Жас қазақтар қайдасың? Қаратау
Тақырыбы: Жас қазақтар қайдасың? Қаратау
Мақсаты:1.М.Дулатовтың «Жас қазақтар, қайдасың?», Т.Айбергеновтың «Қаратау» шығармаларымен таныстыру. 2.Ақындардың өлеңдеріндегі оқушыларға беретін негізгі идеялармен таныстыру.3.Жалынды жастарды тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: қалыпты сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, жинақтау, көрнекілік
Сабақтың көрнекіліктері: мазмұнды суреттер
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі: сабаққа даярлық.
Балалар, бір – біріңе қарап жымиыңдар, жайланып отырып, көздеріңді жұмыңдар. Менің айтқанымды іштеріңнен қайталаңдар.
Терең білім аламыз,
Күшімізді саламыз.
Маңыз беріп оқимыз,
Әр күніміздің сабағын.
ІІ Үй тапсырмасын тексеру: Туған жер. Туған ауыл. Туған ел туралы тақырыптары бойынша түсініктерін сұрау.
ІІІ Мақсат қою кезеңі: сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.
ІҮ Жаңа материалмен жұмыс:
а) Оқулықпен жұмыс: М.Дулатов туралы түсінік беру. Міржақып «Оян, қазақ» кітабында ұран салып халқын өнер-білімге шақырған. Қазақ елінің басқа жұртпен терезесі теңеліп, іргелі ел болуын көксеген.
Ә) «Жас қазақтар, қайдасың?» өлеңін мәнерлеп оқыту.
Б) Т.Айбергенов туралы түсінік беру. «Қаратау» өлеңін мәнерлеп оқыту.
Сұрақ жауап:
- «Жас қазақтар, қайдасың?» өлеңі кімге арналған?
- Ақын өлеңіндегі жастар қандай болуы керек?
- Т.Айбергеновтың өлеңінде табиғаттың қандай бөліктері сипатталған?
Дәптермен жұмыс: Көктем туралы өлең құрастыру.
ҮІ Қорытындылау
Балалар, бүгін біз не үйрендік?
Қандай ақындардың өлеңдерімен таныстық?
ҮІІ Үйге тапсырма: «Жас қазақтар, қайдасың?» өлеңін жаттау, «Қаратау» өлеңін мәнерлеп оқу.
ҮІІІ Оқушыларды бағалау