Физика пәнінен жаратылыстану бағыты бойынша тереңдетіп оқытуға қосымша сабақ (факультатив) жоспары
Алматы облысы Жамбыл ауданы Үңгіртас орта мектебі
Физика пәнінен жаратылыстану бағыты бойынша тереңдетіп оқытуға қосымша сабақ (факультатив) жоспары
11 сынып (68 сағат, аптасына 2 сағаттан)
Мақсаты:
- Оқушылар бойына «физика және техника» ғылымдарына деген шынайы сүйіспеншілікті дарыту, олардың танымдық және шығармашылық қабілетін дамыту, деңгейлік есептер шығару.
- Оқушылардың шығармашылық жұмыстарын көрсету мақсатында семинар – сабақтарды ұйымдастырып беру.
- Пәнаралық байланысты арттыру. Физика есептерін математикалық тәсілдермен шешу әдістерін игеруге баулу. Физика пәнінің информатика, технология саласындағы жетістіктерін ұғындыру, компьютерлік бағдарламалар арқылы физиканы үйрену әдістерін меңгерту.
Міндеттері:
- Пәнге деген қызығушылық қабілетін, логикалық ойлауын қалыптастыру.
- Оқыту барысында болашақ еңбек қызметіне қажет екендігіне көз жеткізу.
- Негізгі мектепте қалыптасқан ақпараттарды кеңейту және жетілдіру.
- Курс барысында алған білімдерін түрлі жағдайларға қолдану және дамыту (рефераттар, зертханалық жұмыстар).
Күтілген нәтижелер:
қолданбалы курсты оқытудың соңында оқушылар:
— физикалық ұғымдар мен шамалардың мағынасын түсіне білу.
— физика заңдарының практикалық қолданыстарын түсініп, игере білу;
— есеп шығарған кезде сызбада берілген шамаларды (S, V, a, v, Т, Р т.б) олардың арасындағы тәуелділікті дұрыс тауып анықтай білу;
— нақты мысалдар арқылы механикалық энергия туралы, жылу энергетикасы мен ядролық энергетиканың экологиялық проблемаларын түсіндіре алу;
— электроэнергетика элементтерімен (түрлері, сызбасы, құрылысы) танысып,оны өмірде дұрыс пайдалана білу;
— тарихи материалдар негізінде физиканың электротехника дамуындағы алатын орнын түсіне білу;
— зерттеу әдістерін (эксперимент жүргізу, әдебиетке шолу жасау, мәліметтерді талдау) жоспарлай білу, эксперименттік фактілер және сәйкес кестелер мен статистикалық мәліметтер негізінде қорытындылар жасау, іздену және зерттеу жұмыстарының нәтижелерін дайындай білу;
— физика пәнінен меңгерген білім, іскерлік, дағдыларын басқа пәндерден алған білімдерімен ұштастыра білу;
— электрондық оқу құралдарын тиімді пайдалана білу;
— ҰБТ –ден жоғары нәтижеге ие болу сияқты нәтижелерге қол жеткізуі тиіс.
Қосымша сабақ жоспары төмендегі әдебиеттерден пайдаланып жасалды:
- Б. Кронгарт В. Кем «Физика 10 сынып». Алматы 2006ж.
- «Физика 11 сынып». Алматы 2006ж.
- Р. Башарұлы «физика 9 сынып». Алматы 2009ж.
- Б. Дүйсембаева «физика 8 сынып». Алматы 2008ж.
- Бейінді оқытуды ұйымдастыру (қолданбалы курс бағдарламасы). Алматы 2009ж.
- Ы. Алтынсарин атындағы ҚБА «Бағдарламалар 8-9 сынып». Алматы 2006ж.
- Ы. Алтынсарин атындағы ҚБА «Бағдарламалар 10-11 сынып». Алматы 2006ж.
- Оқушы анықтамасы (7-11 сыныптар). «Арман-ПВ» баспасы, 2005ж.
- Электронды оқулық «физика 10 сынып».
- В.С Волькенштейн «Жалпы физика курсының есептер жинағы». Алматы «мектеп» 1980ж.
- Р. Рымкевич «Физика есептер жинағы».
Күнтізбелік жоспар
№ | Тақырыбы | Сағат саны | Ұйымдастыру формасы |
Жылу құбылыстары | 5 | ||
1 | Ішкі энергия, оның өзгерісі, жылу берілу, жылу мөлшерін есептеу, меншікті жану жылуы | 1 | Лекция |
2 | Балқу және қатаю, меншікті балқу жылуы, Булану, қайнау, меншікті булану жылуы | 1 | Лекция |
3 | Термодинамиканың 1 заңы, ПӘК | 1 | Лекция |
4 | Жылу құбылыстарының есептері | 1 | Есеп |
5 | Қазақстанның жылу энергетикасы | 1 | Оқушы рефераты |
Электр құбылыстары | 5 | ||
6 | Электр өрісі, заряды, өткізгіштер, электр өріс кернеулігі мен потенциалдар айырымы арасындағы байланыс. Электр тоғы, өткізгішті тізбектей және параллель жалғау. әр түрлі ортадағы электр тоғы, электролиз | 3 | Лекция / есеп |
7 | Электр тізбегіне арналған есептер | 1 | Есеп |
8 | Жылу құбылыстары және электр бөліміне арналған тест | 1 | Емтихан |
Электр – магниттік құбылыстар | 2 | ||
9 | Магнит өрісі, тоғы бар өткізгішке магнит өрісінің әсері, электро – магниттік индукция | 1 | Лекция |
10 | Электр – магнитті құрастыру және оның әсерін сынау | 1 | Зерт. жұмыс |
Жарық құбылыстары | 2 | ||
11 | Жарық жылдамдығы, жарық шағылуы, линзалар | 1 | Лекция |
12 | Линза көмегімен кескін алу | 1 | Зерт. Жұмыс және есеп |
Қозғалыс және денелердің өзара әсері | 5 | ||
13 | Тең айнымалы, еркін түсу, шеңбер бойымен қозғалыстар. Ньютонның 2,1 заңдары, масса және салмақ. Дене импульсі, энергияның айналу және сақталу заңы | 3 | Лекция және есеп |
14 | Қозғалыстарды электронды бейнелеу | 1 | Электронды оқыту |
15 | Электр – магнит, жарық және механика бөліміне тест | 1 | Емтихан |
Тербелістермен толқындар | 3 | ||
16 | Тербелістер, резонанс, эм тербелістер | 1 | Лекция |
17 | Маятник көмегімен еркін түсу үдеуін анықтау | 1 | Зерт. Жұмыс |
18 | «Қазсәт 2» және Қазақстан ғарыш әлемінде | 1 | Оқушы рефераты |
Аспан сферасы | 2 | ||
Жұлдызды аспан, жергілікті, белдеулік және бүкіл әлемдік уақыт. Кеплер заңы. | 2 | Лекция және есеп | |
Атом ядросы, ядролық энергияны пайдалану | 4 | ||
19 | Фотоэффект, радиоактивтілік | 3 | Есеп және лекция |
20 | Қазақстанда атом энергиясынан пайдаланатын өндіріс орындарын құру керек пе? | 1 | Сөз сайысы |
Механика | 5 | ||
21 | Кинематика, динамика, сұйықтармен газдардың қозғалысы | 4 | Лекция және есп |
22 | Үйкеліс коэффицентін әр түрлі тәсілмен анықтау | 1 | Зерт. Жұмыс |
Молекулалық физика және термодинамика | 6 | ||
23 | Молекулалық – кинетикалық теория негіздері | 3 | Лекция және есп |
24 | Термодинамика негіздері | 2 | Лекция және есеп |
25 | Қазақстан жылу энергетикасы | 1 | Оқушы рефераты |
Электродинамика | 9 | ||
26 | Электростатика, тұрақты электр тоғы, магнит өрісі, электромагниттік индукция, әр түрлі ортадағы электр тоғы | 7 | Лекция және есептеулер |
27 | Электромагниттік индукцияны зерделеу | 1 | Зерт. Жұмыс |
28 | Механика, молекулалық физика, электродинамика бөліміне арналған тест | 1 | Емтихан |
Электродинамика (жалғасы) | 6 | ||
29 | Электромагниттік тербелістер, айнымалы ток, электромагниттік толқындар | 5 | Лекция және есп |
30 | Айнымалы токтың пайда болу заңдылығы | 1 | Зерт. Жұмыс |
Оптика | 3 | ||
31 | Жарық толқындары, дифракция, жарықтың сынуы, линзалар | 2 | Лекция және есеп |
32 | Проекторды пайдаланып электронды оқыту | 1 | Электронды сабақ |
Кванттық физика | 5 | ||
33 | Жарық кванты, атом физикасы, атом ядросының физикасы | 5 | Лекция және есеп |
әлем | 3 | ||
33 | Жұлдыздар және күн, планеталар | 3 | Электронды сабақ және лекция |
34 | ҰБТ – ке дайындық | 3 | Тест |