Оқушыларды қазіргі мәдениет талабына сай кәсіпке даярлаудың мүмкіндіктері
1.3. Оқушыларды қазіргі мәдениет талабына сай кәсіпке даярлаудың мүмкіндіктері
Даярлау — оқыту үрдісінің дамуын қамтамасыз ететіндіктен оның ұйымдастырылуы мынадай кәсіби талаптарды қанағаттандыруы қажет:
- Бұйымның практикалық сипатын
- Практикалық тапсырмаларды орындау мен алған білімді қалыптастыруда еңбектің шығармашылық бағыттылығын.
- Еңбек іс — әрекетінің жалпы тәсілдерін
- Дәстүрлі оқытуымен қатар ауыл мектептерінде белгіленген варианттар мен жеке дара оқытуды жүзеге асыру.
Себебі оқыту процесі нәтижесінде технология жетістігі оқушы игілігіне айналады. Қазіргі заман мәдениетін бағдарлама негізінде жүзеге асыру үшін алдымен оны тереңінен зерделеу қажет. Технологияны білім құрылымының дербес элементі ретінде қарап, оған сипаттама беру қажет. Бұл жерде В.В.Краевскийдің пікрін негізге алуға болады. Автор білім мазмұнын әлеумеуттік тапсырыстың педагогикалық моделі деп санайды. Білім мазмұны өзінің әлеуметтік маңызына орай педагогикалық мән — мағынаға ие. Осыған орай оқу заңдылықтарына тәуелді келеді. Қазіргі кезде оқу пәндерінің циклі жекеленген оқу пәндерінен тұрады, яғни ол технология, техникалық сызу және материалдарды жүргізу сияқты пәндерді қамтиды. Мұның бәрі, сайып келгенде, адамның кісілік келбетін жоғарылата түседі. Сондықтан да, мектеп қабырғасында оқушыларды қазіргі заман мәдениеті талаптарына сай кәсіпке даярлауда білім мазмұнының мынадай блоктарын бөліп алып, бұларды шартты түрде былайша топтастыруға болар еді:
- әлеуметтік — гумантарлық даярлық;
- ғылыми даярлық;
- эстетикалық даярлық;
- физикалық даярлық;
- арнайы даярлық;
- оқушының өз таңдауы бойынша оқытылатын пәндер. Мұнда үшін алдымен Республикалық деңгейдегі өзгерістер мынадай факторлармен өлшенеді.