«Математика ғылымдар патшасы» атты математикалық сайыс
Аудандық семинарда өтілген сыныптан тыс жұмыс
Құрметті қоңақтар мен оқушылар!
5-6 сыныптарға арналған «Математика ғылымдар патшасы» атты математикалық сайысымызға қош келдіңіздер.
Математика сырлары
Қызықтырады біздерді
Сайысқа бірге қатысуыға
Шақырамыз сіздерді.
Біреу озса жарыста,
Біреуі арта қалады,
Ренжімей тараса,
Озбағандар жарады,
Жарыс заңы ежелден
Жеңімпазды аңықтау.
Жеңімпаз болу шарты сол
Еңбектену жалықпау,
Сәт сапар, тілеп бәріңе,
Сайысыты біздер бастайық.
Көрсетіңдер өнерді,
Қалмаңыздар жасқанып- дей келе құрметпенен сайыскерлерімізді ортаға шақырайық.
Мақсаты: оқушылардың ой өрісін, ойлау логикасын, білім дағдыларын қалыптастыру.Оқушыларды топпен жұмыс істей отырып, шапшаңдыққа,зеректілікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сайысымызды бастамас бұрын әділқазылар алқасымен таныстырып өтейін.
«Математика сайысының» өту барысы
І.Сәлемдесу
ІІ.Газет байқауы
ІІІ.Кім көп біледі?
IV.Тапқырлық сайысы
V.Сандар сыры
VI.Құпиясын тап
VII.Формулалар билейді
VIII.Тірек сызбаны толтыру
ІХ.Ойымды жалғастыр
Х.Практикалық есеп
ХІ.Оқушылар қойлымы
ХІІ.Тіл өнері
ХІІІ.Тобыңды шыңға шығар
Басталық ақыл ойдың дара кешін,
Халайық сендер бізге жақын келші.
Математика ғылымына ұмтылғандар,
Сен егер кім екенін білгің келсе деп сайысымызды бастаймыз.
Топтардың сәлемдесуінен бастаймыз «Сәлемдесу» бөлімі.
«Сандар» тобынан бастаймыз.
Кезекте «Өлшемдер» тобының сәлемдесуіне береміз.
ІІ сайысымыз газеттер байқауы.Газет шығару үй тапсырмасына берілген болатын.Бұл сайыста топтар шығарған газеттерін қорғайды.
Газет құрлымы жоғарғы 10 ұпай мен бағаланады.
Білмеймін деп қысылма,
Талабың болса бойында.
Өнерлінің ырысы,
Жарқырап жатыр жолыңда деп келесі кезекте «Кім көп біледі?» сайысына береміз. Бұл сайыста әр топқа сұрақтар қойылады. Жылдам тез жауап беру қажет.
«Сандар» тобынан бастаймыз.
1.Амалдар таңбаларынан, жақшалардан және сандардан ғана құрастыратын өрнек қалай аталады?(санды өрнек)
2.Жазықтықтағы геометриялық фигуралардың барлық қабырғалары ұзындықтарының қосындысы қалай аталады?(периметр)
3.Натурал сандардың әрқайсысы бөлінетін ең үлкен натурал сан қалай аталады?(Ең үлкен ортақ бқлгіш)
4.Кез келген санды 0- ге көбейтсек қандай сан шығады?(о)
5.Бірлік кесіндісі берілген сәуле? (координаталық сәуле)
6.Мектепке келе жатқан 5 балаға қарсы жолда 4 бала жолықты. Мектепке
неше бала барды?(5)
7.3 пен 6-ның ең үлкен ортақ бөлгіш?(3)
8.1, 3, 5, 7 қандай цифрлар дейміз?(тақ)
9.9 дың квадраты?(81)
10.Қайрат Жанардан кіші,бірақ Талғаттан үлкен.Ал Жанардан үлкен болса,
ең үлкен кім?(Ажар)
Кезекте «Өлшемдер» тобына береміз.
1.Құрамында әріптері ба5р өрнек қалай аталады?(әріпті өрнек)
2.Берілген натурал сандардың әрқайсысына еселік болатын ең кіші натурал санды қалай атаймыз? (Ең кіші ортақ еселік)
3.Бір жанұяның 5 ер баласы және олардың әрқасысының қарындастары бар.Жанұяның мықты болсан қанша баласы бар?(6)
4.Ұзындығы бірлік ретінде алынған кесінді? (бірлік кесінді)
5.1жұмыртқа 3 минутта піссе, 4жұмыртқа қанша минутта піседі?(үш)
6.4 пен 6-ның ең үлкен ортақ бөлгіші ?(2)
7.Бөлменің төрт бұрышында бір – бір мысықтан отыр.Әр мысықтың алдында үш мысықтан отыр.Барлығы бөлмеде неше мысық отыр?(4)
8.Барлық қабырғалары тең тік төртбұрыш?`(квадрат)
9.0, 2, 4, 6, 8 цифрлар дейміз? (жұп)
10.15- тің квадраты?(25)
Келесі «Тапқырлық» сайыста бір жолды өлең беріледі, өлеңнің ұйқасын тауып жалғастырыңдар.
«Сандар» тобына
5 жерде бесім 25
Математика мен тарих бір емес.
«Өлшемдер» тобына
Мен шығамын деп ерледі,
Қол көтеріп Есепгүл.
Сандардың сырына біз үңілеміз,
Үйреңбеген достардан түңілеміз
Қасиетті сандарға байланысты
Дәстүрлі ұғымдарға тоқталамыз.
«Сандар сыры» сайысына кезек береміз.Бұл сайыста 3, 5, 7 қасиетті сандар ұғымдары туралы айтамыз.
Мысалы, үш қуат (ақыл, жүрек, тіл)
Келесі сайысымыз «Құпиясын тап».Оқушылар адасқан әріптерді құрастырып математикалық мағынасы бар сөздер құрастырады.
«Сандар» тобына анс,үзтү, лельпарал,ларофму, ұбрыш.
«Өлшемдер» тобына бешеңр,рвадкат,луеәс,мөлше,еңтуде.
Келесі «Формулалар билейді» сайысымыз.Бұл сайыста оқушылар формуланың жалғасын табу керек.
Келесі сайысымыз «Тірек сызбаны толтыру» топтарға үлестірмелі материалдар таратылады.
Келесі сайыс «Ойымды жалғастыр».Бұл сайыста мақал- мәтелдерді жалғастырады.
«Сандар» тобына.
Жеті жұрттың тілін біл,(жеті түрлі білім біл)
Білікті бірді жығар,(білімді мыңды жығар)
Білгенің бір тоғыз(білмегенің тоқсан тоғыз)
Жеті рет өлшеп (бір рет кес)
Бір елу ауызға, (екі елі қақпақ)
Жүз сомың болғанша (жүз досың болсың)
Отыз тістен шыққан сөз(отыз елге тарайды)
Екі жақсы қас болмас, (екі жаман дос болмас)
Бір кісі қазған құдыққа(мың кісі су ішеді)
«Өлшемдер» тобына.
Бір тал ексең,(он тал ек)
Айдағаның бес ешкі(ысқырғанын жер жарады)
Екі қошқардың басы, (бір қазанға симайды)
Бас екеу болмайды,(мал екеу болмайды)
Алтау ала болса, ауыздағы кетеді,(төртеу түгел болса, төбедегі келеді)
Құда мың жылдық (күйеу жүз жылдық)
Анаңды меккеге үш рет арқалап апарсаң да, (қарызыңнан құтыла алмайсың)
Бір жеңнен қол шығар,(бір жағадан бас шығар)
Екі жарты-(бір бүтін)
Келесі сайысымыз «Практикалық есеп» бұл сайыста ленталардан көз мөлшермен 20см, 30см, 50см, 80см кесіп алу керек.
Келесі сайысымыз үй тапсырмасына берілген оқушылар қойылымы.
«Сандар» тобы «Нөл және бір» ертегісі.
«Өлшемдер» тобы «Арифметикалық орта» қойлымы.
Білім деген биік шың,
Бақытқа сені жеткізеді.
Білім деген ақылшың,
Қиындықтан өткізер-дей келе келесі кезекте «Тіл өнер» сайысы.Бұл сайысты жұмбақ жасырлады, жұмбақтың шешімін тауып, орыс, ағылшын тілдеріне аударыңыздар.
1.Жоқ өзінде бас та, қас та, мойын да,
Ұзындығы жазулы тұр бойында.(сызғыш, линейка,a ruler)
2.Ел құлағы нешеу(елу, пятьдесять, fifty)
3.Отыз тістен шыққан сөз –неше рулы елге тарайды(отыз,трицать,sooty)
4.Қабат –қабат қаттама, ақылын болса аттама(кітап,книга,book)
5.Жиырма төрт батыр бірін –бірі жеп жатыр(дойбы,шашки,a strip)
6.Алды –артымыз шексізде,
Жете алмайсың біздерге
Сәуле мен кесінді
Шыққан тегін білесің бе?(түзу, прямая,straigt)
7.Нәрселерді санағанда ,
Керек біізге ауадай,
Айтындаршы бұл қандай сан
Жан –жағына қарамай(натурал сан,натуральные числа, real)
«Тобыңды шыңға шығар» топ басшылар сайысы.
Бұл сайыста топ басшылары жылдам тез санап шығу керек.
Қорытындылау:Қиындықтан сірә да біз қашпаймыз,
Алғырлықпен тапқырлықты ұштаймыз.
Қиялдарға самғап ұшқан құстаймыз,
Шегінбейміз жеңістерге бастаймыз – дей отырып,
жеңімпаз топты анықтау үшін әділқазылар алқасына сөз кезегін берейік.