Генетиканың маңызы. Денсаулық сақтаудың генетикалық проблемалары.
Сабақтың тақырыбы: Генетиканың маңызы. Денсаулық сақтаудың генетикалық проблемалары.
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Оқушыларда медицина мен денсаулық сақтау үшін
генетиканың маңызы туралы білім жүйесін
қалыптастыру. Тұқым қуалайтын аурулар, олардың
түрлері мен алдын алу жұмыстары туралы білім беру.
Дамытушылық: Денсаулықтың генетикалық негіздері туралы
білімдерін тереңдете отырып ойлау қабілетін дамыту.
Тәрбиелік: Тұқым қуалайтын ауруларды зерттеу тәсілдерін және
олардың маңызын түсіндіре отырып салауатты өмір
салтын қалыптастыруға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: Топтастыру стратегиясы, сұрақ — жауап, венн
диограммасы, сурет бойынша әңгіме, рефераттар т.б
Сабақтың жүру барысы:
І. Ұйымдастыру (2-3 минут)
ІІ . Үй тапсырмасын сұрау
- Сәйкестікті көрсет
Генеалогиялық әдіс | Адам кариотипіне цитологиялық анализ жасау |
Цитогенетикалық әдіс | Шежірелік карта құру арқылы зерттеу |
Онтогенетикалық әдіс | ДНК – ның құрамын зерттеу |
Популяциялық әдіс | Адам онтогенезіне тұқым қуалайтын өзгерістің бар – жоғының анықталуы |
Биохимиялық әдіс | Тұқым қуалайтын ауруларға себеп болатын гендердің таралу жиелігін зерттеу |
Дұрыс жауабы:
Генеалогиялық әдіс | Шежірелік карта құру арқылы зерттеу |
Цитогенетикалық әдіс | Адам кариотипіне цитологиялық анализ жасау |
Онтогенетикалық әдіс | Адам онтогенезіне тұқым қуалайтын өзгерістің бар – жоғының анықталуы |
Популяциялық әдіс | Тұқым қуалайтын ауруларға себеп болатын гендердің таралу жиелігін зерттеу |
Биохимиялық әдіс | ДНК – ның құрамын зерттеу |
2.Венн диограммасы
Басым белгі Белгі Басылыңқы белгі
- Суреттер сөйлейді
Суреттер бойынша әңгіме құрастыр
- Кім жылдам? ( сұрақ – жауап )
А) Генетика дегеніміз не?
Ә) суретте көрсетілген ғалым кім? (Грегор Мендель)
Б) Басым түс — …………….., басымырақ түс — ………………… .
( Доминантты, Рецессивті )
В) Пеннет тор көзі нені білдіреді.
Г) Сәйкес қатардың авторы кім?
( Н. И. Вавилов )
Д) Адам генетикасының қанша әдісі бар?
( 6 әдісі бар )
Ж) Қай әдіс ескілеу?
З) Қай әдіс заман талабына сай?
Е) Мутация деген не?
ІІІ. Жаңа сабақ
Генетиканың маңызы. Денсаулық сақтаудың генетикалық проблемалары.
Жоспары:
- Генетика және эволюция теориясы.
- Генетиканың табиғатты қорғау ісіне қатысы.
- Қазіргі сұрыптауды генетикалық заңдылықтардың жәрдемінсіз іске асыру мүмкін емес.
- Медециналық генетика.
- Денсаулықтың генетикалық көрінісі.
- Генетикалық әлеуметтік проблеммалар.
ІҮ. Жаңа сабақты бекіту сұрақтары
- Осы параграфтан не білдіңдер?
- Генетикалық дамудың қандай бағыттары ең маңызды?
- Медицинада, табиғатты қорғау, ауыл шаруашылығында генетика қандай міндеттердің шешімін табады?
- Медициналық генетиканың мүмкін болатын даму жолдарын атаңдар.
- Негізгі генетикалық заңдылықтармен танысу өз өміріңе қалай әсер етуі мүмкін?
Ү. Қорытынды. Оқушылар шығармашылығы (Рефераттарды қорғау)
ҮІ. Үй тапсырмасы. 209 – беттегі сынақөтем сұрақтарын орындау.
ҮІІ. Бағала