғар ауданы, Солдат шатқалы | Шаңғы жарысы, биатлон және шаңғымен бағдарлау | 2,600 отыру орындары. 3,600 тұру орындары |
6 | «Медеу» жоғары таулы спорт кешені | Алматы қ., Достық даң. жоғары, «Медеу» жоғары таулы спорт кешені | Допты хоккей | 8500 жуық отыру орындары |
7 | «Табаған» спорттық ойын-сауық кешені | Алматы облысы | фристайл | 1000 отыру орындары, 2000 тұру орындары |
8 | Б. Шолақ атындағы спорт сарайы | Алматы қ., Байтұрсынов көш. мен Абай даң. бұрышы | Азия ойындарының жабылу салтанаты Шайбалы хоккей (әйелдер) | 5000 отырғызу орындары |
9 | Республикалық велотрек | Астана қ., Қабанбай батыр даң., футбол стадионына жақын | Шорт-трек, Мәнерлеп сырғанау | 8000 отырғызу орындары |