Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының әскери-саяси бағыттағы ынтымақтастығы.
Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының әскери-саяси бағыттағы ынтымақтастығы.
Әскери-саяси өзара іс-қимылдар елде қалыптасқан экономикалық, саяси, әлеуметтік, ғылыми және рухани қарымына негізделеді және мемлекеттің әскери қуатының қарымынан тікелей тәуелділікте. Соғыс шарттары бұл қарымын максималды түрде жинақтайды, ал бейбіт уақытында оны елдің қорғанысы мен қауіпсіздігін, бейбітшілікті сақтау мақсатында өзінің нәтижелі қызмет етуінің құралы ретінде пайдаланады.
Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету – Қазақстан дамуындағы стратегиялық басымдықтардың бірі. Ұлттық қауіпсіздік Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан 2030» Даму стратегиясында белгіленген алғашқы басымдық болып табылады. Сонымен бірге, қауіпсіздікті қамтамасыз ету тек әскери-саяси мәселелерге барып қана тірелмейді. Бұл жерде саяси, экономикалық, әлеуметтік, гуманитарлық, этноконфессиялық, әскери, т.б. қатерлерге қарсы тұру меңзеледі. [2: 2]
Қазіргі дүниеде жас егемен елдің тәуелсіздігіне қатер сырттан баса-көктеп кіру ықтималдылығымен ғана өлшенбейді. Осындай сыртқы қауіп-қатерден өздігінен қорғану қиынға соғады.
Қазақстанның сыртқы саясатында Ресей Федерациясына басымдық беріледі. Алайда бұл жерде Қазақстанның көзқарасы екі мемлекеттің тұрақты жағдайы халықтар арасында бұрыннан қалыптасқан байланыстар сақтала ма және экономикалық, әскери, әлеуметтік, ғылыми-техникалық және гуманитарлық өзара іс-қимылдарының қолайлы қарымдары нығая түсе ме, байланыстар мемлекетаралық интенсивті кооперацияға айнала ма дегенге тәуелді болуынан келіп шығады.
Орталық Азия мен Қазақстан Ресейдің ұлттық және әскери қауіпсіздігін қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады. Орталық Азия мемлекеттері Ресеймен шекаралас жатыр, сондықтан бұл елдермен достық қарым-қатынасты сақтау маңызды. Екінші жағынан, Қазақстан мен Орталық Азияның өзге мемлекеттері Ресеймен әскери және әскери-техникалық ынтымақтастығына мүдделі. Ресей мен Орталық Азия елдерінің, ең алдымен, халықаралық лаңкестікпен, экстремизммен, наркомафия және есірткі тасымалдаумен күрес сферасында ортақ мүдделері бар. Ресей үшін қазақстандық бағыттың өзектілігі тек ортақ шекарасы 6467 км. құрағаны жағдайымен ғана емес, сонымен қатар Қазақстан Ресеймен шектесіп жатқан жалғыз ортаазиялық мемлекет болып табылатынымен байланыстырылады. Ресейдің Қазақстанмен шекарасын күшейту және оны сәйкесінше инженерлік-техникалық құрал-жабдықтармен жабдықтау ұмтылыстары қаржы жағынан ауыртпалық түсіреді. Сондықтан дербес ұлттық қауіпсіздігінің мүддесіне орай Ресейге Қазақстан мен Ресейдің қауіпсіздігін қамтамасыз ету ісінде маңызды рөл атқаратын Қазақстанның оңтүстік шекарасын да қауіпсіздендіру маңызды. Әлемдік және аймақтық әскери держава ретінде Ресейдің геостратегиялық мүдделерін қамтамасыз етуде Қазақстанның рөлін ескерген дұрыс. [3: 16]
Мемлекетаралық және аймақтық әлемде өзекті болып есептелетін мәселелер бойынша Қазақстан мен Ресейдің көзқарастарының сәкес келуі, сөзсіз, жаһандық және аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге мақсаттанған бастамаларды өзара тиімді қолдауға ықпалдасады. Бұл жағдай қарым-қатынастардың жаңа деңгейіне көтерілуге, сыртқы саяси, экономикалық, әлеуметтік байланыстардың біртіндеп кеңеюіне, мемлекеттердің аймақтарымен бейбіт шаруашылық қатынастарының дамуына мүмкіндік берді. Олар халықтың елдердің әлеуметтік-экономикалық үдерісі үшін қолайлы жағдайлар туғызу, олардың ұлттық-мемлекеттік қауіпсіздігін қамтамасыз ету ұмтылыстарынан келіп шығады.
Алайда мемлекеттердің екіжақты қатынастары мәселесін қарастыру аймақта ұжымдық қауіпсіздікті құрудағы Ресей мен Қазақстанның орны мен рөлін талдаусыз нәтижелі болады деп айту қиын. Бұл халықаралық қатынастар жүйесінде әскери-саяси өзара ынтымақтастық маңызды орындардың бірін иеленетінімен байланысты. Осы процесте ұжымдық қауіпсіздік мәселелерін шешумен байланыстырылатын мемлекеттер, олармен құрылатын ұйымдар арасындағы көпжақты байланыстар қамтылады. Бүгінгі күннің әскери-саяси шынайылығы соншалықты, тіпті қай мемлекет болмасын өздігінен белгілі бір блоктардың күшеюіне еш кедергі жасай алмайды, осыған байланысты Қазақстан мен Ресей бірігіп жаңа әскери қауіптерге қарсы тұрарлық қажетті шаралар қабылдауы тиіс. Ұжымдық қауіпсіздік жүйесі осы мақсатқа жетудің аса нәтижелі құралы болып табылады.
Ресей мен Қазақстанның әскери-саяси бағыттағы ынтымақтастығын дамыту жоспарында Орталық Азия аймағында тұрақтылықты қамтамасыз етуде екі мемлекеттің де рөлін арттыру ең басты мақсаты етіп алған қабылданған және бекітілуге дайындалған халықаралық келісімдер шеңберінде халықаралық деңгейдегі қатынастары жүзеге асырылады.
Сондықтан Қазақстан мен Ресейдің әскери және әскери-техникалық саладағы ынтымақтастығы екіжақты негізде кең ауқымды әскери және әскери-техникалық ынтымақтастық жүргізуге мүмкіндік беретін мәртебелі нормативті базамен реттеледі.
1994 жылғы Ресей Федерациясымен әскери-техникалық ынтымақтастығы туралы Келісімі шеңберінде ғана өзара біріккен қауіпсіздікті қамтамасыз етудің кең ауқымды мәселелерін қамтыған 60-тан астам құжатқа қол қойылды. Осы ынтымақтастық екі мемлекет басшылары Н. Ә. Назарбаев және В. В. Путинмен 2003 жыл Ресейдегі Қазақстан жылы етіп жариялануымен ерекше өрісін жайды.
М. Тәжин атап өткендей: «аймақтық әскери ынтымақтастық саяси көзқарастардың ортақтығымен біріктірілген мемлекет-серіктестер арасында ғана шынайы әрі белсенді дами алады». Осы айтылған пікір арасында келеді.
Ресей мен Қазақстан қорғаныс және әскери-техникалық мәселелер бойынша әр алуан фоматтарда және масштабтарда, екіжақты және көпжақты деңгейде (ТМД, ҰҚШҰ, ШЫҰ және т.б.) қарым-қатынастар жүйесін орнатып жатыр. [3: 16]
Ресей мен Қазақстанның әскери-саяси өзара іс-қимылдары шеңберіндегі қалыптасқан қатынастар бірнеше деңгейде қызмет етеді: халықаралық деңгейдегі қатынастары; мемлекетаралық немесе саяси бағыттағы; қарулы күштер құрылымдарының министрліктері мен ведомстволарының өзара іс-қимылдары деңгейінде; делегациялар, жұмыс топтары және кеңес беру деңгейінде және т.с.с.
Халықаралық деңгейде ол Шанхай Ынтымақтастық ұйымы форматында жүргізіледі. Құрамына Қазақстан, Ресей, Қытай, Қырғызстан, Тәжікстан енген 1996 жылы шекара аймағында әскери саладағы сенімін бекіту туралы және 1997 жылы шекара аймағында өзара қарулануды шектеу туралы Келісімдеріне қол қою нәтижесінде құрылған «Шанғай бестігі» негізінде ШЫҰ 2001 жылы 15 маусымда аймақтық халықаралық ұйым болып құрылды. Яғни аз уақыт ішінде ШЫҰ шекаралас мәселелерді реттеу бойынша бес көршілес мемлекеттердің кеңес беруші органынан құрамына Өзбекстан да енген алдына халықаралық лаңкестікке қарсы тұру және сауда-экономикалық әрі инвестициялық серіктестікті дамыту міндеттерін қойған біршама мәртебелі халықаралық ұйымға айналды. Оның басым мақсаттарының бірі «аймақта бейбітшілікті, қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету мен қолдау» болып табылады. Мүше-мемлекеттер лаңкестікпен, сепаратизммен және экстремизммен күресу туралы Шанхай конвенциясын іске асыру мақсатында тығыз іс-қимылдар жүзеге асырады деп қарастырылды. [5:24-26]
Ресей мен Қазақстан әлемдік қауымдастықтың геосаяси мүдделері сферасында қала отырып, әрдайым жаңа қауіптер мен кедергі, қарсы шақыртулармен соқтығысып отырады. Олар мемлекеттердің егемендігін белгілі бір деңгейде шектеуден, трансұлттық корпорациялардың, қаржы нарықтары ықпалының өсуінен, тек экономиканы ғана емес, саясатты да, дипломатияны да, әскери істі де қамтып өтетін, бәсекелестікті қатаңсытудан көрініс табады. Жаңа қатерлер дәстүрлі қауіптерді ушықтырып қоймай, сонымен бірге жаңа қауіп-қатерді туындатады. Сепаратизм, саяси және діни экстремизм, саяси мақсаттарға жетуде қарудың күшін пайдалану, заңсыз қару тасымалы мен есірткі трафигі, жаңа формадағы құл саудасы мен өзге дәстүрлі емес қауіптер барған сайын кең таралып жатыр. Қуатты, күшті болғанның өзінде, бірде-бір мемлекет өздігінен бұларға төтеп бере алмайды. Сондықтан көптеген мемлекеттердің, сонымен қатар осы екі мемлекеттің алдында өзара күш-жігерін біріктіру қажеттілігі туды.
Елдердің байлығы мен өзге мемлекеттердің кедейлігі арасында жоғалып кету құбылысы жиілей түсті. Бұдан жаһанжану жағдайында экономиканың, саясаттың және әскери стратегияның өзара қарым-қатынасының ерекшелігі көрініс табады. Сондықтан жаһанданудың жемістерін пайдалана отырып, оның қолайсыз жақтарын көру, барлық елдер мен халықтардың мүдделері сәйкес келмейтінін және бұл қайшылықтарды шешуде елдер қарудың күшіне бой алдыратынын түсінген жөн.
Қазақстан мен Ресейдің қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндеттерін шешудің маңызды факторы Орталық Азияда кеңейтілген қауіпсіздік жүйесін құру болуы мүмкін еді. Бұл жерде ШЫҰ әскери құрамға ие емес екенін және экономикалық қатынастардың дамуына ғана бағытталғанын ескерген дұрыс. Бұл блоктың құрылуы өзге альянстарға қарсы бағытталмауы тиіс. [1: 14]
Әрине әр блок өзінің белгілі бір мақсаттарына байланысты қарым-қатынастар жүйесін құрады. Сол мақсаттар мемлекеттердің көздеген өз мүдделеріне де сәйкес келуі мүмкін. Сондықтан блоктың құрылуында мемлекеттердің тарихи, экономикалық, мәдени, яғни жан-жақты жақындығы маңызды орын алады. Соның ішіндегі маңызды факторлардың бірі геосаяси жағдайы деп білеміз.
Ресей өзінің Орталық Азиядағы геосаяси ықпалын нығайтуға мүдделі, өйткені бұл, біріншіден, өзі ядросы болып табылатын ТМД шеңберінде қалыптасқан күштерге төтеп беруге мүмкіндік береді; екіншіден, Ресейдің мүдделері бұл жерде анағұрлым кең ұсынылып отыр. Оған стратегиялық табиғи ресурстарға жолын қамтамасыз ету, аймақтың нарығын сақтау мен лаңкестік, экстремизм, есірткі, қару-жарақ секілді тұрақсыздандырушы элементтерді жою жатқызылады.
Қазақстанның ШЫҰ-на енуі Орталық Азия аймағында Қазақстанның да, Ресейдің де күшеюінде маңызды рөл атқарады. ШЫҰ-ның қызметі аясында өзінің әскери-саяси ресурстарын және оған достық қатынастағы Қазақстанның ресурстарын дұрыс пайдалану бүгінгі күні туындап жатқан кедергілер мен қауіптерге қарсы тұрудың жаңа мүмкіндіктеріне жетуге және әлемдегі әрі аймақтағы жалпы жағдайға ықпал етуге мүмкіндіктер ашады.
Қазақстанның Ресеймен қауіпсіздікті қамтамасыз ету іс-қимылдарының тағы бір деңгейі ҰҚШҰ шеңберінде жүзеге асырылады. Ресей мен Қазақстанның ҰҚШҰ және оның көптеген құрылымдары шеңберіндегі ынтымақтастығы өте маңызды. ҰҚШҰ 1992 жылғы 15 мамырда бес жыл мерзімге (одан әрі ұзарту жағын ескере отырып) құрылған еді. Оған қазіргі күні Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан мүше болып табылады. Ұжымдық қауіпсіздік ұйымы 1995 жылғы 1 қарашада Біріккен Ұлттар Ұйымының Хатшылығында тіркелген. 1999 жылғы 2 сәуірде Мәскеуде өткен Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің сессиясында ҰҚШҰ жөніндегі шартты ұзарту туралы хаттамаға қол қойылды. [4:1]
Қазіргі уақытта Ресей мен Қазақстан 2002 жылдың 7 қазанында Кишинев қаласында қол қойылған ҰҚШҰ-ның Жарғысы мен оның құқықтық мәртебесі туралы Келісімнің күшіне енуі бойынша мемлекеттілік қажетті шараларды аяқтады (2004). Сөйтіп, ҰҚШҰ халықаралық аймақтық ұйым мәртебесіне ие болды. ҰҚШҰ бұрынғы Варшава шарты үлгісімен құрылған. Оның штаб-пәтері мен қарулы күші сонымен қатар мүше мемлекеттердің кез келгеніне қарсы агрессияны бірігіп қайтару құжатпен бекітілген міндеткерлігі ортақ.
Ұжымдық қауіпсіздік Кеңестің Ереванда 2001 жылдың 25 мамырында өткен сессиясында қабылданған құрамында «Қазбат» қазақстандық шабуылшы батальоны бар, Қазақстан мен Ресейдің жақсы дайындалған бөлімшелері маңызды рөл атқаратын Орталық Азия аймағының Жедел күшейту Ұжымдық күшін құру шешімі маңызды болып табылады. Бішкек қаласында әскер орналастырудың басқарма органдары құрылды. Штаб топтамаларына қызметке квоталық жолмен қазақстандық офицерлер де жіберілді. Қазақстан Президенті Н.Назарбаев Орталық Азия аймағында ЖӨҰК құру фактісін жоғары бағалады. Ол күштерді құру, ЖӨҰК қалыптасуы туралы, сол күштерді басқармасын ұйымдастыру туралы шешім шын мәнінде ілгері секірісіне айналды деп атап өтті. [3: 16-17]
Осылайша Ұжымдық Қауіпсіздік туралы Шарт Ұйымы қызметі барысында Орталық Азия аймағының Ұжымдық күштерін жедел орналастыру әскери құрылымының құрылуы, қалыптасуы мен дамуында белгілі бір тәжірибе жинақталды. Болашақта ол осы стратегиялық маңызды бағыттағы аймақтың әскери тобының негізіне айналуы мүмкін еді.
Жалпы Орталық Азия елдері үшін ҰҚШҰ, шын мәнінде, аймақтық қауіпсіздік жүйесінде екінші деңгейге айналған. Мемлекеттердің кең ауқымын қамтитын бірінші деңгейде Шанхай Ынтымақтастық ұйымы орналасқан. Сөйтіп, аймақтық қауіпсіздіктің жүйесі құрыла бастады. Бұл негізінен жөнді құбылыс, өйткені ҰҚШҰ-ға енетін Орталық Азия мемлекеттері ШЫҰ-на да кіреді.
ҰҚШҰ-ның нәтижелі жұмысы үшін оны Орталық Азия аймағында бейбітшілікті сақтауға ұмтылатын және әскери-саяси саладағы ынтымақтастығының көптеген мәселелері бойынша ортақ көзқарастарын көрсететін мемлекеттердің қуатты блогына айналдыруда жетекші рөл атқаратын Ресей мен Қазақстанның белсенді ат салысуы маңызды болып табылады.
Ресей мен Қазақстанның әскери мүмкіндігі ҰҚШҰ-ның әскери мүмкіндігінің маңызды құрамды бөлігі болып табылады және осы ұйымға сыртқы агрессиядан сақтаушы фактор рөлін ойнауға мүмкіндік береді. Ресей мен Қазақстанның геосаяси жағдайы, мәдени-тарихи жақындығы қолайлы және болашағы зор интеграциялық процестердің дамуына жол ашады. [1: 15]
Бұдан басқа Ресей мен Қазақстанның өзге құрылымдар негізіндегі ынтымақтастығын да қарастыруға болады. Өйткені екіжақты қарым-қатынастар тек халықаралық деңгейдегі ұйымдар шеңберінде ғана емес, жоғарыда атап өткеніміздей аймақтық, мемлекетаралық, ведомствоаралық деңгейде де дамиды. Сондықтан осы жағынан қарастырайық.
Ресей мен Қазақстан мемлекеттерінің Антитеррористік орталығына енетін атқарушы биліктің және құзыретті органдардан алынатын оперативті ақпаратты өңдеу мен реттеу бойынша мемлекетаралық, ведомствоаралық болып табылатын ТМД мүше мемлекеттерінің антитеррористік орталығы аясында сәтті ынтымақтасуда. Аталған құрылым Ресей мен Қазақстанға ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге ортақ жолдар қалыптастырып, жүзеге асыруға және террористтік сипаттағы пайда болатын қауіпсіздіктерге дұрыс қимылдауға мүмкіндік берді. ТМД мүше мемлекеттердің Антитеррористтік орталығының жетекшісі Б.А.Мельников осындай ынтымақтастық қауіпсіздіктің мемлекетаралық икемді жүйенің, олардың территориясында қалыптасып жатқан барабар әскери-саяси жағдайдың қалыптасуына және қаржы-экономикалық және әскери-саяси облыстағы интеграциялық байланыстардың күшеюіне ықпалдасады.
Қазақстан мен Ресейдің ШЫҰ аясында іс-қимылдарын бағаламауға болмас. ШЫҰ аймақта маңызды тұрақтанушы ролін атқарады және оның шеңберінде Антитеррористік орталықпен тығыз байланысы орнаған дербес антитеррористік құрылымдар біртіндеп қалыптасып жатыр.
Қазақстан мен Ресей ынтымақтастығының анағұрлым нәтижелі де қолайлысы екі жақты негіздегі қарым-қатынасы болып табылады. Екі жақты түрде көптеген мәселелер анағұрлым жедел шешілуіне мүмкіндік бар. Екі мемлекетке де ең күрделі мәселелер бойынша ымыраға келу оңай.
Екі жақты қазақстандық-ресейлік қарым-қатынастардың маңызды бағыттарына жатқызуға болады:
- Әскери және әскери-техникалық саладағы өзара жоспарлауы;
- Қазақстандық және ресейлік армия бөлімелерінің бірлескен әскери білім алу;
- РФ-нің Қорғаныс Министрлігінің әскери-білім беру орындарында қазақстандық армия үшін мамандар даярлау;
- Ресейден Қазақстанға жаңа әскери техника мен құрал-жабдық жеткізу;
- Әскери қару-жарақтарды бірігіп өндіру;
- Әскери-ғарыштық ынтымақтастығы.
Әскери және әскери-техникалық саладағы өзара жоспарлаудың дамуы зор маңызға ие. Осы салада екіжақты келісімдер жасалған. Атап айтқанда, 2003 жылдың 9 шілдесінде Қазақстан мен Ресейдің қорғаныс министрлері М. Алтынбаев пен С. Иванов өзара қауіпсіздікті сақтау мақсатында әскерді қолдануды бірігіп жоспарлау туралы екіжақты келісімнің жобасын бекітті. Аталған келісім екі елдің қорғаныс министрліктеріне және бас штабтарына әскерді дайындау мен пайдалану сауалдарында ынтымақтастығын одан да тығыз дамытуға мүмкіндік береді. Кейбір ресейлік мамандар Ресейдің осы саладағы ұзақ мерзімді мақсаттары туралы ашық сөз қозғайды. Осылайша Д. Трофимов: «Орталқ Азияны Ресейге ұзақ мерзімге байлап жақындастыру мақсатында біртұтас әскери-техникалық кеңістікті (яғни ресейлік оперативті-техникалық стандарттарын), соның ішінде оперативті жоспарлау әдістемесін, кодтарын, қарулы күштерінің құрылу негіздерін, әскери құрал-жабдықтары мен қару-жарақтарын сақтау қажет,» — деп жазған. [3: 16-17]
2006 жылдың 4 сәуірінде мемлекет басшысы Н. Назарбаевтың РФ-на ресми сапары кезінде жеті құжатқа қол қойылды. Олардың төртеуі Қазақстан территориясында әскери және ғылыми полигондар мен орталықтарды пайдалану туралы келісімдер еді:
- 4-ші Мемлекеттік орталық полигонды пайдалану туралы хаттама, оған ҚР-ның Батыс Қазақстан облысы территориясында орналасқан әскери объектілер мен алаңдар жатқызылады;
- 1995 жылғы 20 қаңтарынан Ресей Федерациясының қорғаныс Министрлігінің 929-шы Мемлекеттік ұшу-сынақ орталығын (Қазақстан Республикасы территориясындағы объектілер мен әскери алаңдар, орталықтың бір бөлігі Ресейдің Астрахань облысында орналасты) пайдалану тәртібі туралы Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасы арасындағы Келісімге толықтырулар мен өзгертулер енгізу жөніндегі хаттамасы;
- 1995 жылдың 20 қаңтарда жасалған Ақтөбе облысының территориясындағы Эмба полигонын пайдалану мен жалдау шарттары туралы Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасы арасындағы Келісімге толықтырулар мен өзгертулер енгізу туралы хаттама;
- 1995 жылдың 20 қаңтарында жасалған Жезқазған, Жамбыл, Ақтөбе және Қызылорда облыстарының территорияларында орналасқан Сары-Шаған сынақ полигонын пайдалану мен жалдау және Приозерск қаласының тұрмыс тіршілігін қамтамасыз ету шарттары туралы Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасы арасындағы Келісімге толықтырулар мен өзгертулер енгізу туралы хаттама.
Бұл тағы бір мәрте екі мемлекет арасындағы өзара сенімді қатынастардың және екі тарапты да қанағаттандыратын мәселенің шешімін табу мүмкіндігінің барын растайды. [1: 19]
Бастапқы егемендікке қол жеткізілген уақытта, елдің әскери және әскери-техникалық күш-қуаты жоғары деңгейде болды деп айта алмаймыз. Сондықтан осы саласын жетілдіру мақсатымен мемлекет басшысының бастамасымен Ресеймен әскери саладағы тәжірибесін алмасу туралы келіссөздер жүргізіле бастады.
Қазақстан армиясы үшін мамандар даярлау мәселесі екі мемлекетпен өзара теңдік пен құрмет көрсету қағидалары негізінде шешіледі. Қазақстан Республикасының әскери қызметшілері арнайы квотамен (оқу – ресей тарапы есебінен, тұруы – қазақстандықтар есебінен) Ресей Федерациясының Қорғаныс Министрлігі әскери- білім мекемелерінде білім алады. 2002 жылы Ресейге білім алуға Қазақстан Республикасының жоғары командалық құрамның, офицерлердің және курсанттардың 150 өкілі жіберілді, ал 2003 жылы бұл квота 250 адамға дейін өсті. Ресейдің Қорғаныс Министрлігінің 43 жоо-нда барлығы шамамен 1500 әскери қызметшілер, соның ішінде жоғарғы офицерлік құрам білім алды. Біздің отандастарымыз ТМД елдерінен әскери қызметшілерінің Ресейде білім алып жүргендердің 1/3 бөлігін құрайды. Қазақстандық әскери білім беру мекемелерінде ресейлік мамандар дәріс оқитыны туралы да келісімге қол жеткізілді. [3: 16-17]
Бүгінгі күні Ресей мен Қазақстанның сәтті өзара іс-қимылдары, мемлекет басшылары арасындағы сенімді қатынастар және олардың жиі кездесулері екі мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету сауалдарын қоса есептегенде, көптеген аймақтық әрі жаһандық мәселелерді шешуге ықпалдасады. Осындай аз уақыт ішінде екі мемлекеттің әскери-саяси бағыттағы көптеген келісімдерге келуі үлкен атқарылған жұмыс. Және де осы жинақталған зор ауқымды тәжірибе одан әрі жалғасын табатыны анық. Сондықтан Ресей мен Қазақстан өзара әскери ынтымақтастығының әр алуан формаларына қызығушылық танытуда, өйткені Қазақстан мен Ресейдің қорғаныс қабілетін арттыру міндеті бүгінгі күні мемлекеттердің тек ортақ күшімен ғана шешілуі мүмкін.
Әдебиеттер:
- Касымова Б. «Военно-политические взаимодействие России и Казахстана» // Мысль 2007 жыл №7.
- Мұса С. «Қазақстанның ұлттық қауіпсіздігі басымдықтарында Шанхай ынтымақтастық ұйымының алатын орны айтарлықтай» // Егемен Қазақстан 2005 ж. 8 шілде.
- Скаковский Л. «Казахстанско-российское сотрудничество как фактор национальной и региональной безопасности» // Саясат 2004 жыл №6
- «Ұжымдық қауіпсіздік ұйымы күш алып, өңірлік және халықаралық тұрғыда беделі артып келеді» // Егемен Қазақстан 2005 жыл 24 маусым 1б.
- «ШОС: на основе полного доверия» // Астана 2005жыл №4, 24-26 бб.