Қазақстанның ең үздік рәміздері-Тәуелсіздіктің қасиетті нышандары, елімізідің рәміздерінің қабылданғанына 20 жыл.
Қазақстанның ең үздік рәміздері-Тәуелсіздіктің қасиетті нышандары, елімізідің рәміздерінің қабылданғанына 20 жыл.
«Таңбасыз ел болмас…» демекші, бүгінгі таңда нышансыз мемлекеттерді көзге елестету мүмкін емес. Рәміз- елдікті, тәуелсіздікті білдіретін белгі.Таңбалаудың тарихы өте тереңде жатқанын, геральдика саласынан-ақ көреміз. Таңба ұғымының ауқымы өте кең.Байрақ, мөр, таңба сөздері орта ғасыр ауыз әдебиетінен жиі ұшырасады.Мөртаңба-меншікті, билікті ажыратады.Махмұт Қашқаридың пайымдауынша, «таңба» сөзі ел билеушілерінің ерекше белгілері деген ұғымды береді. Ежелгi және ортағасырлар көшпендi халықтары жаугершiлiкте «ұран» шақырып, әр ру-тайпа өзiнiң «туын» жалаулатып шығатын болғаны бүгiнгi жалпы адамзатқа көшпендi түрiк мәдениетiнен ауысқан түсiнiк екенiн еуроорталықтық көзқарастағы тарихшылар да мойындай бастаған сыңайлы.Геральдика неміс тілінен аударылғанда «мұра» деген мағына береді. Елтаңба ілімінің атасы атанған француз тарихшысы Менестрэ орта ғасырда нышандарды зерттеу арқылы көптеген еңбек қалдырған.Өте ерте уақыттың өзінде адамдар таңбаға ерекше мән бергенін зерттеулер мен шығармалардан көруге болады.
Біз – қазақ деген мал баққан елміз,
Бірақ ешкімге соқтықпай, жай жатқан елміз.
Елімізден құт-береке қашпасын деп,
Жеріміздің шетін жау баспасын деп,
Найзаға үкі таққан елміз-деген Қазыбек бидің сөзінен «үкі» қауырсынын киелі санап, тыныштық күзетшісі ретінде елдің жағдайын ойлағаны айтылады.
Қазақтың ру-тайпаларынында да өздеріне тән таңбалары болғаны және тотемдік белгілермен тығыз байланысты екені баршамызға мәлім. Құс қауырсындарын белгі ретінде ұстанатын өзге халықтар да бар.
Бүгінгі таңда алдыңғы қатарлы елдермен терезесі тең, төрт құбыласы түгел Қазақстан Республикасының елдігін паш ететін рәміздері бар. Елбасының: «Біз тәуелсіздікке аңсап, зарығып жеттік. Енді сол тәуелсіздіктің қасиетті белгілерін ерекше қастерлеуіміз керек»-деген сөзі ұрпақтың жадында мәңгі сақталары анық.Осы күнді аңсап өткен ата-бабаларымыз арманы осы нышандарда алтын зерлі жазумен жазылғандай.
Енді бүгін өлген туым тірілді,
Әнұраным жалғап алды ғұмырды.
Босағада қалып келген Елтаңба,
Баяғыдай төріме кеп ілінді-деген өлең жолдарынан бізге Тәуелсіздік деген қасиетті сөздің қаншалықты маңызды екенін байқаймыз. Осындай бақытты кезеңді кейінгі ұрпаққа нәсіп еткен ата-баба рухы жастардың патриоттық сезімдерін шындай түспек. Қазақ халқының ғасырлар бойы, бостандық үшін арпалысқан есіл ерлер мен қыршын кеткен боздақтардың есімін кейінгі өскелең ұрпақ ұмытпауымыз керек.
Сонау Керей мен Жәнібектің тұсында Қозыбаста қазақтың кім екенін әлемге әйгілеп тігілген туымыз, сұрапыл замандарда құламай, өмірдің қатты тегеурініне төтеп бере алды. Содан бері қаншама уақыт зымырап өтсе- дағы, нышандардың түрі-түсі мен көлемі өзгергенмен, қазақ халқының еркіндікті көксеген тілектері өзгермеген еді. Үш жүздің басын біріктірген Абылайдың туының түсі «ақ» болуы әділдікті , еркіндікті меңзейді.
Ресейге 300 жылға жуық бодан болған қазақ халқы тәуелсіздік жолында қаншама бұралаң жолдармен жүруге, қыл көпірлерден өтуге мәжбүр болды.
Ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен қорғалған ұлан-ғайыр сайын далада мемлекетіміз көк туын желбіретіп, « Егеменді ел» атанғанына 20 жыл толды. Ел басының көрегенділігі мен қырағылығының арқасында Қазақстан әлемге әйгілі , алдыңғы қатарлы елге айналды.
Тәуелсіздігімізді жария ететін рәміздерді жасауда Ш. Ниязбеков, Ж. Мәлібеков, Ш.Уәлиханов сынды азаматтардың еңбегі зор. Шәкен Ниязбеков Төле бидің тікелей ұрпағы болып келетінін ескерсек, ата-баба аманатын орындаған ұлға қазақ халқының алғысы шексіз.
Суретші қазақ халқының тарихын 3 м кездемеге сиғыза бейнелеуі, оның бойындағы дарындылық пен ұлтжандылық қасиетінің үйлесімділігі еді.
Туымыздың түсі аспан текті зеңгір көк түс болуы- адалдықтың, кіршіксіз тазалық пен пәктіктің нышаны.
Көк түс – жан тыныштығын, молшылықты, татулықты білдіреді. Сонымен қатар, ежелгі түріктер де «Көк бөрі» ұрпағымыз деуінде «Көк» түсінің аспанмен тығыз байланысын білдіреді. Жалпы, қазақ халқының ұғымында «көк» түсі қасиетті болып есептеледі.
Түркi және әлемнiң өзге де халықтарындағы көк түстiң мәдени-семиотикалық тарихы бойынша тудағы көгiлдiр түс Қазақстан халқының жаңа өмірге деген ниет-тiлегiнiң бір екенін көрсетедi деуге болады.
Шұғыла шашқан күн, қалықтаған қыран бейнелері қазақтың болмысын суреттеп тұрғандай. Аспан көгінде шарықтаған қыран құс секілді, қазақ халқы еркіндікті сүйетін өжет халық екендігі анық байқалады.
Өжет халық дейтінім, қазақ ұлдарының әлемнің қақ төрінде олимпиадалық ойындарда жеңіс шыңының тұғырында тұрып, еліміздің байрағын көтеріп, ән ұранын айтқан кездердегі адам бойындағы тебіреніс пен мақтанышты сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Қазақтың атын шығарып, дүние жүзінің назарын аударған мемлекетіміздің болашағы нұр сәулелі жарқын екені аян.
Ән ұранды айту- қазақстандық азаматтардың тікелей борышы. Бұрынғы заманда тек ұрандау ғана болған. Тарихи деректерге сүйенсек, қазақ «Алаш» деп ұрандап, соғысқа кіргенін және әр ру-тайпаның өзіне тән ұрандары болғанын көреміз.
Сонымен бірге, елтаңбаның басты нышаны-шаңырық. Ол-біріліктің, елдіктің белгісі ретінде керегеміз кең, шаңырағымыз биік, болашағымыз жарқын екендігін айқындайды. Шот-Аман Уәлихановтың ой-толғауында көшпенді халықтың ұғымында бүкіл ғалам күмбез ретінде кейіптелгені баяндалады.Міне, осы алтын шаңырағымыздың астында басқа ұлт өкілдері де бейбітшілік пен келісім арқасында, тату-тәтті ғұмыр кешуде. 20 жылдың ішінде мемлекетіміз гүлденіп, «қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған» заман орнады. Олай дейтінім, дүние жүзінің түкпір-түкпірінде болып жатқан жағдайлар адам жанын түршіктіреді. 130 дан астам ұлт өкілдері, мемлекетіміздің дамуын өз үлестерін қосып, мамыржай тыныштықта өмір сүріп, елбасының бабалар салған сара жолмен бастап келе жатқан көшіне ілескенін мақтан тұтамыз.
Қанатты пырақтар қазақ халқын ғажап өмірге жетелейтін күш ретінде көрсетіледі.Қазақ халқы жылқы малын кие тұтады.Өйткені, қазақ халқының әлеуметтік жағдайы жылқы малымен тығыз байланысты. Арғы ата-бабамыз болып саналатын сақтардың «Жүйрік атты турлар» деп аталулары тегін болмаса керек. Пырақ-батылдық пен көрегенділік, ерік-жігер, еркіндік пен асқақ арман нышаны.Ширатылған мүйіз- қазақ халқының қайсар мінезін, намысын паш етеді. Намысшыл болмасақ, Қайрат Рысқұлбеков:
Қайрат деген атым бар,
Қазақ деген затым бар,
Еркек тоқты – құрбандық,
Атам десең, атыңдар –деген сөзді айта алар ма еді?!
Ажал алдында қасқиып тұрған асыл азамат бейнесі қазақ халқының жүрегінде сақтаулы.
Осындай ерлікті, елдікті мұрат тұтқан қазақ елінің бар тарихын сөзсіз жариялап тұрған рәміздерімізді қастерлеу біздің тікелей міндетіміз. Қасиетті Тәуелсіздігіміз баянды болғай!