Топтық жұмыс Джигсо әдісі.
Күні | 04.04.2014 ж | |||
Тақырыбы | Топтық жұмыс Джигсо әдісі. | |||
Жалпы мақсаты | Джигсо әдісі туралы түсінік Джигсо әдісін қалай тиімді, нәтижелі ұйымдастыруға болатыны жайлы түсіндіру Топтық жұмыстың тиімділігін түсіндіру. Топ ережесін шығару. | |||
Оқу нәтижесі | Топтық жұмыс туралы және Джигсо әдісі жайлы мәлімет алады; Топтық жұмыстың маңыздылығы жайлы ой қорытады; Терминдерге түсініктеме бере алады;Топ ережесін жасап шығарды. | |||
Түйіндеме | Топтық жұмыс- нәтижеге немесе мақсатқа жетуге ықпал етуге бағытталған өзара әрекеттестік құрылымы; Топтық жұмыс – Бұл бәсекелестік емес ынтымақтастық.Джигсо әдісі ауқымды материалдарды игеру тәсілі. | |||
Ресурстар | Проектор, интерактивті тақта, топтық жұмыс бойынша карточкалар, суреттер, сызбалар, постер. | |||
Жаттығу | Топтарға а) Топтық жұмыс туралы, Джигсо әдісі туралы ереже оқылды; б) Интерактивті тақта арқылы мәтінді көрсету; в) Ролдік ойын. | |||
Уақыты | Тренер әрекеті | Тыңдаушылар әрекеті | Бағалау | Диференциация |
1300-1305 | Топқа бөлу, сәлемдесу | Суреттер бойынша бөлінеді | Топтағы мұғалімдердің қарым-қатынасын бақылайды | |
1305-1315 | Психологиялық қолайлы ахуал орнату. Бейнежазбадағы биді бірге қайталау.Постер қорғау. Топтық жұмыс дегеніміз не? | Бейнежазбадағы биді бірге қайталады. Постер қорғады. | Сыныпта психологиялық қолайлы ахуал орнайды. | |
1315-1345 | Мәтінмен жұмыс жасау | Оқылым. Джигсо әдісінің маңызы | Джигсо әдісін қолдану-дың нәтижесі қандай болатыны жайлы сұрақтар қойылады. | |
1345-1400 | Түсінгенін топ болып қорғау | Топ блып қорғайды | Жауабына байланысты пікір айтылады | |
1400-1410 | Топтағы ролдермен таныстыру | Өз ролімен жеке танысады | ||
1410-1425 | Жұптық, топтық талқылау | Өзара талқылайды,топта түсіндіреді. | Талқылау барысын бақылау | |
1425-1430 | Кері байланыс, жазбаша | Стикерге сабақ туралы өз ойларын жазады. | Формативті бағалау білімді қалыптастырады, ынталандырады |