«Физика өмірде»
Тақырыбы: «Физика өмірде»
Мақсаты: Оқушылардың теориялық білімдерін өмірде қолдана білуін
дағдыландыру. Пәнге қызығушылығы мен таным белсенділігін
арттыру.
Әдісі: Практикалық, демонстрациялық, сұрақ-жауап жарыстар.
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, физикалық приборлар, компьютер, таратпа
материалдары, тәжірибеге керекті заттар;
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру
- Сәлемдесу. (Физика тілінде топтрдың сәлемдесуі)
- Жорға кезеңі. Әр топқа 10 сұрақтан қойылады. (әр дұрыс жауапқа 1
ұпай)
- Бұл фокус емес, бұл – Физика! (Тәжірибе жасау)
- Физика қиын, ашиды миың. (Көрермендерге физикалық сұрақтар)
- Капитандар сайысы. (Әннің физикалық мағынасын ашу, формула
құрастыру)
- Фантомимо. (Карточкада көрсетілген физикалық құбылыстарды
көрсет)
1-жүргізуші:
Қайырлы күн, құрметті көрермен!
Сөз бастайын термелейтін өлеңмен
Тәрбиелі, білімді боп әрқашан
Өс, өркенде, қанат жайып кемелден!
2-жүргізуші:
Армысыздар құрметті ұстаздар мен оқушылар!
Баршаңызды «Физика өмірде» атты сайысқа қош келдіңіздер. Біз бүгін сайысымызды 8-9 сыныптар арасында жүргіземіз.
Сұрақпен сайысады үш команда
Алға озар ең мықтысы осы жолда
Көпшілік өнерлерін қызықтамак
Сұрайық шығуларын жұрт алдына
Сайысушы топтарды ортаға шақырамыз.
1-жүргізуші: Енді сіздерді ойын шартымен таныстырып өтейік:
- Сәлемдесу. (Физика тілінде топтрдың сәлемдесуі)
- Жорға кезеңі. Әр топқа 10 сұрақтан қойылады. (әр дұрыс жауапқа 1
ұпай)
- Бұл фокус емес, бұл – Физика! (Тәжірибе жасау)
- Физика қиын, ашиды миың. (Көрермендерге физикалық сұрақтар)
- Капитандар сайысы. (Әннің физикалық мағынасын ашу, формула
құрастыру)
- Фантомимо. (Карточкада көрсетілген физикалық құбылыстарды
көрсет)
2-жүргізуші:
Армысыздар құрметті төрешілер,
Сайысын әрбір топтың көрерсіздер.
Таразының екі басын тең қойып,
Сіздер бүгін әділ баға берерсіздер
1-жүргізуші:
Кезек келіп өжеттеніп, сөз алыппын
Танысайық, ғажап ойын, ғажап күн.
Тегіміз бір – батырақ та, бай да емес,
Емеспіз бе, азаматы қазақтың! – деп, әділқазы алқаларымен
таныстыру.
2-жүргізуші: I кезеңімізді бастайық. Мұнда бір топ өздерін таныстырады.
- «Күш» тобының таныстыруы:
Бізідің ұран – Біз күшпіз тартамыз, тебеміз, әлемге тартылыс береміз, әділдік
жолына сенеміз!
— Біз күшпіз, сондықтан да жеңеміз!
- «Заряд» тобының таныстыруы:
Қызық заңдар қайда, қиын теңдеу қайда
Оны шешер өжет жастар қайда?
Олар «заряд» тобында!
- «Атом» тобының таныстыруы:
Асыл тастан, өнер жастан
Шығады деп дарынды.
Халық айтса, қалып айтпас
Өнері асқан дарынды.
Физиканың жолын қуған
Атом тобының атынан,
Қабылдаңыздар, шын жүректен
Сәлем сіздерге жалынды!
1-жүргізуші: II кезең жорға кезеңі.
«Күш» тобынан бастайық. Топ мүшелерін ортаға шақырамыз.
10 сұраққа жауап беруге дайынсыз ба?
- Заттың сұйық күйден, қатты күйге өтуі? – (кристалдану, қатаю)
- Тұтас алғанда атом заряды? – ( бейтарап)
- Тоқ күшін өлшейтін құрал — (амперметр)
- Қуаттың өлшем бірлігі – (Ватт)
- Материяның ажырамас қасиеті – (қозғалыс)
- Жылдамдықтың өлшем біолігі — (м/с)
- Бойымен жарық таралатын сызық – (сәуле)
- Еркін түсу үдеуі неге тең – (9,8 м/с2)
- Сүт неше градуста қайнайды? (1000С)
- Салмақтың өлшем бірлігі – (Н)
2-жүргізуші: «Заряд» тобына сұрақтар:
- Заттың сұйық күйден , газ күйіне өтуі – (булану)
- Атомның теріс зарядталған бөлшегі – (электрон)
- Кернеуді өлшейтін құрал – (вольтметр)
- Тоқ күші кернеуге тура пропорционал, кедергіге кері пропорционал кімнің заңы – (Ом заңы)
- Заттың үш күйі – (қатты, сұйық, газ)
6.Қан қысымын өлшеуге арналған прибор — (танометр)
- Жарықтың вакуумдегі жылдамдығы неге тең – (300 000 км/сағ)
- Мөлдір емес денеден өтетін сәуле – (Рентген сәулесі)
- Ньютонның I заңы не деп аталады? – (Инерция)
- Циклдік жиілік қандай әріппен белгіленеді? – (ω)
1-жүргізуші: «Атомдар» тобына сұрақтар:
- Ядроның бейтарап бөлшегі – (нейтрон)
- Электр зарядының өлшем бірлігі – (Кулон)
- F=-kx кімнің заңы? – (Гук заңы)
- Жиіліктің өлшем бірлігі – (Герц)
- Ең алғаш радионы ойлап тапқан кім? – (Попов)
- Қысымның өлшем бірлігі – (Па)
- Бөлінбейтін бөлшек – (атом)
- Денеге әсер етуші күш дене массасы мен үдеуінің көбейтіндісіне тең кімнің заңы? – (Ньютонның II заңы)
- Қай планетаның сақинасы бар? – (Сатурн)
- Қазақстанда ең алғаш теледидир қай жылы пайда болды? – (1958ж.)
2-жүргізуші: III кезең. «Бұл фокус емес, бұл физика» деп аталады.
Тәжірибелер сайысы. Көрсеткен тәжірибелерін түсіндіреді.
- «Стаканның қағаз қақпағы» (стакан, су, қағаз)
- «Мұзды судан алу» (мұз, стакан, тұз, жіп)
Үш топтың көріністерін тамашалаймыз:
- «Бутылкаға жұмыртқаны салу» (бутылка, жұмыртқа, қағаз, сіріңке)
- «Теңгені құрғақ алу» (теңге, тәрелке, су, картоп, сіріңке, стакан)
1-жүргізуші: IV кезең. «Физика қиын, ашиды миың»
Көрермендерге сұрақтар:
- Екі жұмыртқа біреуі піскен, екіншісі шикі қалай ажыратамыз? (Айналдыру арқылы. Қатты дене мен сұйықтардың қозғалысы арқылы білеміз.)
- Адамның алғашқы мінген көлігі не? (балалар арбасы)
- Үстіне қара құм, не күл сепсек қар тез ериді, неге? (Қара түс күн сәулесін тез жұтады)
- Таудан түскенде автомобильдің қай дөңгелегі айналмайды? (артық дөңгелегі, запаска)
- Жердің қай жерінде ең ұзақ тәулік? (Барлық жерінде бірдей (24 сағ)
- Батареяны өлтіретін металл (күміс)
- Судың кішкене бөлшегі қалай аталады? (тамшы)
- Кім барлық тілде сөйлей алады?»
- Өзен сияқты бір бағытта ағады және тоқтамайды (сағат)
- Не көрінеді, егер ештеңе көрінбесе? (тұман)
2-жүргізуші: V кезең. Капитандар сайысы.
3 капитанға 3 әннің мәтіні беріледі.
1-тапсырма.
Осы әннің бір шумағын орындау немесе орындаушыны айту. Әнде кездескен сөздердің физикалық мағынасын ашу.
- Желсіз түнде жарық ай…. (Жарықтың шығу құбылысы)
- Тыныш еді өмірім… (Инерция заңы)
- Жұлдызды түнде шаттанамын… (Жұлдыздардың ашық түнде жарқырауы
физикалық құбылыс)
2-тапсырма. Формула құрастыр.
F, Q , m, N, S, k, g, P, p, V, c, q, t, ρ٫ μ٫ a, v, h, x, r,λ;
1-жүргізуші: IV кезең. Фантомимо – карточкада көрсетілген физикалық
құбылысты көрсету, қарсылас топтар оның қандай құбылыс екенін анықтайды.
- Зарядтардың бірін-бірі тарту және тебу құбылыстары.
- Деформация (созылу, иілу, бұралу).
- Броундық қозғалыс (молекулалардың бейберекет қозғалысы).
Сөз кезегі әділ қазыларда…
Білім деген биік шың
Бақытқа сені жеткізер.
Білім деген ақылщың
Қиындықтан өткізер…деп бүгінгі сайысымызды аяқтаймыз.
2-жүргізуші: Келіп қатысып, тамашалағандарыңызға рахмет!