Әке–асқар тау

Әке – асқар тау

 

«Ана — өсiредi, Әке – үйретедi»

Аристотель

Максаты:

  • — Мектеп пен отбасының өзара байланысын, қарым – қатынасын нығайту;
  • — Отбасының қарым – қатынасындағы сенімділікті және сыйластықты қалыптастыру;
  • — Бала тәрбиесінде  Әкенiң  ролі  ерекше   екендігін түсіндіру.

Көрнекілігі: қанатты сөздер «Ата көрген-оқ жонар, ана көрген- тон пішер», шарлар, презентация «Ана — өсiредi, Әке – үйретедi»

Түрі: кофе-брейк, пікір алмасу

Шақырылған қонақтар: 6 сынып оқушыларының әкелерi, мектеп директоры, психолог, мұғалімдер.

/Арнайы безендірілген кабинетке жеңіл дастархан әзілеген болатынбыз, әкелерге кофе дайындап, Кайрат Нуртастың ,, Әкелер,, атты өлеңімен қошеметтеп карсылап алдық. /

Барысы:

І Жүргізуші:  Сәлеметсіздерме ардақты әкелер! Бүгінгі  біздің кездесуімізде, Әкелер, сіздер туралы   әңгіме қозғағымыз келеді. Әке… Бұл  үш  әріпті сөзде не бар?  Әке деген сөз  —  мейрімділік, ержүректік, әдептілік деген ұғымдармен іспеттес. Әкенің бала дүние есігін ашқаннан бастап, оның өсіп дамуына тигізетін әсері маңызды екені баршаңызға мәлім.

Қадірменді әкелер! Сіздің осы кездесуге үй шаруларыңызды тастап, бас тартпай  келуіңіздің өзі – бала бақыты сіз үшін маңызды екенін көрсетеді.

Тренинг: «Мен үшін әке болу – бұл… »

Сөз басында мына ойыншықты /жұмсақ қонжық / бір- бірімізге жалғай отырып, мына фразаны аяқтайық! «Мен үшін әке болу – бұл… »  /бақыт, жетістік, байлық, арман, дәреже, мәртебе, өмір,  жауапкершілік…т.с.с./

Жүргізуші: Керемет! Ой бөліскеніңізге  рахмет! Олай болса, жалғастырайық!

— «Әке – асқар  тау» деп теңестіреді халық даналығы. Әр бала Әкесі мен анасының махаббатының жемісі болғысы келеді. Бақыты бала тек бақыты ата-анада ғана болады. Бала тәрбиесінде Әкенiң  рөлі  ерекше. Алайда,  қанша мүмкіншілік болса да көптеген ер адамдар бала тәрбиелеудің негізгі   жауапкершілігін мойнына алмайды. Психологтардың зерттеуі бойынша, егер әкелер балаларымен тығыз байланыста болып, тәрбиелеу міндетінің жүктемесін мойындарына алатын болса –анаға қарағанда тигізетін әсері басым болатынын айтады.

Ер бала әкені тыңдағысы келеді, оған ұқсас болғысы келеді. Ерекше әсер әрине, — бірігіп ойын ойнау. Көптеген зерттеулер нәтижесі бойынша, мысалы, ана баламен ойын ойнаса, ол әкеге қарағанда, ойнай отырып,баланы күтуді жалғастырады /мысалы: ойнаса да, ол бала құлап қалмаса екен, немесе бір жерін ауыртып алмаса екен, киімін ластап тастамаса екен т.с.с. / Ал әке керісінше,күш, қозғалыс ойындарын таңдайды.Осының салдарынан баланың даму белсенділігі арта түседі. Бұған дәлел, ұлы Аристотель « Ана — өсiредi, Әке – үйретедi» деп бекер айтпаған

Балалар шығармаларынан…

  • -А енді, балалардың жауабына құлақ түрсек! Бiрнеше күн бұрын, тәрбие сағаттарымыздың бірінде балаларға мынадай тапсырма берген болатынмын. ,, Жасырын турде /аноним/ өз әкелерi туралы  жасырмай жазуларын өтiндiм. Олар мынадай сұрақтарға жауап бердi.
  • — Әкемнің ұнайтын жағы
  • — Әкемнің ұнамайтын жағы
  • — Болашақта әке болғанда қандай боламын?

Слайдқа түсірілген балалар жауаптары.

Оқушы хаттарынан…

«Менiң әкемнiң мiнезi қаталдау. Менiң әкемнiң қолынан бәрі келедi. Тамақ пiсiрудi де бiледi. Өз әкемдi мақтан тұтамын. Ол бізге әрдайым қамқор болып жүредi. Оның жүрегi таза, жомарт адам.

Маған әкемнiң ғана айқайлағаны ұнамайды»

«Әкемнiң енбекқорлығы, байсалдығы ұнайды. Жазда әкем екеумiз өзенге шомылуға барамыз. Ол маған мотоцикл айдауды үйреттi. Сол сәт өте қызықты. Папа математик, екеумiз доспыз. Әкемдi жақсы көремiн. Папамды көрмей жүрмiн — сол жаныма батады»

«Маған әкемнiң күлгенi, бiзбен ойнағаны ұнайды. Ол ешкiмнiң қолын қайырмайды. Маған барлық затты алып бередi.

Әкемнiн анама ұрысқаны ұнамайды

«Әкемнiң ойнағаны, маған есеп шығарысқаны ұнайды. Менiң әкем дүниедегi ең жақсы адам.

Маған әкемнiң ішімдік iшкенi ұнамайды. Конаққа барғанын ұнатпаймын. Менiң әкем арақ iшпесе –жақсы  адам

«Маған әкемнiң мейiрiмдiлiгi, кеңпейiлдiлігi ұнайды. Ол шебер адам. Ол менi әрқашан түсiнедi. Ол менiң кеңесiмдi тындайды. Ол өте ,өте, өте жақсы адам.

Әкемнiң ұнамайтын жерi, ол жаңа зат алған кезде көп ойланады. Оған жаңа заттың пайдасын түсiндiру киын. Бәрібір ол өте жақсы»

Жүргізуші: Иә, өзіңіз байқап тұрсыз, бала жұрегінде  тіпті ,,осал,, әкелерге де орын табылады. Әкесіз өскен баланың даму деңгейі төмен, оларда уайымшылдық және неврология синдромдары көп кездеседі. Әкенің жоқ болуы баланың сабағына, белсенділігіне әсерін тигізеді. Әсіресе ер балалардың. Оларға ержүрек болу, жалпы ер адам стилін ұстанып жұру қиындау соғады. Бұның бәрі, әрине, агрессияға және қатыгездікке әкеліп соқтырады. Нағыз бетке ұстар  /идеальный отец/ әке болу үшін ешқандай жаттығулар, дайындықтар қажет емес, бір нәрсе ғана керек. Ол-ұмтылыс.

Балаға тек әкесінің қасында болғаны жетік. Әкемен  әңгімелесу, сыр бөлісудің өзі, факт жүзінде,оте пайдалы.

Барлығыңызға бала тәрбиесінде сәттілік тілеймін!

Жүргізуші:- Ал енді,сіздер қандай әке екеніңізді білгіңіз келеме? Олай болса, мына тест сұрақтарына назар аударайық?

Тест сұрақтары

  1. Сіз өзіңіздің ата-анаңызға көмектесесізбе?
  2. Сіз қайың жұртыңызбен жиі араласасызба?
  3. Балаңыз сұраған заттардың бәрін алып бересізбе?
  4. Балаңыздың көзінше жұбайыңызбен ұрыспауға тырысасызба?
  5. Сіз балаңыздың \қызыңыздың\ дене бітімінің, ой ұшқырлығының дамуына ат салысасызба?
  6. Балаға берген сертіңізді үнемі орындайсызба?
  7. Балаңыздың \қызыңыздың\    үй шаруасында белгілі бір міндеті бар ма?
  8. Балаңыздың \қызыңыздың\ досы кім екенін білесізбе?
  9. Балаңыз \қызыңыз\ сізге сырын айтама?
  10. 1о. өзіңізді жақсы әке деп есептейсізбе?

Тест қортындысы:

  • -егер барлық сұрақтарға ,,ия,, деп жауап берген болсаңыз – сіз нағыз үлгілі әкесіз!
  • -егер ,,4,, немесе ,,6,, сұраққа ,,ия,, деп жауап берген болсаңыз – сіз міндетті түрде жанұяңызбен айналысып, балаларға деген көзқарасыңызды жедел өзгерту керексіз!
  • — егер ,,1,, немесе ,,3,, сұраққа ,,ия,, деп жауап берген болсаңыз – сіз бәрінде түсүніп,  бүгіннен бастап жанұяңызға және балаларыңызға көзқарасыңызды өзгертесіз!

Көрініс ,,Бала мен әке,,

Ән ,, Әкешім,,

Жүргізуші:  /әкелерді класс өмірімен таныстыру, слайд, фотолар корсету/.

Слайд

6-шы сынып белсендiлерi:               

Талапова Ляззат — сынып президентi

Жумагереева Данара — бiлiм министрi

Камалов Ербол — мәдениет министрi

Бекбулатов Чингиз — спорт секторы

Казиуллина Камила — тазалық

Ильясова Балсулу — секторлары

Бiздiн мактанышымыз:

Талапова Ләззат – оқу озаты

Казиуллина Камила – оқу озаты

Жумагереева Данара –  оқу екпiндiсі

Ильясова Балсұлу  –  оқу екпiндiсі

Нарымбаева Ару –  оқу екпiндiсі

Бекбулатов Чингиз  –  оқу екпiндiсі

Тулегенов Дарын – оқу екпiндiсі

әкелермен әңгімелесу, мерекелерде, сабактарда  түскен фотоларын көрсетіп,оларды қуанту.

Корытынды

Жүргізуші:  — қорыта келе, ардакты әкелер, балалы болу – бақыт екенін естен шығармайық!

Балаларыңызға  бакытты балалык шак сыйлай біліп  қана  емес, өзіңіз де  болашақта  мақтан тұтуға лайық, үлгілі әке  болыңыз  деп тілеймін.

Ал нағыз өнегелі әке қандай болуы керек? Бала тәрбисінде әке араласу керек пе? Бұл сұраққа жауап өзіңізде!

Автордан: кездесу отырысы аяқталғанан кейін әкелерді спортзалға шақырып, оларға түлі спорттық жарыстар ұйымдастырдық. /армреслинг,гір тасын көтеру, мылтық ату т.б./ Спорттық жарысты балалары да көріп, жанкүйер болды. Кеш өте әсерлі және қызықты өтті.

Авторы: Жумашева Айнур Биржановна