ХХI- ғасыр көшбасшысы

Сабақтың тақырыбы:  ХХI- ғасыр   көшбасшысы

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды білімді, жан- жақты болуға үйрету. Білуге, үйренуге деген қызығушылығын арттыру. Жарысуға, жарыста жеңімпаз болуға ұмтылуын дамыту. Білімді, дарынды, озық болуға тәрбиелеу.

Қажетті құрал- жабдықтар: Плакаттар: «ХХІ-ғасыр көшбасшысы», тірек- сызбалар, сұрақтар жинағы, сигналдық белгілер, сағат.  

1 кезең.  «Бәйге» (Әр жауапқа 10 ұпай).

1- сұрақ. Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі қашан жарияланды?

Жауап: 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасының мемлекеттік Тәуелсіздігі жарияланды.

2- сұрақ.Қазақ тарихында тұңғыш рет ғарышқа кім және қашан ұшты?

Жауап: 1991 жылы  2- қазанда қазақ халқының перзенті Тоқтар Әубакіров тұңғыш рет ғарыш сапарына аттанды.

3- сұрақ. 1992 жылы 20 қыркүйекте дүниежүзі қазақтары үшін қандай атаулы күн болды?

Жауап: 1992 жылы 20 қыркүйекте дүниежүзі қазақтары құрылтайының салтанатты мәжілісі ашылды.

4- сұрақ.Қазақстан Республикасының төл құжатын азаматтарға беру қашан басталды?

Жауап: 1995 жылы 27 ақпан.

5- сұрақ. Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы қашан енгізілді?

Жауап: 1993 жылы 12 қараша.

6- сұрақ. Қазақстан халқы өзінің тұңғыш президентін қашан сайлады?

Жауап: 1991 жылы 1 желтоқсан.

II кезең. «Жеті жұрттың тілін біл»

Кезеңіміздің атауын «Жеті жұрттың тілін біл» деп атадық. Бұл бөлім бойынша сайыскерлерімізге жұмбақ айтылады.Жауабын үш тілде жазып көрсету керек. Жауабын дұрыс тауып үш тілге аударса, 30 ұпай, ал екі тілде аудармаға 20 ұпай, ал аударма жоқ болса, 10 ұпайға ие болады.

1.Жоқ өзінде бас та, қас та, мойын да,

Ұзындығы жазулы тұр бойында.  (Сызғыш,линейка,ruler)

 

2.Бір үйде тұрады екен елу батыр

Үй сыртына сүйкенсе өліп жатыр. (Сіріңке)

 

3.Алпыс кісі аяқасты

Ерте тұрып таяқасты. (кірпі)

 

  1. Қос құлақты жұз тісті

Жүзінен бірақ із түсті. (ара)

 

  1. Қабат- қабат қаптама,

Ақылың болса аттама. ( кітап)

 

  1. Жеті қазынаның бірі-

Адамды қорып жүретін досы.

( ит )

  1. Әр адамның шағын Отаны.

( отбасы )

 

III кезең. «Қызықты жетілік»

 

202020

 

30

 

3030
40

 

4040

 

 

 

  1. 20 Бір жазықтықта жататын және бір-бірімен қиылыспайтын қандай түзулер? ( ∥)
  2. 20 Жалаң сөйлем деп қандай сөйлемді айтамыз? (бастауыш пен бастауыштан құралған сөйлемді жалаң сөйлем деп атаймыз).
  3. 20 Қазақтың ұлттың аспабында орындайтын әуен ( күй).
  4. 30 Көкжиек тұстарын анықтайтын арнаулы құрал қалай деп аталады?

( компос )

  1. 30 Елтаңбаның авторлары кім? ( Шот- Аман Уәлиханов және Жандарбек Мәлібеков)
  2. 30 Көкжиектің негізгі неше тұсы бар? ( оңтүстік, солтүстік, шығыс, батыс).
  3. 40 Қазақ Ордасының ең соңғы ханы кім болған?  Оның шын аты!

( Абылай хан, шын аты- Әбілмансұр).

  1. 40 Қазақстанда  «Қызыл кітап» қашан шықты?

(1977 жылы.)

  1. 40 Тәуке ханның қазақ тарихындағы ең үлкен еңбегі қалай аталады? Бұл еңбекті жасауға кімдер қатысқан?

(Жеті жарғы – Төле би, Әйтеке би, Қазыбек би).

IV кезең. Жорға

Бұл бөлімге ұпайы ең көп екі оқушы қатысады. 1- сұрақ- 1ұпай болып есептеледі.

1- оқушы:

  1. Сиырдың пірі. ( Зеңгі баба).
  2. Жылдан құр қалған жануар. (Түйе ).
  3. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі. (Қазақ тілі).
  4. Басты байлық (Денсаулық).

5.Бір нүктеден шыққан түзу? (сәуле)

  1. Ел басқару саласындағы ең жоғарғы лауазымды тұлға. (Президент).
  2. Қара алтын. (Мұнай).
  3. Ұя салмайтын құс. (Көкек).
  4. 12 ай. (Жыл).
  5. «Кел, балалар, оқылық» өлеңінің авторы.

(Ыбырый Алтынсарин).

  1. Абай әжесі. (Зере).
  2. Көру мүшесі. (Көз).
  3. Санның жүзден бір бөлігі (пайыз)
  4. Табиғи жарық көзі (Күн)
  5. Жер бетінің қағазға кішірейтіліп салынған бейнесі. (Карта).
  6. Заттың сынын білдіретін сөз табы. (Сын есім).
  7. 9- мамыр қандай күн? (Жеңіс күні).
  8. Жаңа туған балаларға ат қойып, оны алғаш бесікке бөлеу жорасы.

(Бесікке салу).

  1. Күйді орындаушы адам. (Күйші).
  2. Ақан серінің  тұлпарының аты. (Құлагер).

2- оқушы:

  1. Түйенің пірі. (Ойсылқара).
  2. Жыл басы не? (Тышқан).
  3. Жердің бетіндегі өсімдік өсетін борпылдақ жұмсақ қабаты. ( Топырақ).
  4. Қазақстан Республикасының ұлтаралық тілі. (Орыс тілі).
  5. Адам денесінің тірегі. (Қаңқа).
  6. Үкіметті кім басқарады? (Премьер —  министр)
  7. Ақ алтын. (Мақта).
  8. Орман дәрігері. (Тоқылдақ).
  9. 7 күн. (Апта).
  10. «Менің атым Қожа» повесінің авторы. (Б. Соқпақбаев).
  11. «Абай жолы» роман- эпопеясының авторы. (М. Әуезов).
  12. Есту мүшесі. (Құлақ).
  13. Ең үлкен уақыт өлшемі (ғасыр)
  14. Қырғызстан астанасы. (Бишкек).
  15. Жер қыртысын толтырып жатқан денелер.

(Тау жыныстары).

  1. Заттың қимылын білдіретін сөз табы. (Етістік).
  2. 16- желтоқсан қандай күн? (Тәуелсіздік күні).
  3. Баланы тәй- тәй бастырып күрмеу жібін шешетін кезең. (Тұсау кесер).
  4. Біржанмен айтысқан ақын қыз. (Сара).
  5. Қобыландының тұлпарының аты. (Тайбурыл).

Жеңімпазды анықтау, қорытындылау, марапаттау.