«Білімділер мекені» зияткерлік сайысы
Күні:
Тақырыбы: «Білімділер мекені» зияткерлік сайысы
Мақсаты: Оқушылардың білімдерін тиянақтау. Өткен тақырыптарды еске түсіру. Барлық пәнді қамту арқылы, оқушылардың сөздік қорларын байыту, ой-өрістерін кеңейту, логикалық ойлау өрістерін дамыту. Ұйымшылдыққа, шапшаңдылыққа тәрбиелеу.
Әдісі: түсіндіру, интерактивті, сұрақ-жауап
Көрнекілігі: интерактивті тақта
Ұйымдастыру кезеңі:
Сәлеметсіздер ме, оқушылар, ұстаздар! Бүгінгі біздің «Білімділер мекені» атты зияткерлік сайысымызға қош келдіңіздер!
Сайысымызды бастамас бұрын сайыс кезеңдерімен таныс болыңыздар.
- Таныстыру
- Кім жылдам?
- Мозайка
- Тапқыр
- Ненің дауысы?
- Логика әлемі
- Ән шырқашы
Әділқазы мүшелерімен де таныстырып кетейін.
Сіздер 3 топқа бөлініп отырсыздар. Бүгінгі сайыс 3 топ арасында өтеді.
Командалар дайын болса, сайысымызды бастайық.
1 кезең Таныстыру. Бұл кезеңде әр топ өздеріне ат қояды, ұрандарын шығарады.
2 кезең Кім жылдам? Бұл кезеңде сендерге әр пәннен сұрақтар қойылады. Жауабын тапқан топ алдарыңда тұрған жалаушаны көтереді.
- Сары кілем төселген жер. Тиін. Борсық. Қоян. Қай шығармадан алынған?
- Абай аударған «Шегіртке мен құмырсқа» мысалын жазған кім?
- Егер бөлгішті бөліндінің мәніне көбейтсе, онда__________________
- Тез есепте 12:2+5
- Тудың авторын ата
- Сөз таптарын ата
- Сөйлеу не үшін қажет?
3 кезең Мозайка Ортаға 3 топтың басшысы шықсын. Мына жерде 3 конверт берілген. Осы конверт ішінде 3 қиылған сурет бар. Сол суретті құрастырып, шыққан суретке 1 шумақ өлең жазу. Балық, көбелек, сағат
4 кезең Тапқыр.
Қара өрік мыны қалақтың ішінде тұр. Екі сіріңкені қозғалтып, қара өрікті сыртқа шығар.
5 кезең Ненің дауысы? Қазір сендерге әр түрлі жануарлардың, құстардың дауыстары беріледі. Соны табуларын керек.
6 кезең Логика әлемі. Бұл кезеңде сендерге логикалық сұрақтар беріледі. Жалаушаны бірінші боп көтерген топ жауап береді.
- Қай кезде біз 2 санына қарап,«он» деп айтамыз?
- Егер тырна бір аяғымен тұрса 3 кг болады, ал екі аяғымен тұрса оның салмағы қанша?
- Наурыз тойы кезі. Ат жарыс өтуде. Үш пар ат 60 км шауып өтсе, әр ат неше км-ден шабады?
- 1кг түбіт ауыр ма, 1кг қорғасын ауыр ма?
- Көлден ұшты 40қаз,
Қайтып қонды 15 қаз
Қонбады оның нешеуі?
Кәне кім тез шешеді? - Үстел бетінің бір бұрышын кесіп тастаса неше бұрышы қалады?
- Мұзайдында 6 бала сырғанап жүрді. Олардың екеуі түскі ас ішуге кетті.Ал түстен кейін олар мұзайдынға қайта оралды. Мұзайдында қанша бала сырғанап жүр?
7 кезең Ән шырқашы. Үш топқа үш түрлі сөз беріледі. Сол сөзге байланысты ән айтуларын керек. Ана,мектеп, ұстаз
Осымен соңғы кезеңіміз де өз мәресіне жетті. Сөз кезегі әділқазылар алқасында.
Қорытынды: Топтарды марапттау.