Уақытты текке өткізбе Тез хабар бер «101»-ге.

Уақытты текке өткізбе

Тез хабар бер «101»-ге.

Мақсаты:  Өрттен сақтану, өртті болыдырмау жөнінде түсініктер беру.

Ойын арқылы өрттен сақтану туралы дағды қалыптастыру.

Жауапкершілікке, ептілікке тәрбиелеу.

Коррекциялық мақсаты:  сөздік қорларын дамыту, сөздерді анық айтуға үйрету.

Көрнекіліктер: -Балалардың өрт туралы суреттері.

-Өрт сөндіру құралдарын салу.

-Суретті плакаттар.

-«Өртке қатысты»жаднамалар.

-Лозунгтер.

Жүру-барысы. І. Өтетін оынды безендіру, жасақтау.

І.2.Балалардың дайындығын пысықтап,  киімдерін ретке келтіру.

І.3.Қажетті көрнекі құралдарды түгендеу, сайыс кезеңі бойынша рет-ретімен қою.

ІІ.Сайыстың басталуы.

Қайырлы күн ұстаздар, қонақтар, оқушылар!

Мектепішілік « Уақытты текке өткізбе, Тез хабар бер «101»-ге. » атты шарамызға қош келдіңіздер! От: досың әрі жауың. Оттың адам өмірінде алатын орны өте ерекше. Егер, отты тым асыра дұрыс пайдалана алмасақ, біз үшін орын толмас зор қайғы-қасірет әкелері хақ. Сондықтан да осы отырған әрқайыссымыз отты пайдаланғанда аса сақ болуымыз керек. Тұрмыста отты үнемділікпен, жауапкершілікпен мұқият ережелерді сақтай отырып пайдалану керек.

Балалардың отпен ойнауы-өрт шығуының кең таралған себептерінің бірі болып табылады. Жалғыз қалған балалар көбіне сіріңкемен ойнап, оның арты қайғылы жағдайға әкеледі. «Өрт –тілсіз жау» деп бекер айтылмаған.

«101»-ге ХАБАРЛАСУДЫ ҰМЫТПАҢДАР!

Шарамызға қош келдіңіздер! Ортаға жеңіске деген жігермен алға ұмтылған  топтарды ортаға шақырамыз.

( Екі топ ортаға келеді.)

Сайысқа қатысушы топтардың іс-әрекетіне баға беретін әділ-қазылар алқасын таныстырып өтейін.

Төрайымы.

Мүшелері:

 

 

 

ІІ.1. Сайысымыздың алғашқы кезеңі «Сәлемдесу.»           

«Алау»  тобы. Ұраны: «Тату болсаң, жеңіске жетесің!»          

   

«Жалын » тобы. Ұраны: «Жеңіске жетуге талпынамыз!»

Төс белгілерін алмастырады.

  1. «Кім тапқыр?» сұраққа жауап беру.

Жалын тобына:

-Өрт сөндіру қызметін шақыру үшін неге «101» нөмері таңдалынып алынған?

(себебі, ол-қарапайым, әрі оңай. Есте сақтауға жеңіл. Екіншіден, ол қысқа, қараңғы жерде де теруге ыңғайлы.)

-Өрт сөндіру қызметін шақыру кезінде 101-телефоны арқылы қандай ақпараттар беру қажет.

(өрт болған нысанның орналасқан мекен-жайын, өрттің шығу орны мен өзінің фамилиясын дереу хабарлау қажет)

-Өрт  сөндірудің алғашқы құралдарына нелер жатады?

(2 көпіршікті өртсөндіргіштер, 2 шелек, күрек пен балта, багор, лом. Қалқан жанында құм салынған жәшік болуы керек.)

-Өрт болып жатқан үйдегі немесе пәтердегі терезені сындыруға бола ма?

( Болмайды. Себебі,  сынған терезе арқылы үйге ауа келеді де, ол өрттің иодан әрі күшеюіне әкеледі).

Алау тобына:

-Егер үйде газ ашық қалып, үйге таралған жағдайда электр жарығын қосу керек пе?

( электр қосқышты, разетканы пайдаланған  кезде жалын шарпуы мүмкін, осының нәтижесінде газдың жарылысы болады).

-Өрт сөндірушінің қызмет киімі қандай қызмет атқарады?

( өрт сөндірушіні судан, жоғарғы температурадан, өрт сөндіру кезіндегі түрлі травмалық жарақаттардан қорғайды).

-Пешке от жағу кезінде қандай өрт сөндіру ережелерін сақтау қажет?

(отынды бензинмен, керосинмен жағуға болмайды. Пешке жанармай материалдарын салуға және балалардың  отты тұтатуына болмайды..)

-Төгілген бензинді қалай сөндіруге болады?

( құм төгіп тастау қажет немесе қалың матамен жауып өшіру керек).

  1. «Тез әрі епті » ойыны.

Шарты:    кедергілер арқылы жүгіріп өтіп, болып жатқан өртті өшіру керек. Жүгіріп келіп, келесі ойыншыға эстафетаны жалғастырады.

АЛҒАШ БОЛҒАН ТОП ЖЕҢІМПАЗ АТАНАДЫ.

  1. ОТ ПЕН СУ ТІЛСІЗ ЖАУ-СУРЕТШІЛЕР БАЙҚАУЫ.

Әр топтан 1-1 суретші шығып, сурет салады. Жұмыстарын таныстырып, қорғайды.

Топтың басқа мүшелеріне жұмбақ қойылады.

Жалын тобына:

-Жаурағанды күлдірер,

Өз еркіне жіберсең,

Дүниені бүлдірер. (от)

 

-Бір үйде тұрады екен 50 батыр,Үй сыртына сүйкенсе-ақ, өліп жатыр.  (сіріңке)

 

-Көрмедім ешкім үйінде,

Қолданбас бұл бұйымды

Жазып қыртыс-қыртысын

Қонымды етер киімді.( үтік)

 

-Жалт-жалт  етер,

Жалмап кетер.  (от)

-Қалпағы бар, Жиегі жоқ

Аузы бар, иегі жоқ.  ( шәйнек)

Алау тобына:

-Бар екен бір жалмауыз жалғанда артық

Жүреді, жүрген шақта өзі шалқып

Темір мен топырақ, тас суды жемес.

Басқаны жеп қояды қойсаң артып.   (от)

-Кішкентай ғана мүсәтір,

Ол мүсәтір жоқ болса

Елдің бәрін мүсәпір. (сіріңке)

-Тұмсығы мықты,

Қыр мен ойды  тегістеп шықты. (үтік)

-Желден желігеді,

Судан шегінеді. (от)

-Түймесін басқан,

Сәулесін шашқан. (электр шамы)

  1. «Ептілер» ойыны.

-Ойын шарты:   Ойынға қатысушы арқасында өрт сөндірудің алғашқы құралдары жапсырылады. Ойыншы артына қарамай тез табу керек.

Шарты: Ойынға қатысушының арқасына өрт сөндірудің алғашқы құралдары жапсырылады. Ойыншы артына жапсырылған құралды дәл таба білуі қажет.

( слайд арқылы сурет көрсетіледі)

6.«Алғашқы жәрдем» көрсету.

сынған, қан кету, жарақат кездегі  алғашқы жәрдемді айтып түсіндіру.

  1. Жағдаяттар

Алау тобына:

-сендер түстен кейін сабаққа дайындалып отыр едіңдер, кенет асханадан өрт шықты. Өрттің жалыны күшті. Сен өз тобыңды 2қабаттан далаға қалай алып шығасың?( 2және 1 қабатты көрсету)

Жалын тобына:

-демалыс уақытында демалып жатырсыңдар. Сен кенеттен 2қабатта компьютер кабинетінен бастап өрт тұтанып жатқанын естідің. Өз тобыңды 3 қабаттан далаға қалай алып шығасың? (схема 3,2,1қабаттарды )

Алау тобына :-Ұйықтап жатыр едің, кенет бөлмеде үтіктен тұтанып жанып жатқан матаны немесе киімді көрдің. Сенің іс -әрекетің…

Жалын тобына:- Сенің көзің қарсы үйден өрттің басталып жатқанын байқап қалды. Сен нендей әрекетке көшесің , қандай мәлімет бересің?

8.Ойын

Шарты: Әр командаға берілген скакалкамен допқа дейін секіріп, скакалканы доптың орнына қойып, допты аяқтың ортасына қыстырып, командаға қайта жүгіреді де, эстафетаны береді.

Қорытындылау. Ұстаздар, оқушылар бүгінгі сайысымыз аяқталды.

Екі топтың мүшелеріне көп-көп рахмет. Әділ қазыларға сөз береміз.

Бүгінгі сайыста топтарға жанкүйер болған көрермендерімізде бар. Сөз кезегін жанкүйерлердің өрт туралы тақпақтарына  береміз.

Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаменті Мемлекеттік өрт бақылау бөлімінің бас маманы Уразагалиева Жаңылсын Уразбайқызына сөз береміз.